Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
Бесқауға ауылы
Қарасу ЖОББМ
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
Айсулу Әбішева
Манас жыры
Сабақтың мақсаты:
Манас жырын оқыта отырып, ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының ұқсастығы мен ерекшелігін сабақтастыру арқылы білімдерін кеңейту.
Оқушыларды имандылыққа, достыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Мәнерлеп оқуға, тапқырлықпен жауап беруге үйрету, таным қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Үнтаспа, слайд, кітаптар, сурет.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.
Сабақтағы негізгі ұғымдар: Жырдың сюжеті, батырдың ерлігі, Алпамыс батыр жырымен ұқсастығы, ерекшелігі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Ой шақыру
Топтастыру
Кубизм
Венн диаграммасы
Түсініктеме күнделігі
Ойтолғау
Туысқан қырғыз халқының ақындық өнерінің ұлы үлгісі «Манас жыры» өзінің тарихи тағдырымен де, көркемдік болмыс-бітімімен де қырғыз халқы үшін зор бағалы, мәдени әлеуметтік маңызы өте жоғары әдеби ескерткіш болып табылады. Манас эпосын алғаш зерттеген қазақ ғұламасы Шоқан Уалиханов. Ол 1856 жылы қырғыз жерінде болған сапарында манасшыдан «Көкентай ханның асын» жазып алып, орыс тілінде жариялады. Манастың басқа тілге аударылуына, орыс және европа ғалымдарының ден қоюына жол ашты. Шыңғыс Айтматов: «Қырғыз елінің байырғы ата мұрасының ең биік шоқысы-ұлы Манас эпосы» деген пікірі бар. Шындығында «Манас жыры» өзінің қайталанбас қуатымен талай ғасырлардың қайғылы, зарлы оқиғаларын бойына сіңіріп, философиялық мазмұнды жинақтауы тұрғысынан, елдің тарихына, тұрмыс-тіршілік, отбасы жағдайы, әртүрлі салт-сана, әлеуметтік, қоғамдық тұрмысын кеңінен және толық қамтуы жағынан дүниедегі ең сирек кездесетін әлемдік поэтикалық ескерткіштерінің үлгілеріне жатқызады. Манас эпосы Гиннес рекордтар кітабына енген. Толық тексін жарияласа 40 томға жетеді екен.1958 жылы кітап күйінде шыққан көлемі 500 000 жол.
Оқушыларды 2 топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.
1-топқа
«Манастың дүниежүзілік эпостың барша жұрт таныған асыл қазыналарының қатарына батыл қосуға болады. Манас-поэзияның түпсіз терең мұхиты. Қырғыз эпосы Гиннес рекордтар кітабына енген. Толық тексін жарияласа 40 томғм жетеді екен.1958 жылы кітап күйінде шыққан көлемі 500 000 жол.
- 1-тапсырма
2-топқа
«Манастың дүниежүзілік эпостың барша жұрт таныған асыл қазыналарының қатарына батыл қосуға болады. Манас-поэзияның түпсіз терең мұхиты. Қырғыз эпосы Гомер эпосы сияқты ғасырлар бойы жасалып, ғасырлар бойы дамып келеді»-деген ғұлама ғалым М. Әуезов.
Өз ойыңызды қорытындылап жеткізіңіз. Манас жырының тәрбиелік мәні қандай?
2-тапсырма
Әр топқа бір сөйлем ұсынылады. Оқушылар сөздерді топтастыру арқылы сабақ тақырыбының басты мәселелерін шығарып, тірек-схема жасап, қарсы топ дұрыс оқуы керек.
Мысалы 1-топқа берілетін тірек-схемасының үлгісі
Өз басым өзге елге сапарға шығып
Әрқашан қажет тұтып Өзге жұрттың табалдырығын аттасам
Өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін
Бірі Манас Бірі М.Әуезов
Екі түрлі ұлттық асылым бар.
Бұл тірек-схемадан Қырғыз халқының көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың сөзін оқисыздар: « Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттасам, әрқашан қажет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін, екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі Манас, бірі М.Әуезов»
3-тапсырма
2-топқа. Ұлы ғалым, зерттеуші Ш.Уалихановтың пікірін.
«Манас-Қырғыздың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам-Манас төңірегіне топтастырылған энциклопедия. Бұл жағынан ол даланың Иллиядасы тәрізді»
Алдыңғы үлгі бойынша тірек-схема құрастырамыз.
4-тапсырма
Кубик алынып алты жағы нөмірленіп, тапсырма беріледі.
- Манас жырының мазмұнын қысқаша баяндап беріңіз.
- Манастың батырлығы, ерлігі қандай әрекеттермен суреттелген?
- Манас жырының өзіндік ерекшелігі?
- Бүгінгі таңдағы Манас бейнесі қандай?
- Манас мінген тұлпар жырда қалай суреттелген?
- Манас жырының тәрбиелік мәні ?
5 тапсырма
Венн диаграммасы айқасып жатқан 2 дөңгелектен тұрады. Шеңбердің екі жағына салыстыруға берілген нысананың сипаттамалары, ал айқасып жатқан жеріне ортақ белгілері жазылады.
Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Плакат алдын ала сызылып, дайындалады. Әр топтан бір оқушы шығып, батырлар жырындағы ұйқастарды жазады.
1- Топқа
Алпамыс жыры Манас жыры
Балалық шақтарындағы ұқсастықтары
2- Топқа
Батырлар серігі тұлпарлардың ұқсастықтар
Алпамыстың тұлпары Манастың тұлпары
6-тапсырма
Түсініктеме күнделігінде парақты тең бөлікке бөлу керек. Оң жағына шығармадағы өзіңізге әсер еткен тұстарын, үзінділерін жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайында пікірін жазады.Үзінділер қандай себеппен әсер етті, қандай оқиғаларды еске түсіреді? Бұл тапсырманы әр топтан бір оқушы жазбаша түрде орындайды. Қалған оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген топ ұпайларын көбейтеді.
7-Тапсырма
Ойтолғау жазбаша орындалады. Бәрі бір мезетте топ болып орындайды. Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Мысалы:
- 1. Манас жыры-ұлт қазынасы.
- 2. Манас жырындағы суреттелген салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар.
Топтан шешен тілді оқушы шығып, жазған ойтолғауын қорғайды. Қорғау кезінде қойылатын талаптар: Өзін-өзі ұстауы, сөз мәнері, жүйелілігі, қисындылығы, дауыс ырғағы, тілінің көркемдігі, есте сақтау қабілеті, аудиториямен байланысы ескеріледі.
«Манас эпосы-туысқан қырғыз халқының ғасырлар бойы тек ауызша жырланып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келе жатқан орасан зор эпикалық туындысы»-деген М.Әуезовтің сөзі бар. Расында да «Манас жыры» ешқашан өшпейтін, өлмейтін, мәңгілік халық қазынасын қайнар көзі болып табылады.
Үйге тапсырма: «Туады ерлер ел үшін» шағын мәтін жазу.
[bws_related_posts]