Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«№11 мамандандырылған физика-математика мектебі» мемлекеттік мекемесі
Коуч: Қанкошекова Гүлжан Дүйсембайқызы
«Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі»
Коучинг сессия жоспары
«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі түрлі әдісті білу: керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»
15.09.2014 |
Апта: дүйсенбі |
Сабақтың тақырыбы: |
Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі |
Сілтеме: |
Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41-49 беттер Интернет желісі |
Оқу нәтижесі: |
Сын тұрғысынан ойлауды оқу процесінде қолдана білулеріне ықпал ету,бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау, талапқа сай өлшемдерді қолдану дағдыларын дамыту,топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. |
Түйінді идеялар: |
Сын тұрғысынан ойлай отырып, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту |
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Үлестірмелі материалдар, А3 қағазы, стикер, АКТ,түрлі-түсті магниттер |
Оқыту әдістері: |
Миға шабуыл Жеке жұмыс Блум таксономиясы Критериальды бағалау Кері байланыс |
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімнің іс-әрекеті
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
5 мин. |
«Ақ тілек» Түрлі –түсті стикерлерге әр түрлі сөздер жазылады және мұғалімдерге таратылып беріледі. Мысалы: қалам, кітап, айна,муза т.с.с.. |
Мұғалім өзінің оң жағындағы әріптесіне стикердегі сөзді қатыстырып, тілек айтады . |
2 мин |
Топқа бөлу. Стикерде жазылған «мектеп» және «өнер» тақырыбындағы сөздер бойынша топқа бөлу. |
«Мектеп» тақырыбына қатысты сөздер бірінші топ, ал «өнер» тақырыбына қатысты сөздер екінші топ болады. |
5 мин |
БІЛУ Сен білесің бе?» Бұл кім деп ойлайсыздар? Қай саланың маманы? Сүйікті ісі (хоббиі) не деп ойлайсыздар? |
Жасырылған суретті табуда, ой-пікір айтуда белсенділік көрсету. Коуч ұсынған «көпіршелерді» тиімді пайдалану арқылы ойды шоғырландыру және жинақтау |
10 мин |
Түсіну «Ол кім?» деген сұрақ қойылады. Екі топ ментальді карта ұсыну
|
Ерболат Тоғызақов кім деген сұраққа жауап іздеу. («Шал» киносы басты кейіпкері) Екі топ ментальді карта құру |
10 мин |
Қолдану Видеокөрсетілім арқылы диалогті жалғастыру. «Шал» фильмінен үзінді көрсетіледі. Фильм жартысынан үзіліп,қалған бөлігін әріптестеріме өз ойларынан жалғастыруды ұсынамын. |
1-ші топ ер баланың, 2-ші топ атасының айтқандарын өз ойларымен жалғастырады. Соңынан фильмнің үзіндісінің толық нұсқасын көріп, өз құраған диалогтарерімен сәйкестестігін анықтайды. |
5 мин |
Талдау Топтарға бір-бірінен сұрақтар қоюды ұсынамын. |
«ШАЛ» фильмі жайлы топ бір –біріне сұрақтар қояды. |
5 мин |
Жинақтау «Топтық поэма» |
Жеке жұмыс орындалады. Ақ парақтың жоғары бөлігіне қатысушы өз аты-жөнін жазады. Әр қатысушы өлеңнің бір шумағын жазып, келесі адамға береді. Ол адам өз қатарын жазып келесіге береді. Осылайша жалғасып, соңынан бір шумақ өлең жазылады. Ең соңында қатысушылар өз өлеңінің қай жағдайға түскенін көреді. |
3 мин |
Бағалау Ортақ критерий ұсыну. |
Екі топ бірін-бірі бағалайды,өз ой-пікірімен бөліседі. |
5 мин |
Теориялық білім (қорытындылау) А) сын тұрғысынан ойлау Б) сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясынан айырмашылығы С) диалог түрлері, әңгіме |
Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтініне қатысты өз сұрақтарын қояды, өз ой-пікірлерін айтады. |
5 мин |
Кері байланыс Эссе жазу. «Менің алған әсерім» |
Коучинг-сессиядан алған әсерін эссе етіп жазады. |