Басы » Кембридж бағдарламасы » Коучинг-сессия Критериалды бағалау – оқушы білімін нақты бағалау

Коучинг-сессия Критериалды бағалау – оқушы білімін нақты бағалау

Байтубетова Құндыз Каримжанқызы

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкесі

Бержан Қанатбаев атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Коучинг-сессия

Критериалды бағалау – оқушы білімін нақты бағалау

Мақсаты: Критериалды бағалау туралы түсініктерін кеңейту.

Оқу нәтижесі:

Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалаудың тиімділігін ұғынады.

Дескриптор құрудың жолдарын үйренеді.

Негізгі идеясы: Критериалды бағалау дегеніміз не? Дескриптор не үшін керек?

 

Коучинг-сессияның өткізілу кезеңдері

Уақыты

Тәлімгердің іс-әрекеті

Коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Ресурстар

Бағалау

Психология

лық ахуал туғызу.

Топқа бөліну

5 минут

Қатысушыларға әр елдің түрлі амандасуы жазылған бетшелер таратады.

Бетшенің артына жазылған сандар бойынша топқа бөлінеді.

Қатысушылар ортаға шығып, әр тілде бір-бірімен амандасады.

Топқа бөлініп отырады.

Қатысушылар арасында көңілді көңіл-күй орнайды.

Топ құрылады.

Парақшалар

Қол шапалақтау

Білу

20 минут

«Астана-Бәйтерек» монументін жасауды тапсырады.

Әр топқа бөлінген қатысушы мұғалімдер монументті бірігіп жасайды.

Қатысушылар бірігіп монументті жасап шығарады.

Қағаз, қайшы, желім, маркерлер. Стикерлер

Қатысушы топтар бір-бірінің жұмысын «5» баллдық жүйеде бағалайды.

Түсіну

10 минут

Сұрақтар қояды.

  • Қойылған бағамен келісесіз бе? Неліктен?

  • Жұмысыңызды бағалаған кезде қандай сезімде болдыңыз?

  • Сіздің сабағыңызда оқушылар не үшін баға алғанын біледі ме? Қалай және қайдан біледі?

Қойған бағаларын қорғайды, ой-пікірлерін ортаға салады.

Қатысушылар ой бөліседі.

Сұрақ жазылған бетшелер

Қатысушылардың ой-пікірлерін тыңдайды.

Талдау

10 минут

Жасалған монументті арнайы құрылған критерий бойынша бағалайды.

Тәлімгер айтқан мәліметті мұқият тыңдай отырып, түсініктерін кеңейтеді.

Критерийлермен және дескрипторлар туралы ұғым-түсінік алады.

Слайд-презентация

Сергіту сәті

5 минут

Бейнетаспадан сергіту сәтін орындатады.

Барлығы сергіту сәтін орындайды.

Көңіл-күй көтеріледі. Жағымды ахуал орнайды.

Қол шапалақтау

Қолдану

5 минут

Интербелсенді тақтадан  оқушының мәнерлеп оқыған өлеңін көрсетеді.

Қатысушылар мұқият қарайды, тыңдайды.

Видеоролик

жинақтау

20 минут

Критерий мен дескриптор құруды тапсырады.

Топта ақылдасып, критерий мен дескриптор құрастырады.

Критериалды бағалау туралы толық түсінеді.

Маркерлер, флипчарттар.

Тәлімгердің шолуы

Бағалау

5 минут

Стикерлер таратады

Жұмыстың екі ұнаған тұсын, бір жақсартуды қажет ететін тұсын стикерге жазып қалдырады.

Тәлімгер мен қатысушылар арасында кері байланыс арқылы тиімді қарым-қатынас орнайды.

стикерлер

«Екі жұлдыз, бір тілек»

«Астана-Бәйтерек» монументін бағалау.  Критерий

  1. Түпнұсқаға ұқсастығы

1 ұпай – Монумент, бірақ «Бәйтерек» монументіне мүлдем келмейді.

2 ұпай – Түпнұсқаға ұқсайды, бірақ кейбір элементтері сәйкес емес.Шпиль-антенна, аяқтары т.б.

3-ұпай – түпнұсқадан айнымайды.

 

  1. Орнықтылығы, мықтылығы

1 ұпай – Қабырғаға сүйемелденіп қана аяғына тұра алады. Өздігінеен қисайып қалады да, құлай береді, орнынан қозғауға келмейді.

2 ұпай – Нық тұрады. Оң немесе сол жаққа сәл ғана қисайған. Дегенмен орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.

3 ұпай – Нық тұрады, қисаймайды. Орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.

 

  1. Биіктігі, көлемі.

1 ұпай – 50 см

2 ұпай – 51-100 см

3 ұпай – 101-200 см

 

Ұпайды бағаға айналдыру.

8-9 ұпай – «5»

5-7 ұпай – «4»

3-4 ұпай – «3»

0-2 ұпай – «2»

Дескрипторлар

Критерий

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

Түпнұсқаға ұқсастығы

Монумент, бірақ «Бәйтерек» монументіне мүлдем келмейді.

Түпнұсқаға ұқсайды, бірақ кейбір элементтері сәйкес емес.Шпиль-антенна, аяқтары т.б.

Түпнұсқадан айнымайды.

Орнықтылығы, мықтылығы

Қабырғаға сүйемелденіп қана аяғына тұра алады. Өздігінеен қисайып қалады да, құлай береді, орнынан қозғауға келмейді.

Нық тұрады. Оң немесе сол жаққа сәл ғана қисайған. Дегенмен орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.

Нық тұрады, қисаймайды. Орнынан қозғап, бір жерден екінші жерге қоюға болады.

Биіктігі, көлемі

50 см

51-100 см

101-200 см

 

Топтар

Түпнұсқаға ұқсастығы

Орнықтылығы, мықтылығы

Биіктігі, көлемі

Жалпы ұпай

Баға

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *