Басы » Баяндамалар » ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

МАЙРА ЖАНГАЛИЕВА
ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына өзінің Жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясын ұсынған. Жүзеге асырылуы осы міндетті шешуге жәрдемдесетін дамудың жеті басым бағыты анықталған. Бұл шешуші басымдықтардың бірі осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені баршамызға мәлім. Жаңа технологиялардың бірнеше түрлері бар. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту 4 бағытты қамтиды. Олар модульдік технология, рейтинг жүйе, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс – тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне, қарап іріктеп қолданылады. Мұғалім өзіне тиімді, пайдалысын жетілдіре түседі. Демек берілетін білім
де, тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлесімді, таным – түсінігіне сәйкес келсе ғана жүзеге асады. Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» — деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған
әдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың жүрегінен орын алады. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда тапсырмаларды тиімді қолдану керек. Тек қандай тапсырманы сабақтың қай сәтінде енгізу керек екенін мұғалім өзі шешеді. Сабақ барысында әртүрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталар, тест, ойындар, деңгейлік тапсырмалар пайдалана отырып – қызықты сабақтар өткізу – оқушының белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі.
Қай ұстаз болмасын қазіргі күн талабына сай оқытудың ең тиімді жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білімін тереңдетіп, оны практикада қолдана білуге таным белсенділігін арттыруға тырысатыны анық. География пәні – өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық – жер бетін, планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдік – жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. Сондықтан, география пәні мұғалімі болу деген сөз – кең көлемді, терең білімді, есте сақтау қабілеті күшті, мазмұн – табиғаты терең ұстаз мұғалімдерді талап етуі, әрі осыны қажет етеді. Сабақтың мазмұны, түрі және әдіс – тәсілі оқыту жүйесінде біртұтас бірімен – бірі тығыз байланысты. География пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі – мұнда оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға әр түрлі суреттер, сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылады. Олардың пәнге қызығуын арттырудың бір жолы – сабақта жаңа білімді меңгертуде оқушалырдың өздерін белсенді қатыстысу. Сабақты жалықпай тыңдап көңілді отыруына, білім алуға ынталандыра түсуге жағдай жасау үшін сабақты түрлендіре, жаңа технологияларды пайдаланып өткізу қажет. Ол үшін мұғалім өз пәнін әр – түрлі әдіс – тәсілдермен өткізуге көңіл бөледі. Оқу нормативі вариативті болуы ықтимал, ол әр мұғалім өз әрекетінде мүмкіндігіне қарай сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануы қажет. Бұл жерде шығармашылық мүмкіндігінде шек жоқ, әр ұстаздың өзінің жеке қабілеті, оның жеке тұлға сапасы, өзінің әдістемесі өзінше болуы мүмкін. Бірақ жұмыс бағытында барлық мұғалімдердің жалпы бағдарлама бойынша берілген нормативті сақтауы қажет. Қазіргі жаңа педагогикалық технология географияны оқытуда Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде тірек – конспект, диаграмма, график, логикалық тірек – сызбасы қолданылады. Әсіресе, көп назар топтық және жеке оқушылармен жұмыс істеуге аударылады, бұл жерде жаңа технология жүйесінде мәнді ойындардың, семинар, дискуссия, баспасөз – конференциясы, лекция, сынақ, топ серуендері, практикалық жұмыстардың маңызы зор. Бұл сабақтарда оқушылардың әр түрлі проблемаларды, оларды шешу жолдарын іздестіруге мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығушылығын арттырады. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс – тәсілдің ара – жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.
Дамыта оқыту. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту үрдісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар. Бұл мәселені түбегейлі зерттеген көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Бала дамуының екі аймағы болады.
1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым – қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс – әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісінің көзін ашып шығармашылығын дамытады.
Модульдік технология. Бұл оқыту технологиясының негізі – оқушының танымдық белсенділігін, танымдық іс – әрекеттерінің әр түрлі іс – әрекеттерін (есту, көру, т.б) ойлау, зейін (назар) қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және сөздік байлықтарын дамыту. Енді бір пайдалы жағы – бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы. Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімдерден тұрады: кіріспе, сөйлеу, қорытынды. Жаңа технология жүйесіндегі мәнді ойындардың маңызы зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың әртүрлі проблемаларды, оларды шешу жо�
�дарын іздестіруге мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Ересектердің қатынас құралы – тіл болса, балалардың қатынас құралы – ойын. Ойын сабағында әрбір оқушы жауапкершілікке ие болады. Алдағы мақсатқа жету үшін ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Ойын сабақтары өтілген материалды пысықтауда қолданылады.
Ойын технологиясының оқушылардың дамуы мен білім деңгейіне әсер етуінің 3 жағын айқындауға болады.
1. Танымдық (жады, елестету, зейін, қабылдау, ойлау).
2. Оқытуда ойын элементтерін пайдалану технологиясы (белсенді сөздер қорын дамыту)
3. Қажеттіліктерді өтеу (дайындық, қиындықтарды жеңу, өзін әлеуметтендіру, қауіпсіздендіру, қарым – қатынас, танымдық жетілу, сыйлау, шығармашылық).
«Баланы өздігінше ойлай білуге баулу қажет.
Өйткені ойлай білетін жан шын мағынасындағы адам» деген екен
М.Жұмабаев атамыз. Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану мұғалімнің жетістігі. Интерактивті әдістерді өз сабағымда пайдалану барысында ситуациялар тудыру – жеке тұлғаның ақыл – ой қабілетінің дамуына айтарлықтай нәтиже беретініне көз жеткіздім. Осы шығармашылығымды сіздермен бөлісе отырып кейбір ерекшеліктерге, іс – тәжірибеме көңіл аудартсам деймін. Шынайылыққа қол жеткізу, білімді өсіру, қабілеттің дамуы өз бетімен білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету, дамыту және оны бағдарлы мақсатта пайдалану, тұлғаның әр сабақ сайын
интерактивті әдістер арқылы білім игерумен қатар проблемалық сұрақтарға жауап іздеу, ойлау қабілеттерін арттыру, оқушыға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, топтасып оқып үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздерін – өздеріне немесе өзара бағалату және іс – әрекет барысында білім игеруге, ойлау қабілетін арттыруға жол ашу ең басты мақсатым болды. Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көріністері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын,
топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субьектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексияның дамуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.
Қазіргі оқытудың талабына сай компьютерлік технологияны пайдаланып өткізген «Солтүстік Америка табиғат зоналары» атты ашық сабағым мультимедия сабағы түрінде ұйымдастырылды. Әдеттегі сабақпен салыстырғанда сабақтың үйлестіру қызметі көп болды, себебі оның құрамында оқытудың әртүрлі құралдары тиімді пайдаланылады. Мысалы, табиғат зоналарының ауысуы, оған әсер ететін факторлар динамикада көрсетілген, сонымен қоса иллюстрация материалында қозғалыссыз суреттер, бекітуде өзара бақылау және бағалау енгізілді. Жаңа тақырып визуалдық секциямен, мұғалімнің презентация слайдтары арқылы баяндауынан басталды. Презентация мультимедия жобасы – үлкен экран арқылы жүзеге асады. Презентацияның ақпараттық мәліметтерді толықтыру мәліметі ретінде мәтіндік мәліметтер қолданылды. Слайд жақсы «оқылуы» үшін оның түс реңі дұрыс таңдалуы керек.
Бүгінгі таңда білім берудің жаңаша негізін жоғары технологиялар құрауда. Дәстүрлі білім беруден бас тартып, жаңашылдыққа ұмтылу кезеңі басталды. Жаңа технологиялардың 50 – ден астам түрінің бірқатары Қазақстан мектептеріне еніп отыр. Жаңа педагогикалық технологиялар интеграция және дифференциация ұстанымдарына негізделеді. Интеграция ұстанымы денсаулығын сақтай отырып, оқушы жүктемесі мен уақытты тиімді пайдалану проблемасын шешсе, дифференциация ұстанымы оқушымен жеке түрде мақсатты жұмыс жүргізуге негізделеді. География пәні бойынша модульдік оқыту технологиясын эксперимент ретінде енгіздім. Жұмысты бастамас бұрын мен өзіме мынадай сұрақ қойдым: «Бір сағаттың ішінде барлық сыныппен және жеке оқушымен қалай жұмыс жасауым керек?». Осы сұраққа жауап табу үшін көптеген алдыңғы қатарлы жаңашыл ұстаздардың іс – тәжірибелерін оқып үйрене отырып, оқушы қажеттілігін, жасына қарай қызығушылығын жеке ерекшелігін, сабақ үрдісінде оқушының өзін – өзі дамыту мүмкіншілігін және салауатты өмір сүруге қажетті жағдайларын анықтап алуы керек. Модульдік оқыту технологиясы
енгізілген сынып оқушыларының бойында туа біткен дарын болуы немесе пәнге деген қызығушылығы басым болуы шарт. Жаңа технологияны енгізер алдында пән мұғалімі мектеп психологымен кеңесе отырып, сыныптарды толық зерттеп, ең алғыр сыныпты таңдап алады. Экспериментке енгізілген сыныптың оқушылары шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Әрине, оқушының шығармашылық қабілетін іскер де, білікті мұғалім ғана ұштай алады. Оқыту нәтижелі болу үшін модульдік оқыту технологиясы енгізілген сынып оқушыларының жаңа үрдісті қабылдау деңгейін
анықтауға бақылау тестін алу керек.
Технологиялық Сапалық сипаттама
Өте қызығады Ұпай Қызығады Ұпай Орташа Ұпай Қызықпайды Ұпай Оқушы саны Ұпай саны Қорытынды
ұпай
Модульдік оқыту технологиясы 4 20 7 28 3 9 — — 14 57 4.0

Деңгейді анықтау үшін «өте қызығады» дегендерге 5 ұпай, «қызығады» дегендерге 4 ұпай, «қызығушылығы орташа» дегендерге 3 ұпай «қызығушылығы жоқ» дегендерге 2 ұпай. Осыдан мынадай қорытынды шығу керек.
4 х 5 = 20
7 x 4 = 28
3 x 3 = 9
57 / 14 = 4,0 яғни оқушылардың жаңа технологияны қабылдау деңгейі.
Модульдік оқыту технологиясының сабақ үрдісіне әсері төмендегідей болды.
1. Оқыту баланың жас ерекшелігіне орай табиғи түрде жүргізіледі.
2. Мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділіктерін одан әрі дамытып, әлсіздер өзіне – өзі сын көзбен қарап, сенімсіздіктен арылды.
3. Нашарларды білгірлер оқытатын дәрежеге жетті.
4. Мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы қарым – қатынасы дамыды.
5. Оқушы өздігінен жұмыс жасап, өзін – өзі тексеріп, өзін және жолдасын бағалауды үйренді.
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегиялары география пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

СТО әдістерінің тиімділігі – Сенімділікке тәрбиелейді
— Оқушының сабаққа белсенділігі артады
— Топтық тапсырмалар орындауға үйренеді
— Өзара сыйластыққа тәрбиелейді
— Өз пікірін ашық айтады
— Бірін – бірі тыңдауға үйренеді
— Негізгі жауапты айтуға үйренеді.
Бұл технологияны сабақта үнемі қолдану барысында бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе, үлгірімі орташа деңгейдегі балалардың сабаққа қатысы өзгереді. Осы технологиямен өткізілген сабақ үлгілерін ұсынып отырмын.
Қазіргі оқытудың талабына сай компьютерлік технологияны пайдаланып «Оңтүстік Американың халқы және елдері» тақырыбына өткізген ашық сабағымды ұсынамын. Әдеттегі сабақтардан айырмашылығы визуалдық лекциямен, мұғалімнің презентация слайдтары арқылы баяндауынан басталады. Негізгі мақсатым – оқушыларға Оңтүстік Американың халқы мен елдері, олардың саны мен елдегі халықтарының тұрмыс – тіршілігі, шаруашылықтары туралы кең мағлұмат бере отырып, халықтар мен елдердің дамуы мен таралуы ерекшеліктерін, тілдік және ұлттық атаулары арасындағы себеп — салдар байланыстарды анықтай білуге үйрету.
І. Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың оқитын тақырыбына деген қызығушылығын туғызу. Оқушылардан сұрақтар жиналады. Нені білгісі келетіні туралы себептер айтылады. Немесе белгілі бір алынып отырған тақырып мәселе төңірегінде не білгеніңді жинақтап тізім жасау. Сосын топпен ой алмасу. Оқушылардың өздері таңдап алған белгілердің түріне қарай оқушылар 4 топқа бөлініп отырады. Ассоциация құрастыру.

сельвас
льянос
пампа
Оңтүстік Америка пуна
кампос
гилея

Ассоциция құру кезінде негізгі ұғымдар мен үй тапсырмасынан да алуға болады.
Мысал. 1. Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?
2 «Сельвас», «льянос», «кампос», «пампа», «гилея», «ламос» ұғымдарын түсіндір
3 Анды тауларындағы биіктік белдеулері қандай жағдайларға тәуелді?
4 Неге Орталық Андының батыс беткейінде орман белдеулері жоқ?
Оқушылар жауабы.
1. Ылғалды экваторлық орман
2. Сельвас – ит тұмсығы батпайтын қалың орман.
3. Льянос – Орионоко саваннасы
4. Кампос – Бразилиа саваннасы
5. Пампа – құнарлы шымды қызғылт «жазық дала»

Оқушы Мұғалім
Әр оқушы өз білетіндерін еркін айтады
Өз лидерін анықтайды
Әр оқушы жеке – жеке белгілеп, лидерге ұсынады
Өздерін – өздері бағалайды. Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуін қадағалайды

Бағалау парағын таратады
Еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар береді.
ІІ. Мағынаны ашу. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпараттармен, пікірлермен таныса бастайды. Бұл қадамда әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды. Тақырыпқа байланысты кино көру, лекция тыңдау, тәжірибе немесе эксперимент жасауға болады. Оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасау керек.
Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе INSERT
Тақырыбы: «Оңтүстік Америка халқы мен елдері». Мәтіннің жоспары:
1. Оңтүстік Америка халқының құрамы.
2. «Инктер өркениеті»
3. Байырғы және келімсек халықтары
4. Елдері
Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды. Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір – біріне сұрақтар қояды. Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.
Оқушы Мұғалім
Мәтінді оқиды.
Топта жеке, бәрі бірігіп шартты белгілер қойып, талдау жасайды.
Әр топтан біреуі жауап береді.
Негізгі жауапты таңдауға үйренеді.
Бір – бірін тыңдауға үйренеді. Мәтінді оқуға 10 минут уақыт береді. Ойлануға, пікір айтуға уақыт береді.
Әр топтың тапсырмасын мұқият орындауын қадағалайды.
Жолдастарының жауаптарын тыңдауын, толықтыруын, дұрыс жауап беруін қадағалайды.
ІІІ. Ой толғаныс. Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады. Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды. Алған білімдерінің ұнағанын ортаға салады. Пікір таластырады.
Х. Колумбтың Американы ашуы жақсы болды ма? 3 дәлелмен жауап береді.
Иә Бейтарап Жоқ
1. Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды.
2. Батыс жарты шарды алып жатқан Америка дүние бөлігі ашылды.
3. Жаңа жерлердің табиғаты, халқы, шаруашылығы жөніндегі деректер белгілі болды. 1. Жақсы себебі – Американың ашылуы жаңа ашылуларға жол салды.
2. Жақсы болмағаны – үндістердің едәуір дамыған өркениеті мен мәдениетінің дамуына нұқсан келтірілді. 1. Еуропалықтар келгеннен кейін жергілікті халықты аяусыз құлдыққа салып, олардың өркениеті мен мәдениетін жойды.
2. Бағынбаған үндістердің көпшілігі қырғынға ұшырады.
3. Байырғы халықтар тіршілікке қолайсыз аудандарға көшірілді.
Бұл кезеңде оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.
Оқушы Мұғалім
Өзі белгіні қояды.
Еркін сөйлейді.
3 дәлел келтіріп, сөзін дәлелдеп айтады. Уақыт береді
Нақты жауаппен дәлелдеуін талап етеді.
Үйге тапсырма: «Егер мен саяхатшы болсам» (эссе)
Мұғалімнің қол жеткен жетістіктері:
— Оқушы қызығушылығы артты
— Бей – жай отырған оқушы жоқ, бәрі топтық, ұжымдық іс – әрекетте
— Тіл байлығы артып, ойлау қабілеті дамиды.
— Дүниетанымдық көзқарасы қалыптасады.
— Бір – бірін сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.
— Топ алдына шығып, еркін өз ойын айтуға дағдыланады.
Қорыта келе айтарым, «Жаман мұғалім білімді өзі айтып хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім күнделікті сабақта проблемалық ситуация жасап, оқушының өзіндік ізденісіне жол ашады» деп бекер айтпаған. Ал жақсы мұғалім болу үшін басты ұстаным – әдебиет. «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп Ушинскийй айтқандай, оқытудың жаңа технологиясын игеру үшін үздіксіз теориялық және әдістемелік білімін жетілдіріп отырған ұстаз, тиімді бағдарлама, сапалы күнтізбе жоспарын жасап, құнды сабақ өткізіп, үлкен нәтижеге қол жеткізері қақ.

2 комментария

  1. группалас жарайсың

  2. Жарайсың Майрош

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *