Басы » Кембридж бағдарламасы » Я әрпінің жазылуы

Я әрпінің жазылуы

bukva_ya_rasskaz

 

Уақыты

26.09.2014 жыл

2 «Ғ» сыныбы

Сабақ тақырыбы:

Я әрпінің жазылуы

Сілтеме

2 сынып    « қазақ тілі » оқулығы

Міндеттері:

  1. Білімділігі: Я я дыбысы мен әрпін таныстыру, дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету, көркем жазуға машықтандыру.
    Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасын жетілдіру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ой тұжырымын жасауға дағдыландыру.
    Тәрбиелілігі: Оқушылардың бойындағы рухани – адамгершілік қасиеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін  нәтижелер:

      Я әрпін жаза отырып сол әріп туралы түсінік  алады, есте сақтап,    талдай біледі, оқушы бойына қамқорлық сезім қалыптасады.

Тапсырмалар:

  1. Миға шабуыл

  2. Ойлан-топтас-талқыла

  Сөз, сөйлемдер құрастыру

Қосымша  тапсырмалар:

  1. Өзгерісті бақылау

  2. Өзге әріптестермен кеңесу

Жүргізетін жұмыстар

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының  іс – әрекеті

2 минут

 5 минут

10 минут

7 минут

3 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

       Сыныппен сәлемдесу

       Психологиялық  дайындық  жасау:  «Ақ тілек»

Мақсатымыз — білім алу,

Міндетіміз — еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла,

«5» — ке қолды жеткізу.

ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау:

  1. Ережелерді қайталау.

  2. 65-жаттығуды тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды, я жазылады.

Мысалы: мия, тақия, Ғалия, қария, қоян

-Дұрыс, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «я әрпінің жазылуы». Тақырыбы, сабақтың мақсаттары.

Слайд көрсету.

Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді көшіріп жаз

  • Менің інім — Бақтияр,

  • Болса өзінде ықтияр,

  • Қызыл қарбыз тұрғанда,

  • Жемес еді көк қияр.

  • Қадыр Мырза Али

  • Я әрпі бар сөзді астын сыз. Оның қандай дыбыс екендігін ажырат.

Слайд көрсету.

ІV. Сергіту сәті.

«Айна»    әдісімен көрсете отырып қайталау

Мақалды оқып, жатқа жаз

  • Адалдан зиян жоқ,

  • Арамда иман жоқ.

Сөздерді көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.

  • Пи…з , Ұрқи… ,си… , Дари…,қари … ,зи…н.

VІІІ.  Әр қатарға деңгейлік тапсырмалар беру.

ІХ. Топтық тапсырма. Әр қатардағы жеке оқушыларға сематикалық кестелер таратылады  .

ХІ. Ой  қорыту:

        Бағалау. Оқушылар алдарындағы бағалау парақшаларындағы бағалардан қорытынды баға шығарады. Сабақ барысындағы басқа тапсырмалар бойынша әр жұмыс бағаланып отырды.

    Рефлексия.

Мұғаліммен сәлемдесу. Оқушылар қатар бөлінеді

Оқушылар бағалау критериймен танысады.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсінеді.

ойланады, талқылайды, өз ойларын айтады.

 Оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.

Белсенді қатысады. Тапсырманы тиянақты орындайды.

Балалар парақшадағы бағалар бойынша өздерінің қорытынды бағаларын біліп отырады. Оқушылар ізденеді, өз бетімен дайындалады.

Қосымша мәліметтер жинақтайды.Сабақтан алған әсерін айтып, ой бөліседі.

Үй тапсырмасы:

Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау.

70 – жаттығу  жазу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *