Басы » Баяндамалар » Бастауыш сыныпта «Сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясын» тиімді қолдану әдістемелеріне сипатта

Бастауыш сыныпта «Сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясын» тиімді қолдану әдістемелеріне сипатта

ШҚО
Семей қаласы
№10 орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі

Арайлым Мусалиева

Бастауыш сыныпта «Сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясын» тиімді қолдану әдістемелеріне сипаттама.

Аталмыш бағдарламада сын тұрғысынан ойлау мен жазу технолгиясын сабақта  тиімді қолданудың теориялық тұжырымдары көрсетілген. Сын тұрғысынан ойлау технолгиясы қазіргі таңда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ең қажет ететін әдістеме. Сын тұрғысынан ойлау мен оқыту бағдарламасы үш  негізгі құрылымнан тұрады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолдана отырып сабақ жоғары деңгейде өтетініне көз жеткізуе болады. Ол үшін СТО технологисының стратегияларын тиімді қолдану қажет. Әрбір мұғалім СТО технологиясының әдіс- тәсілдерін жетік меңгеру арқылы сабақта жоғары дәрежеге қол жеткізе алады. СТО технолгиясының стратегияларын сабақтарда қолдану дегеніміз оқушының тереңінен әрі жан –жақты ойлауына, шығармашылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеп, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.

СТО технолгиясы дегеніміз –бұл ең алдымен оқушының өз ойы. Яғни оқушыларға өз беттерімен ойлап, әртүрлі сұрақтарға шешім қабылдауға уақыт беру.

Екіншіден СТО технолгиясы оқушыларды сыни ойлануға жол ашады.

Үшіншіден СТО технолгиясы қандайда бір мәселені шешуге бағытталады.

Төртіншіден оқушылар оқи отырып, пікірталаса отырып, өз ойларын анық жеткізуге нақты бағытталады. Келер ұрпағымыздың жеке тұлға болып қалыптасуы және шығармашылық дамуы, сондай-ақ оқуға деген ынта жігері бастауыш сынып сатысында қалыптаса бастайды. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (Л.Джинка Стил, С.Куртик Мередит, Чарльз Тэмпл). Ғылымға еңгізген. Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, одан басқаларда өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз.» — деген қағидалары қазіргі уақытта да маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда білім берудін озық технологияларың меңгермейінше , сауатты әрі жан-жақты болу мүмкін емес.
Міне сондықтан да ұстаздың мақсаты міндеті осындай жақсы қасиеттерді оқушының бойынан жоғалтып алмай,тереңінен қалыптастыру. Одан әрі жоғары деңгейде дамыту болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясы екрекше орын алады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы жалпы оқытуды үйретіп қана қоймай, түрлі әдіс -тәсілдер арқылы оқуға деген ынтасы артып, өзін –өзі оқытуға деген ойы арта түседі. Себебі СТО технологиясы дегеніміз –бұл өте кең ауқымда ойлау мен өз ойын жеткізе алу, дұрыс шешім қабылдай отырып, тыңдаушысын түсіну сияқты мінез-құлықтарға жауап береді. Яғни сыни ойлау дегеніміз –өзінің және басқалардың ойындағысын дұрыс қабылдап, бағалау, нақты және жан-жақты тексеру нәтижесінде қорытындылау СТОтехнолгиясыныңмақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде  Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос — Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.        «Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның шартты ережелерінде,яғни, стратегияларында.  Стратегия дегеніміз — философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге,  ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына,  үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына  қарай стратегияларды әр мұғалім өзі тиімді пайдалана алады.   Бұл мұғалімнің әдістерді қолайлы пайдалану шеберлігіне де байланысты.

Сто технологиясының мақсаты балалардың келешек өміріне қажет қимыл әрекеттері яғни жан- жақты ойлау арқылы дұрыс шешім қабылдай алуға үйретеді.

Технология 3негізгі құрылымнан тұрады

Осы сто технологиясының  кезеңдерін дұрыс орынымен пайдаланған жағдайда мұғалім көптеген жетістіктерге жетеді. Ал мұғалім жетістігі өз оқушысының жаңа заман талабы бойынша тәрбиеленіп, білім алуы.

Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында: Білім білім беру жүйесінің басты міндеті –ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.
Технология 3негізгі құрылымнан тұрады

1 – «қызығушылықты ояту»

Оқушы оқытылатын  жаңа тақырыпты ашу үшін  ойында қалған білімдерін пайдалана отырып болжамдар жасайды. Ойындағы сұрақтарға жауап іздейді. Бұл бөлімде мынадай іс-әрекеттер оқушы бойынан табылады:

*өздерінде бар білімдеріне сүйену

*жаңа білім алуға деген қызығушылық

*оқыту үшін оқушымен бірлесе отырып сабаққа мақсат құру.
Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» тағы басқа деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. өйткені үйрену –оқушының бойынан белсенділікті талап ететін іс-әрекет.  Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны алдыңғы  білімімен ұштастырады.
2- «Мағынаны ашу»:

Оқушы жаңадан алған білімін алдынғы  білімімен ұштастыра отырып ойын одан ары қарай дамытады. Бұл кезеңді жүзеге асыру үшін мұғалім мынадай әдіс- тәсілдерді: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білу, өзара оқытуды пайдаланады. Осы кезеңде оқушының өздігінен білім алу, танымдық қабілеттерінің дамуы, шығармашылық іс-әрекетінің дамуы яғни еңбекқорлыққа жетелейді.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігі артады.

3- «ой толғаныс»

Қорытындылау бөлімі. Оқушылар алған білімдерімен алмасады. Алдыңғы кезеңдерде алған білімдеріне  әдіс- тәсілдер арқылы шешім қабылдайды берілген тапсырмаларды  дәлелдеп қорытындылайды.
Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V» — «білемін», «-» — «білмеймін», «+» — «мен үшін жаңа ақпарат», «?» — «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылақ етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Оқушылар жай оқып қана қоймай, оқығандарын түсінуге, түсінгендерін дұрыс жеткіе білуге жол ашады.

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Осы кезеңде  жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында байланыс құралады.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалім үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Яғни, мұғалім оқушыларға  білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушысы болып табылады.Еркін жазу стратегиясы. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақта  қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле алмағаныняғни, оқушының өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерген екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады яғни салыстыра білуге үйретеді. ЖИГ СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Оқушыныны түсініп оқуға жетелейді. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады.
Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4-өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 – нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ЖИГ СО – стратегиясы оқушы үшін мазмұндауды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін бағытталған ең ұтымды әдіс. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

Қорыта айтқанда, ойлаумен білім алуды байланыстыра бағыттайтын оқыту технологиясы — оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту екендігіне көзіміз жетті. Өйткені, белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны білім алуға бағыттайтын білімнің биік белестеріне көтерілуіне жол ашады. Бұл тұжырымдамам осы СТО технологиясының кез- келген стратегияларынан көрінеді. Оқушыларға әрі қарай ойын, шығармашылық қабілеттерінкөрсетуге ынталандырады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *