Атырау қаласының жас натуралистер стансасы
Педагогикалық оқулар
Баяндама
Үйірме мүшелерін дәрілік өсімдіктерді танып білуге және оларды емдеу үшін пайдалануға үйрету жолдары
Дайындаған: Жамелова Ғалия
2 санатты қосымша білім беру педагогі
ЖОСПАР
1.КІРІСПЕ ———————————————————————— 1-2бет
Дәрілік өсімдіктердің маңызы мен емдік қасиеттерін пайдалану
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Үйірме жұмысының негізгі бағыттары—— 3-4
2.2 Сабақтар мен тәрбиелік шаралардың маңызы 5-6
2.3 Күтілетін нәтиже 7-8
3.ҚОРЫТЫНДЫ——————————————————————-9
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ———————————- 10
ҚОСЫМША————————————————————————-
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі туралы .
Бүгін күні білім саласының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.Өйткені қазіргі кезең қоғамның жедел дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі жас жеткіншектер.
Педагог алдында бүгінгі болашақ ұрпақ тәрбиелеуде тұрған міндеттер:білім мазмұны және оны оқытудың әдіс — тәсілдерін түрлендіру.
Ол үшін ерінбей еңбектеніп, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылау,жүйелі білім мен дағды қалыптастыру қажет.
«Дәрілік өсімдіктер » атты үйірмеге қатынасушы балалар жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер бар екенін білуі керек .
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.
Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары.Үйірме мүшелеріне дәрілік өсімдіктерді танытып білдіру мақсатында негізгі міндеттерді іске асыру қажет .
Атап айтқанда :
1. Дәрілік өсімдіктер кездесетін жерлері туралы мәлімет беру ;
2.Жиі кездесетін дәрілік өсімдіктердің тізімін жасау;
3. Станса ауласында өсетін дәрілік өсімдіктерге сипаттама беру;
4. Емдік қасиеттеріне сай пайдалануды үйрету;
Осы міндеттерді орындауға бағытталған түрлі жұмыстар үйірме сабақтары мен тәрбиелік шаралар арқылы іске асады. Үйірме мүшелерін тек қана сабақтар өткізу арқылы ғана емес тәжірибе,бақылау жасау,эксперимент жасау арқылы да аталған міндеттерді іске асыра аламыз. Балалардың үйірмеге қатынасу қызығушылығын ,белсенділігін арттыру үшін медицина мекемелері мен дәріхана қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыруға болады. Арнайы табиғаттық атаулы күндеріне арналған көпшілік-мәдени шаралардың да маңызы зор.
Шара соңында балаларды ынталандыруға арналған мадақтама дипломдар,алғыс хаттар және түрлі сыйлықтар беріледі .
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер қосымша білім және тәрбие беру жұмысында жеке тұлғаны өзгермелі қоғамға толық бейімдеу, болашақта өзін-өзі жүзеге асыра алатын азамат етіп қалыптастыру. Сондықтан да үйірме мүшелеріне дәрілік өсімдіктерді танып біліп олардың қасиеттерін пайдалана білуге үйретудің маңызы зор.Теориялық сабақтарда түрлі әдістерді пайдалана отырып қосымша білім беріледі. Қазіргі күні интернет жүйесінен барлық дәрілік өсімдіктер бойынша толық мәлімет алуға болады .
Дәрілік өсімдіктердің 500.000 мыңдай түрі бар .
Үйірме сабақтарында аула және жылыжайда өсірілетін дәрілік өсімдіктермен балалар танысып қана қоймай олардың емдік қасиеттеріне сүйене отырып күнделікті өмірде пайдалануға үйрету қажет .Қосымша білім мен тәрбие жүйесінде баланың іскерлігі мен нақты дағдыларды қалыптастыруға көңіл бөлінеді .Көбінесе ойын арқылы, өзара қарым қатынас арқылы ұжымдық өмір дағдысы қалыптасады.Әртүрлі ойындар ,сайыстар ,сөзжұмбақ, «жалғасын табу»,суретті құрастырып дәрілік өсімдікті атау сияқты жұмыстар үйірме мүшелерінің білімін толықтырады ,кеңейтеді .
Станса ауласында дәрілік өсімдіктердің көшеттерін отырғызу, тұқымдарын егу ,оларды күту жұмыстары жүргізіліп келеді.Дәрілік өсімдіктердің өсіп ,даму барысына бақылау жүргізіледі .Күз айларында емдеуге жарамды мүшелерін жинап оларды кептіру жұмыстары жүреді.
Қыс айларында үйірме мүшелері жылыжай өсімдіктерімен жұмыс жасайды.Атап айтқанда алоэ,каланхое,золотой ус атты дәрілік өсімдіктерді көбейту,ыдысын ауыстыру,қосымша қорек беру,бақылау жұмыстарын жүргізеді .
Дәрілік өсімдіктердің суреттері (қосымша 1)
Дәрілік өсімдіктерді ауруларды емдеуге пайдалану (қосымша 2)
Р/с | Өсімдік атауы | Емдеу үшін алынатын өсімдіктің мүшесі | Ауру түрі | Пайдалану әдісі |
1 | Алоэ | Етті жапырағы | Терінің қабынуы | Жапырағының тікенді жиегін кесіп , ортасын жарып теріге дәкемен байлау |
2 | Алтын мұрт
Золотой ус |
|||
3 | Адыраспан | |||
4 | Бақ-бақ | гүлі | Тері ауруы | Кептірген күйде
Ыстық суға бұқтырып ,тұндырып сүзіп ішеді |
5 | Барқытшөп | |||
6 | Жантақ | |||
7 | Жолжелкен | |||
8 | Итмұрын | |||
9 | Ошаған | |||
10 | Қалампыр | жапырағы | Жүйке ауруы | Қайнатып ішу |
Оқу жылының басында үйірмеге қатынасушылардың дәрілік өсімдіктер бойынша мәліметі аз немесе жоқ болады. Үйірме сабақтарының барысында олар бірте –бірте білімін толықтырып отырады. Станса ауласында және жылыжайда өсетін бір жылдық немесе көпжылдық дәрілік өсімдіктердің сипаттамасымен танысады.Әсіресе емдік мақсатта пайдаланатын мүшелерін танып-біледі.
Атап айтқанда :
Алоэ —көп жылдық дәрілік өсімдік ,3-5 жылдық етті жапырақтары
пайдаланады;
Золотой ус — 7 буын пайда болғаннан кейін сабағы мен жапырағын қолданады;
Адыраспанның емдік мақсатқа шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Адыраспан — ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Кезінде атақты Абу Әлі Ибн Сина оны сегізкөз нервісінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде қолданған Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде пайдаланылады, ал шөбінен жасалған қайнатынды суық тигенде, безгек ауруына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып табылады. Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде де пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады ;
Бақ-бақ (Одуванчик) шөп тектес өсімдік ,тамыры мен жапырықтарында кристалды қышқыл, шырын, қант, тағы басқа заттар, ал тамырында 25 процентке дейін инсулин болады.Дәрі жасау үшін бақбақтың тамырын, кейде жапырақтары алынады. Ол халық медицинасында кеңінен қолданылады. Тамырынан жасалған тұңба тәбет ашады, астың қорытылуын жақсартады ,омырау сүтін молайтады, қақырық түсіреді. Тамыры мен ұңтақталған жапырағын қатты ісіктерді басуға қолданылады. Ғылыми медицинада бақбақтың тамыры мен шөбін тәбет ашатын, ас қорыту органдарының қызметін жақсартатын шипалық зат ретінде пайдалынады. Одан әртүрлі препараттар жасайды.
Барқытшөп (Бархатцы мелкоцветные) — ерекше иісті, бұтақты сабағы бар бір жылдық өсмдік. Жіңішке сүйір жапырақтары бар, ал гүл қауашақтары сары, қоңыр — қызыл түсті. Жемісі – ұзынша келген дәннен тұрады. Биіктігі 20 — 40 сантиметр. Маусым мен қыркүйек айларының аралығына гүлдейді.Емдік мақсатқа гүл қауашақтарын пайдаланады. Оларды шілде – қыркүйек айларында жинайды. Барқытшөптің гүл қауашақтарының суға қосып жасалған тұнбасын несеп жүргізетін, тер шығаратын және ішек құртын түсіретін дәрі ретінде пайдаланады. Ол үшін барқытшөптің 1 ас қасық құрғақ қауашағын 1 стакан (200 грамм) қайнаған суға салып, жарты сағат тұндырып сүзеді. Сонан соң, оны 2 ас қасықтан күніне 3 — 4 рет ішеді.
Жолжелкен (Подорожник большой) — көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 — 40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады.Маусымнан қыркүйек айларына дейін гүлдейді Жолжелкен жапырақтарының құрамында аукубин глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, К витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Ұрығында 44 процентке жуық шырыш, май, плантеоза мен сапониндер кездеседі.Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған.
Итмұрын —Ошаған (Дурнишник обыкновенный) бір жылдық сұрғылт жасыл түсті өсімдік. Жапырақтары жүрек тәрізді. Үстіңгі беті жасыл. Жемісі — сопақ дән. Биіктігі 30 — 120 сантиметр.Шілде – тамыз айларында гүлдейді .Жапырақтарында йод, алколоид және С витамині бар. Ал дәңдерінде май, шайыр, глюкозид пен йод бар. Ошаған – улы өсімдік.Емдік мақсатта ошағанның жапырағы мен сабағын, жемісі мен тамырын пайдаланады. Жапырағы мен сабағын шілде – тамыз айларында жинайды.
Қалампыр (Гвоздика)- қалампыр тұқымдасы, бұтақты сабағы бар, көп жылдық өсімдік. Қазақстанның барлық жерлеріне кең таралған. Негізінен шалғынды далаларда, сирек ормандарда, алқаптар мен орман шеттерінде өседі. Нақты құрамы әлі анықталмаған. Емдік мақсатқа қалампырдың шөбі мен гүлдерін пайдаланады. Қалампырдан жасалған дәрілер қан тоқтатады және қабынудан сақтайды.
Станса ауласында өсетін ағаш Жапон акациясы (Софора японская ) бұршақ тұқымдасына жатады,биіктігі 10 метрге жуық ағаш. Бұтақтарының ұшына ірі шашақ болып бірігіп шыққан гүл шоқтары ұсақ, ақшыл — сарғыш түсті. Жемісі жұмыр, ашық көрінетін белдеулері бар, толық дәнді, түсі қара, қошқыл, қызғылттау түйе бұршақ тәрізді. Жемісінің ұзындығы 10 см-ге жуық. Маусымнан бастап қазан айына дейін гүлдеді (бізің аулада ), рутин алатын негізгі шикізат көзі болып саналады.Емдік мақсатқа піскен жемісін пайдаланады.
Үйірме сабақтарынан күтілетін нәтиже
Топтар | б/с | Айлар | |||||||||
09 | 10 | 11 | 12 | 01 | 02 | 03 | 04 | 05 | 06 | ||
1 топ | 13 | 2 | 4 | 4 | 4 | 5 | 6 | 7 | 9 | 10 | 12 |
2 топ | 12 | 3 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 7 | 8 | 10 | 11 |
3 топ | 12 | 1 | 2 | 2 | 4 | 6 | 6 | 6 | 8 | 10 | 10 |
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев : «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы : Жалпы еңбек қоғамына 20 қадам » атты мақаласында туған өлкесін білу арқылы патриотизмді қалыптастыру қажеттігін атады. Елбасы «Қазақстанның стратегиясы –2050 » атты халыққа Жолдауында «…заман талабына сай қосымша білім беру жүйесінің жаңа үлгілерін жасау …» яғни, жаңарту мәселесіне аса көңіл бөлу керек екенін айтты . Біз педагогтар жеке тұлғаның үйірмелерде алған білімін пайдалана алуына жұмыстануымыз керек. Олар болашақта алған білімін және техника жетістігін пайдаланып , дәрілік өсімдіктердің жылыжайын ,табиғи дәрілер фермасы, фермерлік шаруашылықтар ұйымдастырып , өлке дамуына үлесін қосады деген ойдамын.
Сондықтан да педагогтар көп ізденіп , өз білімін жетілдіре отырып әр сабағын осы мақсаттарды орындауға бағыттауы тиіс.
Қорыта келгенде жас жеткіншекті табиғат сыйы , дәрілік өсімдіктерді көбейту, кеңінен пайдалану қажет екеніне тәрбиелеу.Айнала бізді қоршаған табиғаттың жаратқан шипалы дәрілік өсімдіктерінің азаймауы үшін , оларды өздері де өсіре алатынына көзін жеткізу.Күнделікті өмірінде қажеттілігіне қарай емдеуге дағдыландыру педагогтың маңызды мәселесі болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Байтенов М.С. В мире редких растений. Алматы, «Қайнар», 1985
2.Ахметжанова А.И., Забиров А.Н. Запасы кровохлебки лекарственной в каркаралинском районе и их использование. Флора и растительные ресурсы Централього Казахстана. Караганда, 1992 г., с. 8 – 13.
3.Дәрілік өсімдіктер ,Алматы «Қайнар » баспасы 2011 жыл
4.Интернет материалдары
Үйірме сабақтарының жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жабайы өсетін дәрілік өсімдіктер
Сабақтың мақсаты: білімділігі : Бақ-бақ, жантақ,ошаған ,бүлдірген дәрілік өсімдігі туралы мәлімет беру
Дамытушылығы :білімдерін толықтыру , дамыту ;
Тәрбиелігі : Дәрілік өсімдіктерді өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу .
Көрнекілігі:дәрілік өсімдіктердің суреті,слайд ,фито-шай
Үйірме жұмысының түрі : жаңа білімді меңгерту
Әдісі : Әртүрлі ,
Сабақ барысы: Бірінші 45 минут : 1. Ұйымдастыру кезеңі :3-5 мин.
2. Жаңа білімді меңгерту кезеңі : 30-35 мин. а)Мұғалімнің кіріспе әңгімесі; б)Слайд арқылы дәрілік өсімдіктермен таныстыру; в) жеке жұмыстар
Дәрілік өсімдіктермен емдеуді фитотерапия деп атайды (жаздыру )
Жантақ – тікенекті көпжылдық дәрілік шөп өсімдігі.
Сабақтарында кезектесе орналасқан тікенектері бар. Сол тікенектері түбінде кішкене жабырақтары орналасқан. Уақ, қызыл түсті гүлдері болады. Мамыр айында және тамызда гүлдейді.
Еліміздің барлық Оңтүстік аудандарында, Орта Азия, Кавказ. Негізінен далада, құрғақшылық аймақта өседі.
Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы.
Бүлдірген – тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдеммі иісті болады. Мамыр –шілде айларында гүлдейді. Жемістері маусым – шілде айларында піседі.
Дәрілік мақсатта бүлдіргеннің жапырағы жемісі пайдаланады.
Бақбақ – биіктігі 5 сантиметр сындырғанда сүт сияқты ақ түсті. Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп.
Жапырағы ұзынша келеді, гүлі ашық сары түсті. Сәуір-қыркүйек айларында Дәрілік мақсатта:
3.Сергіту кезеңі 10- 12 минут , викториналық сұрақтар, Жұмбақтар
1.Өзіне шап-шақ, 2.Саздауыт жерде өседі,
Киген қалпағы аппақ, хош иісі аңқыған,
Балалар тұр қаптап.(бақ-бақ) Шипа өсімдік деседі.(жалбыз)
3.Бұтаға ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек.(бүлдірген)
-Осы өсімдіктер туралы не білесіңдер?
-Бұл өсімдіктерді қандай ауруларды басу үшін қолданады?
Екінші 45 минут : 1.Педагогтың әңгімесі
өсімдіктерді танып ,емдік қасиеттерін білуге тәрбиелеу жұмыстары ,білімдері мен дағдыларын бекіту.
Қай ауруды ,қай өсімдікпен емдейді:10-15 мин
І жүрек, қантамыр Долана, сасық шөп, қазоты, шүйін-шөп (валериана), жалбыз
ІІ тері ауруы Жалбыз, түймедақ, жөке, қырықбуын, арша, жолжелкен, мыңжапырақ
ІІІ зәр айдайтын Қырықбуын, бидайық, арша, бақ-бақ, қайың, зығыр
IV өтке арналған Шашыратқы, қырықбуын, шайқурай, мыңжапырақ, итмұрын, бидайық, қалақай, жалбыз
V бауыр мен бүйректегі тас түсіретін Лобия, шоңайна, шашыратқы, қалақай, андыз
VI қақырық түсіретін Емен, жөке, тал, өгейшөп, қызылмия, жолжелкен
VII паразит құрттардан емдейтін Дәрмене, сарымсақ
VIII қант ауруын емдейтін Топинамбур (жер алмұрты )
2. Жеке жұмыс. 10-15 мин
сұрақтарға жауапты Мәтіннен тауып оқу :
А)Қандай өсімдіктерді дәрілік өсімдіктер деп атайды?
Ә)тағы қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер?
Б) қай ауруды емдейді ?
3. «Мен дәрілік өсімдікпін» атты дидактикалық ойын: 5-10 мин
(Қайың,емен,қызғалдақ,шырша,қарағай) кез келген өсімдікті таңдап ,сол туралы әңгімелейді.
4. Үйірме жұмысын қорытындылау ,тапсырмалар беру
Тәрбиелік шара: «Жасыл дәріхана »
Педагогтың кіріспе сөзі
- 1. Табиғат аясында өзін ұстай білу ережелерін түсіндіру және есте сақтауға тәрбиелеу :
Ережелер: (оқушылар жеке-жеке айтып береді) 3-5 мин
1.Гүлшоқтары үшін өсімдіктерді жұлуға болмайды ;
2.Дәрілік өсімдіктерді олар қалың өскен жерінен жинау керек;
3.Орманда шалғында, жалпы табиғатта соқпақ жолмен жүру ;
4.Өсімдіктерді таптамау,баспау;
5.Сирек кездесетін дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды.
6.Жердің байлығы мен сұлулығы адамның қолында екенін ұмытпа.
- 2. Дәрігер кеңесі ( оқушы сөзі) 3—5 мин.
Фито-шай туралы айту
3. «Сен білесің бе?» 10 -15 мин
айдарымен оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы қысқаша мәліметтер беріледі.
1.Жұпаргүл асқортуды жақсартады.
2.Түймедағы ,өгейшөптің қайнатпалары ,бал қосылған қарашомырдың шырыны,сүт қосылған сәбіздің шырыны жөтелге көмектеседі.
3.Қайыңның шырыны организмді шынықтырады.
- 4. 2 команда «Алоэ» және «Жалбыз» «Ойлан тап » атты жарысы
(бір-біріне сұрақ қойып ,жауап алады) 10-15 мин
1.Итмұрынның жемісінен шай қалай жасалады ,емдік қасиеті қандай ;
2.Алоэ жапырағынан жасалған шай;
3.Түймедақ гүлі не үшін
4,Жалбыз,шәйқурай шөбі;
5.Шырғанақ шөбі; т.т
2. Суреттегі дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін айту ?
4.Қорытындылау, -Егер өсімдіктер сөйлей алса ,онда олар не айтар еді?
Үйге тапсырма беру.
«Дәрілік өсімдік » атты кітапша құрастыр; 3-5 мин.