Қызылорда облысы
Сырдария ауданы
Бесарық ауылы
№147 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Нурпейсова Венера
Мақал –мәтелдер
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: мақал-мәтелдер жөнінде ұғым беру, мақал-мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдарыған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндіру;
Дамытушылық: мақал-мәтелдерді орынды қолдана білуге түрлі тапсырмалар арқылы шыңдау және дамыту;
Тәрбиелілік: мақал-мәтелдер адамды жамандықтан жирендіріп, шешендікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау сабақ.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ойқозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтел туралы плакаттар, мақал-мәтел жинақтары, буклет, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Өткен сабақтарға шолу жасап, үй тапсырмасын сұрау.
4. Назарын сабаққа аудару.
Үш топқа бөліну.
1-топ «Қыран»
2-топ «Тұлпар»
3-топ «Сұңқар»
Үй тапсырмасы: Мақал-мәтел жаттау.
Үштопқа: еңбек, ата – ана, отан туралы үш мақал, екі мәтел жазу.
Мақал дегеніміз не?
Мәтел дегеніміз не? Мысал келтіріп айтып беру.
Жаңа сабақ:
І- бөлім «Мақал сөздің мәйегі»
ІІ- бөлім «Тапқыр болсаң, тауып көр»
ІІІ- бөлім «Егер де мен…»
ІҮ- бөлім «Біреу білмегенді, біреу білер»
І- бөлім 129-130-132 жаттығуларды үш топқа бөліп беріп: адалдық, туыстық, достық және қысқа мақал жазу.
ІІ- бөлім оқушылардың ребустарын шешу.
ІІІ- бөлім оқулықтағы 23-суретке қарап:
«Егер де ақын болсам »
«Егер де жазушы болсам»
«Егер де суретші болсам»
ІҮ- бөлім жұмбақтардың жауабына мақал айту.
Дәптермен жұмыс: 137- жаттығу. Көшіріп жазу.
Нақыл сөздердің мағынасын ашып айту.
«Жеті» сөзі туралы қандай мақал білесіңдер.
Сабақты бекіту: — Міне, балалар, мақал-мәтел ауыз әдебиетінің ең байырғы, көне түрі. Ол – ғасырлар бойы халықтың атадан балаға қалдырып келе жатқан өмірлік өшпес мұрасы. Сондықтан мақал-мәтелдерді күнделікті тұрмыста орынды қолдана білуге шақырамын.
Үйге тапсырма: 134-135 – жаттығулар.
Оқушыларды бағалап, марапаттау.