Үмбетқалиева Жанат Жақсылыққызы
Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкесі
Бержан Қанатбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: | Ана тілі | Сынып: 4г | |||||
Тақырыбы:
|
Шыңғыс Айтматов «Атадан қалған тұяқ» | ||||||
Әдісі: Диалог, СТО, АТК, ынтымақтастық, топпен жұмыс, | |||||||
Мақсаты:
|
Әлем халықтары әдебиетінің үлгілерімен таныстыру, көркем шығарманың идеясын аша білуге, мәтін арқылы адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелей отырып, әкеге деген құрметтін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білу; | ||||||
Күтілетін нәтиже: | Мәтінмен өзбеттерімен, топпен жұмыстана отырып, мағынасын түсінеді. | ||||||
Кезең | Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі | Дефференциация | Бағалау | Көрнекілік түрлері | ||
3 мин | Ұйымдастыру бөлімі.
«Досқа хат» тренинг Топтастыру, |
Бүгінгі күнге досына жақсы тілек жазу.
|
Топ ережесін құру, топ мүшелерін сайлау. Мүшелерін сайлау
|
Стикерлер | |||
7 мин |
Ой шақыру.
Осы бөлімдегі шығармаларды айта отырып, неге үйренгендеріңді айта аласыздар ма? Монолог дегеніміз не? Диалог дегеніміз не? |
Өткен материал бойынша сұрақ-жауап | Жұптық жұмыс | формативті | Мультимедиялық тақта | ||
5 мин |
Қызығушылығын ояту
«Менің алыстағы достарым» тарауы |
Сөзжұмбақ шешу
«ДОСТАР» |
Топтық жұмыс. СТО | Топтық бағалау | Интерактивті тақта | ||
5 мин | Мағынаны тану.
Достар өмірде әртүрлі болып келеді. |
«Достар қандай болу керек?» оқушылар «Ес картасын» толтырады. Флипчартты қорғау.
|
Топтық жұмыс.
СТО.
|
Топтық бағалау | Флипчартпен жұмыс, фламастер, бояу карандаш | ||
5мин | Автор туралы мәлімет
Шығарманы оқыту |
Оқулықпен жұмыс
Тізбектей оқу, түсінбегенін түртіп алу Сөздік жұмыс Қыстақ- ауылды жердегі елді мекен, Қашар- мал қамайтын қора. Қырқым, қырықтық- қойдың жүнін жаппай қырқу науқаны. Жағасы жайлау, төбесі қыстау- уайым-қайғысыз тіршілік. Домбығып- ісініп.
|
Жеке жұмыс. Түртіп алу | Оқулық, дәптер, қалам, қарындаш | |||
10 мин | Сұрақ –жауап
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді | Оқулық, суреттер | ||||
5 мин | «Соғыс», «Батыр», «Жеңіс» сөздерін бейнелеу | Қимылмен көрсетеді, басқа топ мүшелері табады | Топ мүшелері | Парақшалар | |||
5 мин | Бағалау. Үйге тапсырма. | Топтық бағалау. Бағалау парағы бойынша | |||||
Кері байланыс
Рефлексия |
Білемін, Ойландым, Қызықтым, Білдім, Білгім келеді | «Бес саусақ» БҰҰ | Парақшалар | ||||
Сабақты талдау
4 г сыныбында өткен Ш.Айтматовтың «Атадан қалған тұяқ» әңгімесі
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру, алғашқы түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру сабағы.
Тақырыбы: Шыңғыс Айтматов «Атадан қалған тұяқ»
Бұл сабақ білім, білік дағдылары қалыптасқан сыныпта өткізілді. Оқу дағдылар қалыптасқан, көркем шығармалардың мазмұнын түсініп, оқырмандық біліктері қалыптасқан. Сыныпта ұл балалар көп, белсенді. Сынып тату, қызықтыра білсе тапсырманы орындауға белсене қатысады. Оны шешу жолдарын тез табады.
Мақсаты:
- Әлем әдебиетінің балаларға арналған озық шығармаларымен таныстыру;
- Көркем шығарманың идеясын аша білуге, мәтін арқылы адамдыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу;
- Топпен, жұппен жұмыс жасай отырып сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру;
- Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру және ұштай білу;
- Топтарда, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру;
Сыныпта жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдандым. Бұл технология бойынша сабақ үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша «ой шақыру» әдәсә бойынша оқушыларға өткен сабақтарда өткен тақырыптар бойынша ашық сұрақ қоя отырып, проблемалық сұрақ қойылды. Оқушылар сөзжұмбақ арқылы достық сөзін шығарып, оның мәнін, мағынасын топ болып ашты. Жаңа сабақтың мазмұнын оқулықтан өздері таныса отырып, түртіп алу арқылы, жұп болып талдап, сұрақ- жауап арқылы бекітілді. Оқушылар сөздік жұмысымен жұмыстанды. Мағынасын ашуға тырысты. Рефлексия кезінде оқушылар «бес саусақ» әдісі бойынша білетінін, ойланғанын, қызыққаны, білгенін, білгісі келетіндерін көрсете білді. Оқушылардың сабақта зерттеушілік әңгімелерін арттыру және шығармашылық қабілеттерін, өз ойларын жеткізе білуді негізгі бағдар етіп алдым. Әр топтың оқушылары белсенділік танытты және өздеріне берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындай алды. Сабақтың мақсаты бойынша тақырыпта оқушылар өз бетімен меңгеру керек болған. Венн диаграммасы арқылы қорытындыланды. Рефлексия жасалды.
Сабақта оқушылардың көру және дыбыстық эффектерді қабылдау дәрежесін арттыру үшін презентациялық, видиороликтер пайдаланды. Мен бұл сабақта өзім сөйлемей, оқушылардың сөйлесуіне, пікір алмасуына көп көңіл бөлдім.
Оқушыларға осы технологияны пайдаланып сабақ өткізгенім ұнады. Келесі сабақта осынлай өтсе деп тілектерін білдірді. Сабақ мақсатына жетті.