Басы » Тарих » Жездімнің тарихы

Жездімнің тарихы

ep-afFy-ILIКулажанова Асем Диханбаевна

Тақырыбы: «Жездімнің тарихы»

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру.
2. Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға үйрету.
3. Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру.
Кіріспе Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге де Кен махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туғ�н елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.
-Айпырай! Туған жер-ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым –ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, — деп ақиық ақын М.Мақатаев жырлағандай, оқушылар өздерінің кіндік кескен, туып-өскен мекенін қастерлей, оның тыныс-тіршілігін, тарихын, мәдениетін, экономикалық хал –ахуалын, зиялы қауымын, еңбек ерлерін, асқар таудай ақсақалдарын, абзал аналарын мақтан ете отырып, туған жердің болашағы жөнінде нақты деректермен ой толғамақшы.
Сұлу дала!Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, — дей келе тәрбие сағатымызды ашамыз. Көркемсөз « Туған жер » .Қазіргі ауыл туралы
Қазір ауылда 1 әкімшілік, 2 мектеп, 1 дәрігерлік бөлімше, 1 кітапхана, 1 почта, 3 балабақша, 1 мәдениет үйі, 1 су құбыры 1 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді.
Ауыл әкімі – Әбдрайымов Бағдат Қабденұлы
Мектеп директоры — Ахметова Тынымкүл Төребайқызы
Дәрігерлік бөлімшенің бас дәрігері – Құланбаев Әбен
Ауыл туралы зерттеу жұмыстары
Ауасы: тым континенттілік құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы – 150С, шілдеде 240 С жауын шашынның жылдық орташа мөлшері 100-700 мм. шамасында
Ауыл топырағы: қызыл қоңыр және боз қызыл қоңыр топырақты . Жері :шөлді, шөлейтті келеді.
Өсімдіктер: бетеге, боз жусан, терек, қараған, тобылғы, ырғай, долана, итмұрын, сортаң топырақта шөл далада, жусан, баялыш, бұйырғын, көкпен, изен, сор топырақты шөлде жусан, сораң
Пайдалы қазбалардан мыс, кварц, көмір асбест т.б Жезді географиялық орны, тарихы, табиғи кешендері. Жезді Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы өзен. Сарысу алабында ұзындығы 91 км, су жиналатын алқабы 385 км2 Ұлытаудың шығыс беткейінен басталып, Жезқазған қалалығының 25 км-дей төмендегі Қара-кеңгір өзеніне құяды. Арнасы тік жар, қар, жаңбыр, сумен қоректенеді.
Көктемде ғана су ағады. Жылдың орташа су шығыны 1,22 м/сек Жезді өзенінін 16 саласы бар. Олардың әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайды. Өзен бойында, Жезді қ.т поселкісі орналасқан. Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданында шағын қала типіндегі поселке. Үлкен Жезді өзенінің бойында халкы 7,2 мың адам (1970 жылға санау бойынша қазір 2,5 мың). Жездіде марганец руда басқармасы тұрмыс қажетін өтейтін комбинат. «Қазселхозтехника» бірлестігі, автобаза, жалпы беретін музыка және жұмысшы жастар мектептері, клуб кітапхана, аурухана, санэпиденстация, бар. Көр
ші елді мекендермен автомобиль жолы және әуе транспортымен байланысы. Географиялық орны солтүстік бөлігін (Ұлытаудың абсалюттік биіктігі 1133 м ) Сарыарканың батыс жақ шеті алып жатыр. Оңтүстікке қарай релефі төмендеп, жонды үстіртке айналды. Оңтүстік шығысында жазық Бетбақ дала шөліне, Оңтүстік батысында Арал маңындағы Қарақұмға ұласады. Пайдалы қазбалардан мыс, кварц, көмір асбест т.б кездеседі. Климаты тым континенттілік құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы – 150С, шілдеде 240С жауын шашынның жылдық орташа мөлшері 100-700 мм. шамасында. Же
зді территориясы төңірегіне, Сарысу, Қаракеңгір, Жезді салаларын қоса, Сарыторғай, Қараторғай, Жыланшык, Қурайлы, өзендері бар. Поселке жері шөлді, шөлейтті келеді. Қызыл қоңыр және боз қызыл қоңыр топырақты құрғак далада бетеге, боз жусан, Ұлытау беткеиінде кайың терек, қараған, тобылғы, ырғай, долана, итмұрын, сортаң топырақта шөл далада, жусан, баялыш, бұйырғын, көкпен, изен, сор топырақты шөлде жусан, сораң шөптер өседі. Жануарлардан Бөкен, Қарақұқйрык, Жабайы шошқа, Қаскыр, Түлкі, Борсык, Қарсак, Қоян, Ак тышқан, сарышұнақ, құстан дуадақ, бөд
ене т.б мекендейді. Негізгі тұрғындар қазақтар мен орыстар Орташа тығыздығы 1 км-ге 0,2 адамнан келеді. Экономикасы алуан салалы Қарсақбай мыс балқыту заводы. Жезді марганец кен басқарма Ақтас кварц өндіретін комплексті партия, тұрмыс қажетін өтейтін комбинат жұмыс істейді. Жезді марганец кен орындары тобы Жезказғанның солтүстігіндей Жезді, Керегетас, Найзатас, т.б кен орындары тобы. 1925-40 ж Ұлытау мен Жезказған төңірегінде геологиялык барлау жүргізгенде Қ.И.Сатпаев зерттеп ашқан. Бұл топтағы кен орындары орта және жоғарғы девонның малта т�
�стары мен құм тастарынан, жоғарғы девон малта тастары мен құм тастарынан, жоғарғы девон төменгі карбонның шақпакқ тастары мен әк тастарынан, порфирге ұқсас гнейстен, диабаздан порфириттерден түзілген. Ақжал жотасының солтүстік батыс баурайындағы Керегетас кенінде қабатталып, біткен руда денелері 4 жерде кездеседі, онда марганец пен темірдің минералдары аралас ұшырайды. Қарсақбайдың солтүстік-шығысындағы Есқұла горс-антиклиналыны оңтүстік батыс қанатында. Найзатас руда денесі жатқандығы анықталуы; он да магнетит, гаусманит, браунит,
псиломелан, пиролюзит, минералдары бар; тереңдеген сайын марганец минералдары азая береді. Найзатастың солтүстік-батысындағы «Промежуточная» жерінде орта есеппен 20-25% марганец бар. 1942ж И.И.Бон ашқан Есқұла кені Найзатас кені Найзатастың шығысында: онда миолит пен псиломелан минералдары кездеседі. 1938ж Н.П.Воронов ашқан Дауылбай кені Қарсақбайдың солтүстігіндегі, Бала Жезді және Үлкен Жезді өзендерінің аралығындағы қырқада; мұнда 30-77% марганец бар. Терісакқан өзенінің батыс жағындағы В.А.Кнкосов ашқан боалы кенінде марганец рудасы жоғар�
�ы девон және карбон аралығында түзілген әк тастарды кездеседі. Қияқты көмір кенінің маңайында төменгі кембриде пайда болған марганецті кварциттер бар. Олардың арасында псиломелан желілері ұшырайды. Кварциттен марганец мөлшері 5%. Бұлардың тек Жезді кені ғана толық зерттелген Жезді марганец кен-Жезқезғанның солтүстік-батысында 35 км жердегі кен орналасқан Жезді марганец кенші фран дәуірінде түзілген малта тас пен құм тас қабатында, гранитоидтар, мен жанысталған жыныстардың үстінде жатыр. Жезді маңайында бұл жыныстар Есқұла аншылығының онтүстік батыс қаласында орналасқан. Руда қүраушы минералды: браунит, гемолит, магнелит, якобсит, псиломелан, теропнозит және мемолит. Руда денелері ірі жарылыспен байланысты гидротермальдық жолмен пайда болған, Жезді Найзатас Надеждинек кендеріндегі жоғарғы температурада ғана жаралатын марганецті магнетит, браунит, гаусманит және олардың көптеген желілері граниттерден гидротерия арқылы өзгерген Жезді марганец кенішінің ашылуы тарихы Қ.И.Сатбаев есімімен байланысты; 1941 ж С.Ш.Сейфуллин екеуі оның жалпы қоры 998,2 мың т. деп Тасқұдық, АҚ
Ш, Айнакөл, Кресто, Шайтантас, Қосқұдық, Жезқазған ауданында төбе-төбе болып үйілген кен қоқыстар әлі бар. Бұлардын табылған түрі тал құралдарға, құмыра ыдыстардың сынықтарына, Қарағанда, Жезді кен орындарын соңғы неолит дәуіріндегі тайпалар ашып пайдаланған
Би: «Қазақ биі» Оқушылар шығармашылығы:
Ауыл суретімен таныстыру Хор: «Жезді вальсі» Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Отан — әр адам үшін оттан да ыстық.Сабағымызды жақсы оқып,еліміздің адал,еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне ,гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
(оқушылардың барлығы тақтаға шығып,келесі әріптерді көтереді). «Біз болашағы Жездінің»
Осқылап тырналаса мысық жерді,
Дей бер қыста бұрқасын қысып келді.
Яғни, табиғаттың осындай тылсым құбылыстарына қарап, ата — бабаларымыз ертерек шаруаларын қамдап, күн райын болжап отырған екен.
Жасыл желек дауасы бөлімімізде Жер — Ананы жасыл етіп сақтау үшін қоршаған ортаны көгалдандырудың маңызы зор екенін басып айтқым келеді. Себебі, жасыл желек жан — жануарлардың тіршілігіне қажет ауаны тазартады. Тірі ағзаға зиян көміртегін жұтып, пайдалы оттегін бөледі. Мысалы: белгілі аймақтың 15% көгалдандырса – шаң — тозаңның мөлшері 20%- ға кемиді. 35% жер көлемге көшет отырғызылса – шаң — тозаң 50%- ға азаяды, ал 65% көгалданған аумақта шаң — тозаң 95%-ға дейін жойылады екен.
Ал, балалар сендер көгалдандырудың, жасыл желектің тағы қандай пайдасы бар екенін білесіңдер? Өте дұрыс. Яғни, тал — терек таптырмас кондиционер, үйді жағалай егілген бау — бақ пештегі жылуды ұзақ сақтап, бораннан қорғайтын, қанатты достардың әуеніне кенелетін, көгалдандыру – достық, ынтымаққа шақыруға себепші, ормандар – көмірқышқыл газынан қорғайтын, көшет отырғызу дегеніміз – балаңның балаларына жететін ғұмырлық азық болатын пайдасы бар екен. Жасыл — желек адамдарға келтіретін осындай пайдасы арқылы зор маңызға ие екен.
Ей,қазақтың ұланы, Болғайсың дала қыраны. Жер-суын қорғау бабаның, Емес пе еді басты ұраны!
(Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай болған? Атасы:
Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,
Өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата — бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?
Автор: Ата ұзақ ойланып, өткен тарихты әңгімелейді.
Өмірімізді, өткенімізді көріп,
Әнімізді, жырымызды тыңдап,
Ерлігімізге, тірлігімізге қарап,
Тұқымымызды, ғұрпымызды көріп,
Өзімізді, сөзімізді тыңдап,
Оқушылар хормен: «Бұл — қазақ», — дейді.
Оқушы: Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!
Оқушы:
Қазақстан туған өлкем.
Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
Оқушылар білуге тиіс: — Өз өлкесінің географиялык орны, өндіріс орындарының ашылу тарихы, табиғат кешендері /климаты, өсімдігі, жануарлар дүниесі/ экономикасы, елді мекеннің кэсіпорынын ашуға ат салысқан зерттеушілер жайлы білуі тиіс. Оқушылар мына біліктерді меңгеруі тиіс:
Туған өлкенің ашылу тарихын, қоныстануын; Әр түрлі әдебиеттерден өздері тұрған жердегі, қоғамға еңбегі сіңген, кеншілер, акын-жазушылар жайлы деректер жинау Жездiнiң халi Тау-кен және балқыту iсi тарихи-өлкетану мұражайы биыл
12 маусымда Жездi марганец кенiшiнiң 70 жылдығына орай атаулы шара өткiздi. Содан берi бiр айдан астам уақыт артта қалса да мақалаға тақырып болған сауал мазалап келедi.Бозбала болып қызға қырындаған шуақты шақтың куәсiндей жайнаған Жездiнiң қазiргi жүдеген жүзiн көргенде жүрек ауырады. Ел басына қатер төнген қиын-қыстау кезеңде Отан қорғауға өлшеусiз үлес қос¬қан оны “ел аман, жұрт тынышта” жау шауып кеткендей…Қарсақбайды “Қарашаңырақ” деп қалай қастерлесек, Жездiге де тағдырдың маңда¬йымызға жазған “тарихи тә¬бәрiгi” деп қарауымыз керек.

Осылай әспеттеудiң астарында қандай сыр жатқанын жұртшылық сезедi, алайда, айта бер¬геннiң артықтығы жоқ. Себебi санамыздың саңылауын шаң басып, Жездi жайлы жадымыз жадағайланып бара жатқандай. Әрi кеткенде “Бiр кезде дү¬рiлдеген аудан орталығы болған” деген дабырадан арыға аспаймыз…Қырқыншы жылдардың басында одақта өндiрiлген мар¬ганецтiң 90 пайыздан астамы үлесiне тиетiн Никополь (Украина) мен Чиатура (Кавказ) кен орындарын соғыс басталған жылы тамызда-ақ қолға түсiрген Гитлер: “Танк¬тердiң болат қалқанын құюға, ұшақтар мен корабльдердiң корпустарын жасауға қосатын шикiзаттың тапшылығын тартқан Кеңестер өкiметiнiң күнi қараң, көпке бармайды” деп, қырғауылдың қоразындай қоқиланған екен. Артынша Жездi жайлы естiгенде “жынданып” кете жаздапты, оны қалайда құртуға бұйрық берiптi. Кейiнгi кезде “Не¬мiс¬тер жiбер¬ген диверсанттар қырық екiншi жылы Қызылжарда ұсталыпты” деген әңгiме шығып жүр.Қалай болғанда да, Жездi жаудың тамағына кептелiп, тынысын тарылтқан сүйектей бол¬ғаны анық. Қорғаныс ко¬митетi геологтар алдына марганец кен орнын тауып, оны шұғыл қатар¬ға қосуды тапсырған
да Жездi¬де марганец кенiнiң мол қоры бар екенiн беделдi мемле¬кеттiк комиссия алдында дәлелдеп, тусырап жатқан даланың тынысын ашуға түрткi болған сол кездегi жас геолог Қаныш Сәтбаев едi. Шынуайтына келсек, ол кен орнын Қаныш Имантайұлы соғыс басталғанға дейiн-ақ ашқан. Тек қолтықтан демеп жiберетiн қолдаушысы болмай, кезегiн күтiп жатқан. Кен сондай құнарлы едi, құрамындағы марганецтiң үлесi 50-60 пайызға дейiн баратын. Небә¬рi 38 күнде қатарға қосылған кенiште жұмыс соғыс жағдайына сәйкес жасалған кесте бойынша ұйымдастырылды. Бастапқы кезде же
рдiң жоғарғы қабатында жатқан кен өндiрiл¬дi. Оны алғашқыда — 100, кейiннен 200-ге жуық қарағай қорапты “ЗИС-5” автокөлiгiне қолмен тиеп, “Новорудная” (қазiргiсi “Весовая”) стансасына тасыды. Сосын Сiбiр мен Орал зауыттарына жiберiлдi. 1943 жылы кезек тереңде жатқан кенге де келдi. Ал автокө¬лiктердiң орнын кенiштi игерумен үзең-гiлес қатарға қосылған ұзындығы 44,5 шақырымдық темiр¬жол басты. Кейiн ол толық қайта құрылып, 1963 жылы Жез¬қазған кен-металлургия комбинатының балансына берiлдi.Марганец кенi 1956 жылға дейiн Орал зауыттарына жiбе¬рiлiп тұрды. Сосын
оған сұраныс азайды. Жергiлiктi мамандардан айырылып қалмау мақсатында Жездi марганец кен басқармасы “Главруда” қарамағына өтiп, 1965 жылға дейiн мемлекеттiк қорға қажеттi көлемде ғана кен өндiру жолға қойылды. Сол жылы байыту фабрикасының iске қосылуы құрамы металға кедей құнарсыз кендi байытуға мүмкiндiк тудырды. Жеткiлiктi көлемде шикiзатпен жабдықтау мақсатында қосымша карьер қатарға қосылды.Ол кезде Жездi марганец кен басқармасы Қара металлургия министрлiгiне қарайтын. 1970 жылы “Союзрудаға” бағынышты свердловскiлiк “Уралрудаға” берiлд
i. Кейiн¬нен қоғамдағы өзгерiстерге байланысты Жәйрем кен-байыту комбинатына қарады. Елде марганец кенiне сұраныс болмады, Одақ ыдырағаннан кейiн бұрынғы тұтынушылармен байланыс үзiлдi. Ал кенiштi қолына алып, жұмысын жүргiзiп, көсегесiн көгерте қоятындай кәсiпкер немесе басқадай бизнес иесi шыға қоймады. Сонымен, Жездi кенiшi қаңтарылды, байы¬ту фабрикасы жабылды.“Үмiтсiз — шайтан” деген, жездiлiктер үмiтiн үзбей отыр. Жетпiс жылдыққа жиналғандар сонау қырқыншы жылдардан қазiргi уақытқа дейiн барланып, бекiтiлген кен қорының жартысынан сәл аста�ы ғана алынғанын айтты. Әйтпесе, жер астындағы бай¬лық әлi жетерлiк. Бұрын¬ғы № 5 шахтада алынбай қалған кен қоры бар, жаңадан ашылған “Орталық” шахтасы ортайып та үлгермеген. Бiр бүйiр¬де “Балбырауын, көкжиекте көлденеңдеп “Керегетас” кен орындары жатыр. Оларға түрен де түспеген. Қорытындылау Ұлтарақтай болса да ата қоныс — жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат
Ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз.
Жер, су, ауа адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Міне, осы қазынаны аға ұрпақ өкілдері біз де, келешекте сендер де, барлығымыз да көз қарашығындай сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз қажет» — деген Ыбырай Жақаевтың сөзімен қорытындылаймыз!
Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *