Жанна Маратқызы Катчикова
БҚО, Ақжайық ауданы,
Чапаев ауылы
№1 орта жалпы білім беретін
мектебінің мұғалімі
Қазақ тілі сабақтарында бағдарлама аясындағы
оқытудың тиімді әдіс – тәсілдері
«Мұғалім – мектептің жүрегі» деп ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалім болашақтың іргесін қалаушы, ал ірге берік болу үшін талапты да талантты шәкірт тәрбиелеп, еліміздің ертеңін жасайтын ұрпақ тәрбиелеу – біздің қолымызда.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.
Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі – жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана – білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Білім – қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық.
Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан – жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын. Осы орайда мұғалімдердің біліктілігін көтерудің үш деңгейлі курсы бар. Курс бұрынғыдан өзгеше, жаңалықтарға толы, түрлі іс – әрекеттер жоспарлаған. Курс барысында оқыған бағдарлама жеті модульді қамтиды.
Бағдарламаның негізгі мазмұны оқытудың жаңа формасы туралы, оқу мен оқытудағы өзгерістер, оған басшылық жасау әрекеттерін үйрету, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретудегі түрлі тәсілдер, білімді бағалау жолдары туралы айтылған. Осы курстан негізгі теориялық білімді ала отырып, американдық педагогтардың зерттеулері мен оқытудағы өзгеріске әкелетін әдіс – тәсілдері мен пікірлерімен танысып, соны өз тәжірибемде қолдануға тырыстым. Оқыту мен оқудағы өзгеріске жетелейтін, оқушыларға қалай оқу керектігін үйрететін бірден бір тәсіл ол – топтық жұмыстарды ұйымдастыру екендігі белгілі болды. Себебі, курста өзімізді оқыту кезінде де топтық жұмыстар жасадық, топ мүшелерін күнде ауыстырып отырдық. Топтағы талқылау, топтағы пікірлер, әріптестердің ойлары және аудиториядағы ахуал бәрі әсерлі болды.
Білім үдерісінің табысты болуы мұғалімдердің оқуды өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары аясында жүзеге асады. Әр сабақ барысында жеті модульдің бірнешеуі қамтылады. Оқыту барысында өздігінен білім алуға, білімдерін қолдануға, ізденуге, шығармашылыққа ұмтылуға оқушының өзі іс-әркет жасауына, ұмтылуына бағыт бағдар беру көзделеді. Сабақ бойы оқушылардың барлығы дерлік іс – әрекет үстінде, жұмыс жасау, іздену үстінде болады. Мұғалім осы іс әрекетті ұйымдастырушы және басқарушы болады. Оқушылардан соны талап етеді.
Білім беру үрдісіндегі басты әрекет етуші – мұғалім. Мұғалім қазіргі заман талабына сай жаңаша білім беруді, білім берудің жаңа технологияларын үйреніп, соның сабақ барысында жүйелі қолданыс табуын қадағалай білуі маңызды.
Оқытуда сыни тұрғыда ойлауды дамытудың стратегиялары өте тиімді. Оқытуда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды үйрете отырып, сыни тұрғыда бағалай білуге үйрету. Тізбектелген сабақтар топтамасында ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдандым. Қазіргі заман талабы сандық технологияны меңгерген сауатты тұлға болмақ. Оқушының сандық сауаттылығын ашу үшін мұғалімнің де сауаттылығы маңызды дүние. Оқушыларға ақпараттық – коммуникациялық технологияны жиірек қолданып сабақ өткізу қызығушылықтарын арттырды және интерактивті тақтамен жұмыс жасауға дағдыланды.
Сабақтарымда оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам болды. Оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарайды. Білімдерін бағалау оқушылардың таңғалысын тудырады. Себебі, бұрын тек мұғалім ғана бағалап келген, енді оқушылар бір – біріне баға қоюға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарады. Оқушылар бір бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою оқушылар арасындағы тығыз қарым қатынасты нығайтты. Бағалауда оқушылар өз – өздерін, бір – бірін бағалауды, топтық, жұптық бағал ау түрлерін меңгереді.
Оқушылардың әрекеті – зерттеушілік әрекет болу үшін мұғалім нақты мақсаттар қоя білуі керек, ал ашып айтатын болсам, оқушыларға ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін, нені ашу керектігін, қандай әдіс арқылы, қандай нәтиже алу керектігін үйренуге жетелеу. Танымдық әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл – ой әрекеті. Танымдылығы мықты балада өзіндік мақсат, нәтиже болады.
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс – тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді.
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы
оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
Дүниетаным қабілеті жоғары;
Дарынды, өнерпаз;
Іздемпаз, талапты:
Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Е лбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Педагогикалық энциклопедия.
2.А.Әбілқаев. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.- Алматы: 1995.
3. Александер,Р(2002,а) «Оқыту үшін бағалау:10 ұстаным»