Басы » Баяндамалар » Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін дамыту

Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін дамыту

Павлодар облысы
Екібастұз қаласы
Бесқауға ауылы
Қарасу ЖОББМ
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

Айсулу Әбішева
 
«Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін дамыту»
Қазіргі білім берудің басты мақсаты-шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті  елдер қатарына көтерілуі болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған,рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық,шығармашылық қабілетін дамыту-мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттерінің бірі.

Оқушының шығармашылық қабілетін ашу,оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат-оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу,ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,жан-жақты дамуына көңіл бөлу,ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге,дамытуға ден қою қажет.

Шығармашылық дегеіміз-оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәселені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін-оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.

Бірінші кезең-жаңаны,тың нәрсені дамыту,түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби- шығармашылық тапсырмалар беріліп,төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі:шығарманы бөлімдерге бөліп,тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып,олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру;шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу;әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.

Екінші кезең-қиял,ұшқыр ой қалыптастыру.Бұл кезең –оқиға құрудың,образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі,әңгіме,мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп,оқиғаны дамыта отырып шығармашылық  жұмыс істейді.Өз бетінше іздену-шығармашылық қабілетін ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.

Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар / сөзжұмбақ,ребус шешу,жұмбақ,мақал-мәтел,қанатты сөздер құрастыру/

Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері / Мәтінді өндеу,берілген мәтіннен диалог құрастыру,мәтін бойынша шешендік сөз құрастыру/

Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері /Өлең,ертегі,әңгіме,шығарма жазу/

Оқушылардың шығармашылық қабілетін де\амыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс.Бұл орайда сыныпты топқа бөліп,тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру,қанатты сөз ойлап табу,шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады / «Туған жерге қарыздармыз», «Менің Отаным-Қазақстан», «Қыздарға әсемдік жарасады»/.

Үшінші кезең-тапқырлық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік кзқарас білдіріп,пікір / рецензия/ жазады,мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді,кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды,әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.

Сабақ үдерісінде баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетіндей жағдайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады,әрекеттенеді. Сабақ үдерісінде мұғалім ұйымдастырушы,бағыттаушы адам рөлінде болуы тиіс. Әр оқушыға өз ойын,пікірін айтуға мүмкіндік беріледі,жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. Әдіскер-ғалым  Қ.Тасболатов «Проблемалық ситуация тудыру-оқушыларға сұрақ қойып,оны шешу ғана емес,мұндағы сұрақ әдетте қойылып жүрген сұрақтардан мүлдем өзгеще. Ол сұрақ оқушыға бейтаныс,өздігінен ізденіп,өзінше қорытынды жасай білетіндей сұрақ болуға тиіс» дейді. Бұл орайда оқушыға танымдық сұрақтар қоюдың маңызы зор.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы жұмыс жүйелері:

 

qaz

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу,ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме,факультатив сабақтарын,таңдау курстарын,пәндік кештерді,КВН, конференция,дәстүрлі емес сабақ түрлері,дебат ұйымдастыру  шығармашыл тұлғалардың ашылуына көп септігін тигізеді. Олар өздіктерінен ғылыми –бұқаралық әдеьиеттер,әдістемелік журналдармен жұмысқа жаттығады,зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады.

Пәндік бағыт бойынша оқыту,үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді;зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді;түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі артады;пәндік теориялық білігі молаяды,ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе алады;көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді;сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді;барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады;ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара алады.

Бүгінгі мектеп партасындағы жас жеткіншектің зиякерлік қуаты-мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан бала бойындағы қабілетті анықтай отырып қамқорлыққа алу,оны дамыту-баршамызға ортақ іс.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *