Қызылорда қаласы
№268 орта мектебі
Жуканова Мирамкул Ақылбекқызы
Сабақтың тақырыбы:Тұйық етістік. Тұйық етістіктің емлесі.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:оқушыларға тұйық етістік туралы түсінік, олардың жасалуы мен
тұйық етістіктің емлесі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық:ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік;елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі:дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары:жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері:ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1.Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
277-жаттығу. Мына тіркестерден сөйлем құрап жазыңдар.
Еркін дем алып,еркіндік туып тұр,масайрасып,
анасы келгелі,кері қайтқалы,сағынады,таянбады,аянбады.
2. Өткен сабақты бекіту
1.—Есімше дегеніміз не?
2. -Есмшелер қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
2.-Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады?
3.-Көсемше дегеніміз не?
4.-Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Тұйық етістік. Тұйық етістіктің емлесі» тақырыбын ББҮ кестесі арқылы түсінемін.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады.
|
Түйық етістік—етістіктің ерекше түрі. Мағынасы
жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды.сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.
Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, бар-у, кел-у, т.б. бұл сөздер қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып түр. Сондықтан да тұйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін темір құрал), сабау (жүнді сабайтын шыбық), т.б. сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді.
Тұйық етістік тікелей септеле де көптеле де, тәуелдене де алады. Бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістіктің емлесі.
1.Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағыдауысты
болып жалғанады: бар-у, кел-у, т.б. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің
-у жұрнағы дауыссы болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, т.б.
2. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы
жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп
кетеді де ол (у) дауысты болып есептеледі. Мысалы: оқы+у—оқу, тасы+у—тасу, т.б.
3. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы
жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ дыбысы ғ-ға,
к дыбысы г-ға айналып кетеді. Мысалы: ақ+у—ағу, кеп+б—кебу, т.б.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады. | Ережесін ,қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын,түрлене ма?,емлесін, |
Дәптермен жұмыс:
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма:
278-жаттығу. Тұйық етістіктерді теріп жазып,түбір мен қосымшасын
ажыратыңдар.
Келесі тапсырма 285-жаттығу. Мысалдардан тек ғана
тұйық етістікті сөзді көшіріңдер.
Тақтамен жұмыс:
284-жаттығу Мына сөздерге тұйық етістіктің –у жұрнағын жалғап жазыңдар.
.(оқушылар оқулықтағы жаттығу барысын орындап болған соң,оңнан солға қарай көршісіне беріп,тексертеді,бір-бірлерінін қатесін жөндейді)
Сергіту сәті:
Кім жылдам?
1. Етістік нені білдіреді? Етістік нені білдіреді?
2. Етістік қандай сұраққа жауап берді?
3. Дара етістікті ата.
4. Күрделі етістікті ата.
5. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата.
6. Сабақты етістікке қай септік керек?
7. Салт етістікке қай септік керек?
8. Сабақты етістікті салтқа айналдыратын етіс түрі?
9. Салт етістікті сабақтыға айналдыратын етіс түрі?
1.Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
1.Тұйық етістік дегеніміз не?
2.Ол қалай жасалады?
3.Бір мысал ойла,септе.
4.Бір тұйық етістікті тәуелде.
2.Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
3.ББҮ кестесін оқушылар топпен бірге талқылап түсініреді.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Аты айтылып тұрғандай етістіктің ерекше түрі.Жұрнақтар арқылы жасалады.
|
Ережесін ,қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын,түрлене ма?,емлесін, | Зат есімдерше түрленіп,қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіретін
етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістік бір ғана –у жұрнағы арқылы жасалады. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына жалғанады.Мысалы:бар-у,барғызба-у,ойла-у,ойна-у,қысқар-у,басқар-у, желбіре-у,көгер-у,кел-у,келме-у,келтірме-у,қуыл-у,қуыс-у,қуыспа-у т.б
|
4. Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалаймын.
5.Үйге тапсырма: 279-286 –жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
[bws_related_posts]