Басы » Дене шынықтыру » Футбол ойыны. Допты алып жүру және беру әдістерін бекіту

Футбол ойыны. Допты алып жүру және беру әдістерін бекіту

futbolla
Фото Аламан сайтынан

 Қали Мұханов

Қаратөбе мектеп – гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Уақыты: 45 мин.

Орны: Спорт алаңы.

Құралдар: Футбол доптары,секундамер,жалауша, ысқырық,кеглилер.

Түрі: Үйретушілік.

Әдісі: Топтық,практикалық.

Сабақтың тақырыб. «Футбол ойыны.Допты алып жүру және беру       әдістерін бекіту»

Сабақтың мақсаты:

  1. Қозғалыс қасиеттерін дамыту(жылдамдығын,күшін,

ептілігін,секіргіштігін,шыдамдылығын.)

  1. Допты беру және алып жүру әдістерін бекіту.

  2. Сабақ үстінде оқушының техникалық әдістерге,тәртіпке,еңбекқорлыққа деген жауапкершілігін тәрбиелеу.

 

С а б а қ т ы ң   м а з м ұ н ы.

Уақы-ты.

Әдістемелік нұсқаулар.

1.

2.

3.

4.

І. Әзірлік бөлімі.

1. Сапқа тұру.Рапорт беру.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Саптағы жаттығулар.

3. Арнайы жүріс:аяқтың ұшымен,өкше- мен,аяқтың сыртқы жынымен,жартылай отырып,толық отырып.

12 мин.

1 мин.

30 сек.

3 мин.

Оқышының сыртқы пішініне,саптық жатты-ғуларды дәл орындауына назар бөлу.

Қол жоғарыда,желкеде,алда,тізеде.

4. Арнайы жүгіру: тізені жоғары көтеріп, аяқты артқа бүгіп,аяқты алға сермеп, оң, сол жақ бүйірмен,бір аяқтан,бір аяққа секіріп,артқа қарап жүгіру.

3 мин.

Қолдың қалпына,жатты-ғудың дұрыс орындалуына мән беру.

5. Аяқты жиі басып жүгіру:

2-3 рет

Бір бұрыштан,екінші бұрышқа.

6. Жүріп келе жатып секіру:

4-6 рет

Жылдам әрі күшті тебініп.

7. Жүріп келе жатып оңды,солды секіру:

4-6 рет

Секіргенде екі аяқ бір жерде болуға тиіс

8. Аяқты қайшылап оң жақпен,сол жақ- пен жүгіру:

4-6 рет.

Екі аяқтың қозғалы-сына назар салу.

9. Жәй бастап жылдамдатып жүгіру:

4-6 рет.

Ең күшті шапшаң –дықпен.

ІІ. Негізгі бөлім.

30 мин.

  1. Допты алып жүру және әріптесіне беру.

  2. Көрсету,түсіндіру.

Жаттығуды тізбеке тұрып,қарама – қарсы

15-20 м тұрып орындау.

А) Ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне,аяқтың іш жағымен беріп,өз тізбегінің ең соңына барып тұрады:

7 мин.

Допқа аяқты екі рет тигізіп беруге тиісті.

Ойыншылар уақы- тында орын алмасты-туға тиісті.

Б) Ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне,аяқтың іш жағымен беріп,жыл-дам қарсы тізбектің соңына барып тұрады:

7 мин.

Допты аяққа екі рет тигізіп беруге тиісті.

Бір тізбектен екінші тізбекке орын алмас-тыру өте шапшаң- дықпен өтуге тиісті.

В) Бір –біріне қарама-қарсы екі тізбек,ор-тасында бір ойыншы,сол ойыншы өзіне келген допты аяқтың ішіменен,оған доп берген ойыншымен ширетпенен доп алмастырады:

8 мин.

Ойыншылардың доп беру кезінде уақы-тында орын алмас-тыруы.Ортадағы ойыншы 1 минут өткесін басқа ойын-шымен орын алмас-тыруы керек.

Г) Тізбектегі ойыншылар алма – кезек лопты жіргізу,кеглилерді айналып өту,басқа ойыншыларға допты беру жат-тығуларын орындап,тізбектің соңына барып тұрады.

8 мин.

Допты жүргізу кезінде басын жоғары ұстап допты да,айналадағылар-ды да көтуге міндетті.

ІІІ. Қорытынды бөлімі.

3 мин.

  1. Тынысалуға арналған жаттығулар.

  2. Жаттығулардың орындалуына қысқа шолу жасау.

  3. Оқушыларды бағалау.

  4. Үйге тапсырма: пресс дамыту жат- тығуы,кермеге тартылу,жүгіру және секіру жаттығулары.

1 мин.

1 мин.

30 сек.

30 сек.

Үздік оқышыны бөліп айтып,сабақ үстінде кездескен жақсы,нашар кездеріне назар аудару.

Тәртіпке және басқа да кемшіліктерге назар аудару.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *