Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№34 А.Тайманов атындағы мектеп-гимназия
Ахбулатова Майра Берикона — жоғары санатты тарих пәні мұғалімі
Батыс Түрік қағанаты (603-704)
Мақсаты:
-
Білімділік: Түрік империясының құрылуы және Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, ыдырау себептері, саяси тұлғалары туралы түсініктері мен білімдерін қалыптастыру;
-
Дамытушылық: Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру;
-
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында елжандылық, отанға деген сүйіспеншілікті тудыра отырып, ұлы тұлғалардың өмірімен қызметін үлгі тұту.
Сабақ типі:жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақ әдісі:сұрақ — жауап, тірек — сызбалар, кестемен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: оқулық, карта, тест, сөздіктер жинағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. §1.Түрік қағанаты (552-603жж.)
І тапсырма.«Ойды аяқта»
1.Теле немесе тирек -2. Қонаққа қойдың басын тарту –3.Киіз үй –4.Отқа табыну –5. Түрік қағанатының билеушілері, Олар –6.Түрік қағанатының шаруашылығы –
ІІ тапсырма. Дискуссиялық өрнек толтыру.
келісемін |
келіспеймін |
|
Теле сөзінің мағынасы |
+ |
|
552ж. Бумын «Елхан» атағын алды |
+ |
|
552-554жж. Қара Еске кезінде жужандар толық жеңілді |
+ |
|
Талас қаласынан қыстақтар табылды |
+ |
|
605ж. Түрік қағанаты 2-ге бөлінді |
+ |
ІІІ тапсырма. Тест.
1.Түркі тайпаларының ерте феодалдық мемлекеттері аталды
А.Қағанат В.Хандық С.Әмірлік Д.Патшалық
2.Теле сөзінің мағынасы
А.Ұйғыр В.Қарлұқ С.Түрік Д. Оғыз
3.552ж.таққа отырған түрік қағаны
А.Мұқан В.Иштеми С.Қара Еске Д.Тобо
4.Жужандар Түрік қағанатынан түпкілікті жеңілді
А.Бумын кезінде В.Мұқан кезінде С.Тобо кезінде Д.Иштеми кезінде
5.Түрік қағанатына жібек матамен салық төлеп тұрды
А.Қытай билеушілері В.Парсы билеушілері С. Орыс патшалары
Д. Византия билеушілері
6.Мұқан қағаны қаза болғаннан кейін таққа отырды
А. Бумын В.Қара Еске С.Тобо Д. Иштеми
7.563-567жылдары түріктер жаулап алды
А.Эфталитеттерді В.Византияны С.Иранды Д. Қытайды
8.Түріктердің алғашқы кездегі жерлеу рәсімі
А.Мәйітті өртеп, күлін қойды В. Қол-аяғын бүгіп жерледі
С.Құз-жартастың басына жерледі Д. Өртеп күлін суға ағызды
9.Түрік қағанаты екіге бөлінген уақыт
А.301ж В.602ж С.603ж Д.604ж
Жауабы: А, С, С, В, А, С, А, А, С.
Жаңа сабақ:§2.Батыс Түрік қағанаты (603-704)
Жоспары: 1. Батыс түрік қағанатының жер аумағы.
2. Қағанаттың этникалық құрамы.
3. Қағанаттың саяси жағдайы.
4. Қағанаттың әлсіреуі.
5. Шығыс түріктері.6. Қағанаттың әлеуметтік жағдайы.
І.Қызығушылығын ояту.
Электронды оқулықтан үзінді тыңдата отырып, картадан Батыс Түрік қағанатының аумағын көрсеті.
-
Жер аумағы.
Оңтүстік –шығысында Іле, Шу өзендерінен солтүстік-батысындаЕділ, Кубань өзені төменгі ағысы, солтүстік-шығысында Есіл, Ертіс өзендерінің жоғары ағысы аралығы.
Астанасы-Суяб – Шу бойында
Жазғы ордасы-Мыңбұлақ – Жамбыл жерінде.
-
Этникалық құрамы.
kk.wikipedia.org/wiki/Батыс_Түрік_қағанаты атты бейнеролик көрсетіледі.
Саяси жағдайы. Жылдар сөйлейді.
603-610 жж – Тардуш басқарды
610-618жж – Шегу биледі
618-630жж – Тон қаған билік құрды
627ж – Византияға көмек үшін қол аттандырды
630ж — қағанатта билік үшін талас басталды
634ж — нушебилер қолдауымен Ешбар Елтеріс басқарды
640-657жж – қағанат әлсіреді
659ж – Қытай мемлекеті Жетісуға басып кірді
VIIғ аяғы- VIIIғ. басы – түргеш тайпасы қағаны Үшлік
Таң империясымен соғыста беделге ие болды
704ж – Батыс Түрік қағанаты құлады
Шегу қаған қағанат аумағын шығыста
Алтайға дейін, батыста Памир тауына
жеткізді
Қағанаттың әлеуметтік құрылымы.
Шаруашылығы:
Маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы .Испиджаб, Алмалық, Тараз, Талхир т.б. Қалалар дамыды. Қолөнер өркендеді, сауда дамыды.
Жаңа сабақты бекіту.
І тапсырма. Картамен жұмыс.
Батыс Түрік Қағанатының территориясын, астанасын көрсет.
ІІ тапсырма. Адаспай тап.
А. Жазғы Орда 1. Суяб
В. Астана 2.Мыңбұлақ
С.Алғашқы қаған 3.Тон
Д. Шегу 4.610-618жж
Е. 603-704жж 5.Батыс түрік қағанаты
Г.Сот ісін басқарды 6.Тархан, бұрық
Ж.Қара бұдұн 7.Қарапайым халық
Бағалау.
Үйге тапсырма:
§2. Батыс Түрік қағанаты (603-704жж.)
-
Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау;
-
Түрік қағанаты мен Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайын Венн диаграммасы бойынша түсіндер;
-
Шығыс Түрік қағанаты бойынша презентация дайындау.