Байтубетова Құндыз Каримжанқызы
Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкесі
Бержан Қанатбаев атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау.
Мақсаты: Құрмалас сөйлем, оның түрлері, мағынасы, жасалу жолдары туралы алған білімдерін пысықтау, бекіту.
Міндеттері:
-
Құрмалас сөйлемнің түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
-
Оқушылардың бір-бірін оқыту, бір-бірінің білімін бағалау дағдыларын жетілдіру.
-
Тақырып бойынша белгілі бір ой-тұжырым жасату.
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушылар құрмалас сөйлем, оның түрлерін ажырата біледі.
-
Бірін-бірі оқыту, білімдерін бағалау дағдысы жетіледі.
-
Тақырып бойынша ой-тұжырым жасайды.
Оқу құралдары: оқулық, дидактикалық материалдар.
Сабақ түрі: Білімді бекіту сабағы.
Оқыту әдістері: Топтық, жұптық жұмыстар, Блум таксономиясы бойынша жаттығу, тапсырмалар.
Сабақ барысы:
Уақыты |
Блум |
Сабақты ұйымдастыру формасы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
1 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. |
Сыныппен амандасу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару. |
Оқушылар амандасады. |
|
2 мин |
Топқа бөлу. |
Оқушыларды түрлі түсті қолдың суретін көрсету арқылы үш топқа бөледі. |
Топқа бөлініп отырады. |
|
5 мин |
Білу |
«Жіңішке сұрақтар» |
Мұғалім сұрақтарды ауызша оқып тұрады. Әр жауаптың бірінші әртін алғанда бүгінгі тақырыптың аты шығады. (ҚҰРМАЛАС). Шыққан тақырыпты тақтаға жазады. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Әр жауаптың бірінші әрпін жазып отырып, сабақтың тақырыбын шығарады. |
10 мин |
Түсіну |
«Уақыт шеңбері» |
Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже – талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек.
Мұғалім тыңдап, қосымша түсінік беріп отырады. |
Оқушылар шеңбер болып отырады, бүгінгі тақырып аясындағы талқылауға атсалысады. Оқушылар құрмалас сөйлем жайында өз білгендерін ортаға салады. |
10 мин |
Қолдану |
Ойлан, топтас, талқыла! |
Әр топқа тапсырмалар беріледі. 1-топ: Қазақтың ұлттық киімдері 2-топ: Ұлттық ойындар 3-топ:Ұлттық тағамдар |
Топтағы оқушылар постер қорғайды. Берілген тақырыпты құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып ашу. |
5 мин |
Талдау |
Құрмалас сөйлем береді. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау керек. |
Оқушылар кешенді синтаксистік талдау жасайды. |
|
5 мин |
Жинақтау |
Графикалық диктант |
Әр оқушыға графикалық диктант парағын береді. |
Оқушылар жұпта орындайды. |
3 мин |
Бағалау. Рефлексия. |
Оқушыларға стикер таратады. |
Оқушылар стикерге бүгінгі сабақ бойынша ой-пікірлерін «2жұлдыз, 1тілекпен» жазады және білім тауының қай жерінде екендерін белгілеп, сол жерге жабыстырады. |
|
4 мин |
Оқушылар білімін бағалау. |
Жинаған ұпай саны бойынша оқушылардың жиынтық бағасын қояды. |
Ұпай сандарын есептеп, қорытынды ұпай санын шығарады. |
|
Үйге тапсырма беру. |
«Ата-баба салтым – асыл қазынам» деген тақырыпта эссе жазу. |
Бағалай критериилері:
Білу. 0-3
-
бірде-бір сұраққа жауап бермесе;
-
1-2 сұраққа жауап берсе;
-
3-5 сұраққа жауап берсе;
-
6-8 сұраққа жауап берсе.
Түсіну. 0-3
-
жұмысқа қатыспай, үнсіз отырса;
-
бір ғана ереже айтса;
-
2-3 ереже айтса;
-
Үштен көп ереже айтса.
Қолдану. 0-3
-
топтық жұмысқа мүлдем араласпай, үнсіз отырса;
-
топтық жұмыста өте төмен белсенділік көрсетсе;
-
топтық жұмыста орташа белсенділік көрсетсе;
-
топтық жұмысқа жоғары белсенділікпен қатысса.
Талдау. 0-3 сөйлем мүшесін, сөз тіркесін, құрмалас сөйлемнің түрін табу.
-
ешбір талдау жасамаса;
-
бір талдау ғана жасаса;
-
екі талдау жасаса;
-
Үш талдау жасаса.
Жинақтау. 0-3
-
Бір ғана сөйлемі дұрыс болса;
-
2-3 сөйлемі дұрыс болса;
-
4-7 сөйлемі дұрыс болса;
-
8-10 сөйлемі дұрыс болса.
Оқушының аты-жөні |
Білу «Жіңішке сұрақтар» |
Түсіну «Уақыт шеңбері» |
Қолдану Топтық жұмыс |
Талдау Синтаксистік талдау жасау |
Жинақтау «Графикалық диктант» |
Қорытынды ұпай саны |
Баға |
Білу.
-
Белгілі бір сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалатын сын есімнің түрі?
-
Еріндік дауыстылардың бірі: о,ө,ү,у, …
-
Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі?
-
Сөз табын зерттейтін тіл білімінің саласы?
-
Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын білдіретін рай түрі?
-
Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлем түрі?
-
Қимыл, іс-әрекеттің қалай, қайтіп орындалғанын білдіретін пысықтауыштың түрі?
-
Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегі не деп аталады?
Талдау үшін сөйлемдер:
-
Қорған топырақ араластыра тастан қаланған екен, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араласа шығып, өзінше ол да сән беріп тұр.
-
Адам туған тілін құрметтемесе, өзін де құрметтемейді.
-
Жүсіп сөйлемекші еді, — оны ду көтеріле шапалақтаған жұрттың қолы сөйлетпеді.