Дарменбаева Гульнара
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Мақсаты: зат есімнің жекеше, көпше түрін өткен материалдармен байланыстырып, көптік жалғауын ажыраттыру, зат есім туралы оқушылардың білімдерін нығайту және жалпылау. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау, талдау, алған білімдерін пайдалана білуін, тілдерін дамыту, өзіндік пікір айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету. Білімдікке, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, туған елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, дәптерлерді ауыстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру: күн сәулелерін арқылы балаларға сұрақтар қойылу
1) Сөз таптарына нелер жатады?
2) Түбір сөзге жұрнақ жалғанғанда …… ?
3) Зат есім дегеніміз не?
4) Жалқы есім дегеніміз не?
5) Жалпы есім дегеніміз не?
6) Зат есімнің сұрақтары ата?
3. Жаңа сабақ. (қазақ тілі –зат есім – 3 сабақ – 1т, ) енді , балалар, мына суретке қарап тиісті сұрақтар қояйық. Суреттегі заттардың айырмашылығы неде? Құс деген сөз «бір құс» деген ұғымды білдіреді, ал құстар деген сөз «көп құсты» білдіреді, демек зат есімнің жекеше және көпше түрлері бар. (қазақ тілі з.е 3 сабақ -2,ереже, 3 тапсырма ауызша)
4. Оқулықпен жұмыс: 1 – жаттығу: суреттегі заттардың санын анықта. Салыстыру, бір-бірімен қандай айырмашылығы бар?
5. Ереже дауыстап оқу.
6. Екінші жаттығу: сөздерді оқу, ауызша орындау.
7. Осыған ұқсас тақтадағы жаттығу орындаймыз: қазақ тілі зат есім- 3с. – 4 тап.-жазу
8. Оқулықтағы берілген ережені оқу.
9. 4 жаттығу тақтада оқу көптік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазу.
10. Сергіту сәті: ойын «Кім тапқыр?» зат есімнің жекеше және көпше бөлек жазу. (қазақ тілі –зат есім-3 сабақ-5 тап.)
11. Карточкамен жұмыс: «Тез ойлан!» (берілген карточкалардың заттарын аттап, көпше түрге айналдырып сөйлемдер құрастыру) ауызша
12. Сабақты қорыту: семантикалық карта толтыру.
Жалқы есім Жалпы есім Жекеше Көпше
Қайрат
көрші
қалам
қарындаштар
Айсұлу
дала
бұзау
жылқылар
13. Үй жұмысы: Күнделікті ашайық
Үй тапсырмасын жазайық
Бүгін алған білімді
Ұмытпай есте сақтап алайық.
Ережені жаттау, 3,5 жаттығу
14. Бағалау
[bws_related_posts]