Басы » Эссе » Менің педагогикалық философиям

Менің педагогикалық философиям

№ 11 орта мектеп-гимназиясының
бастауыш класс мұғалімі
Жаксагулова Сауле Едильхановна
Менің педагогикалық философиям
(эссе)
Менің педагогикалық философиям «қарапайымнан жоғарыға» яғни қарапайым тәрбиелей отырып жоғары білім шыңына жетелеу, бағындыру. Әрине қиялдағының бәрін жеткізу мүмкін болғанымен орындау уақытты қажет ететіні болмаса…
Мен өзім № 11 орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімімін және класс жетекшімін. Мұғалім мамандығын тандап тер төгіп, еңбек еткеніме 18 жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым- үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынын жақсылық тауып, оларды биік мақсаттарға жетелеу. Мұғалім оқушы үшін өз ата-анасынан кейінгі екінші жақын адам. Сондықтан да болар мұғалім балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастард ың әлеміне жетелейтін тұлға. Сонымен қатар мұғалім ұрпақтың бойына біліммен тәрбиенің негізін қалыптастыра алатын адамгершілігі жоғары, мәдениетті, шыншыл да адал, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, спорттың, техниканың даму жайын жақсы білетін, оны түсіндіре алатын маман болуы керек. Қазіргі таңдағы ұстазға деген талап жан-жақтылықты қажет етеді. Сондықтан мұғалім алдымен өзі тәрбиелі, сауатты болу керек. Сонда ғана бар баланың емес әр баланың жүрек төрінен орын алады деп білемін.
Ия, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Мұғалімнің жұмысы күрделі екендігі баршаға аян. Бүгінгі сабақты өткізген соң, ертеңгі сабаққа тың ой, идея, өзгеше әдіс-тәсілмен келу керек. Қазіргі ақпаратты технологияның, компьютердің үлкен орын алып тұрған заманында әсіресе тарих пәнін жалықтырмай қызғылықты етіп оқушыға жеткізу, меңгерту үлкен ізденісті қажет етеді. Сондықтан мұғалім ақпараттық коммуникативтік технологияларды ұтымды, тиімді пайдалануы қажет.
Бір айта кететін жайт-оқушы бойына білім, дағды, құндылықтарды қалыптастыруда бастауыш мұғалімнің алатын орны ерекше. Кешегісіз бүгініміз, ал бүгінгісіз ертеңіміз жоқ екенін шәкірттеріміз жақсы білуі керек. Әрбір оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойланып сөйлете білу-ұстаздың шеберлігінің жемісі деп білемін. Түпкілікті нәтижеге жету үшін мұрағат және мұражайларға бару, баспасөз деректері, ғаламтор желісіне шығу, жаңа ақпараттық технологиялар арқылы таным белсенділігін арттыру, дамыту десек, осы талаптарды іске ас
ыруда аймақтық компанентті қолдану оқыту сапасының артуына ықпал етеді.
Ұстаздықты жүрегімен сезінген адамға ұстаз-киелі мамандық. Мен педагог ретінде оқушыларды тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылықтары мен салт-санасын бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Адам тәрбиелеу оған ғылыми негіздермен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету- өте қиын екені белгілі. Мұғалім өз баласынан бұрын өзгенің баласы үшін жаратылған жан деп бекер айтылмаса керек.
Менің мамандығыма деген қызығушылықтың, дұрыс көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Ұжымдағы тәжірибелі педагогтардан үлгі-өнеге аламын. Олар ең басты сабағым – балаға деген мейірімділік, кешірімшіл болу, ата-анамен және сырт адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.
Менің бір ұққаным әр таңда жұмысына, мектепке, оқушыға асыға жеткен ұстаз, ол –үлкен жүректі ұстаз. Ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдерсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаев бүгінде мұғалімдерге зор жауапкершілік жүктеді. Себебі, әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ош
ағы-ұстаз берген білімде.
Жақсы ұстаз- бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын тұлға. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс-тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. «Дәстүрлі және жаңа ақпаратты технологиялар арқылы оқушылырдың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру» атты әдістемелік тақырып бойынша жұмыс істеп жүрмін. Қытай ойшылының «Маған жай айтсаң- ұмытамын, көрсетсең- есімд
е сақтаймың, ал өзімді іс- әрекетке қатыстырсаң- үйренемін» деген даналығын негізге ала отырып, білім беруде ақпаратты технология оқушылардың ынтасын арттыруда, жеке тұлғаны дамытуда ой- өрісін кеңейтудің бірден-бір ұтымды әдіс- тәсілі деп ойлаймын. Қазіргі уақытта оқушының шығармашылығын дамытуда тек компьютерлік технологиялармен шектеуге болмайды , өйткені адам ақпаратты басқа көздерден де- басқа беттерінен, аудио- видео құралдарынан алады.
Ақпараттық технология әдістерін қолданып оқитын оқушылардың оқу сапасының да жоғары, сабаққа деген ұмтылысының да жоғары болуы – ақпараттық технологияныңартықшылықтарыдеп білемін. Келешекте өз әдістемелік шеберлігімді жетілдіру үшін мынадай жұмыстар жүргізуі қажет:
— Оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын ендіріп отыру;
— Өзіндік сарап жүргізу арқылы ұстаздық шеберлікті жетілдіру.
Яғни, мұғалім өмір мен тұрмыстыңкүрделігіне қарамастан үнемі талмай, үйрену үстінде болады. Ұлы Абай айтқандай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға».

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *