Басы » Кембридж бағдарламасы » «Қыз Жібек» жырының ерекшелігі

«Қыз Жібек» жырының ерекшелігі

qzbҚарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Айыртас негізгі орта мектебі,

Бекмолдина Р.К.

Сыныбы: 9-сынып

Пәні: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: «Қыз Жібек» жырының ерекшелігі(3-сабақ)

Мақсаты: «Қыз Жібек» жыры бойынша алған білімді  жинақтау, шығармашылықты дамыту.

Міндеттері:-шығармашылық тапсырмалар орындау;       

-сыни тұрғыда ойлана отырып өзін-өзі дамыту;

-өздік және өзара бағалауға үйрену.

Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: «Шаттық шеңбері»; «Базарлық», «Ыстық орындық»; «Қызыл өрік».

Уақыты

кезеңі

Мазмұны

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар: іс-әрекеттер үшін маған не керек

Кіріспе

5-7минут

 «Шаттық шеңбері: (оң қол, сол қол)

Мақсаты: Психологиялық көңіл-күйді реттеу, топқа бөлу.

 Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.

Ұстанымды  еске түсіруді ескертеді.

Бір-біріне тілек айтады.Алақанның жылуын сезінеді,  достық қарым-қатынас орнайды.

Оң қол- бір топ, сол қол – бір топ.

Тамаша!

 

 

 

Бәрекелді!

Оқушылар таңдаған музыка

 

 

 

Ұстаным.

кіріспе бөлім.

 

«Дұрыс па?».

Мақсаты: ынтымақтаса отырып, мәтіннен қатесін табу.

Қате жазылған мәтін ұсынады Топтасып қатесін табады Жылы қарым-қатынас. Оқулық, Қ. Бітібаева әдістемелігі.

1-тапсырма слайд

Негізгі бөлім «Көп деңгейлі сұрақ» стратегиясы

Мақсаты: метакогнитивтік тұрғыдан өзін-өзі реттеу мен бақылауды қалыптастыру.

Үй тапсырмасы бойынша арнайы параққа әзірленген құзіреттілікті қалыптастыру тапсырмаларын таратады.«А,В»  бақылайды(қос.2) Алынған ақпаратты сыни тұрғыдан ойлайды, бағалайды, талдайды және синтездеп пәндік шешім қабылдайды. Өз аргументтерін құрады Өзін-өзі бағалау.

 

 

АКТ, 2-тапсырма слайд. Таратпа материал

 

Сергіту сәті: «Қызыл өрік»

Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту.

Ұйымдастырып, балалармен бірге сергумен  ынтымақтастық атмосферасын орнатады. Бейнетүсірілімдегі қимылды қайталап сергиді. Тамаша!

 

Бейнетүсірілім.

 

 

«Бетпе-бет» ойыны

Мақсаты: шығармашылық ізденім, білімдерін жинақтау.

Білімді қаншалықты меңгерілгенін тексеру мақсатында тест ұсынады.  Олар жеке  жауап береді.

Қабілеттерін бақылау.

Өз білімдеріне сыни тұрғыдан өзіндік бағалау. Мұғалімұсынған жауап кілтімен өзара тексеру.  

Өзара бағалау. Үздік  сұрақтарға жүрекше сыйлау.

 

 

 

Жапсырма

«Серпілген сұрақтар» (доппен)

Мақсаты: сабақтың басты сәттерін анықтау.

Сараптау парағы

 

Ұсыныстарын есепке алу және алдағы жұмыс жоспарын жасауға. Бағалау парағын толтырту. Сараптау  парағын толтырады  

 

 

 

 

Кесте. «Бағалау шәкілі».
Үйге тапсырма Окулықтан 1,2-тапсырма, даналық ойларды оқу.

Қосымша1

Дұрыс па?

Базарбай 8 ұлынан айрылып, қан жұтып, қасірет шегіп жүргенде Төлегені дүниеге келеді. Ол ер жеткен соң, қалыңдық іздеп, Алтай еліне келеді. Төлеген ол жаққа 45 жорға ала кетеді. Қаршығаны көруге Төлегеннің өзі барады. Екеуі араздасады. Сол елдің ханы Сырлыбайдың Жібек деген қарындасы бар екен…

2-тапсырма.

Жыр құрлысына талдау жаса.

Жыр ұйқасы  
Буын саны  
Бунақ  

3-тапсырма.

Жырды көркемдік ерекшелігіне талда.

теңеу метафора ассонанс аллитерация
       

4-тапсырма.

Концептуалды кесте.

Р.с. Кейіпкер Мінезі Мәтіннен дәлел Өз ойың
         

5-тапсырма.

«Төлеген өлмес еді, егер де…» (ойыңды дәлелмен жеткіз)

Тест

1.Жағалбайлы кімнің елі?

а) Сырлыбай ханның; ә) Базарбайдың; б) Қаршығаның; в) Қыз Жібектің.

2. Е. Александров «Қыз Жібек» жырын тұңғыш рет кімнен жазып алды?  а) Жүсіпбек Шайхыисламұлынан; ә) Мұсабай ақыннан; б) Сайлау Мұратовтан; в) Жиенбет жыраудан.

3. Жырдағы «Хазірет ер Сұлтан» деген кімнің лақап аты? а) Махмұт Қашқари; ә) Қорқыт; б) Қожа Ахмет Иассауи; в) Әли бин Әбу Тәліп.

4.Кімнің бейнесі?

Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай.

Екі беттің қызылы

Жазғытүскен сағымдай. а) Жібек; ә) Жібектің шешесі; б) Жібектің жеңгесі; в)көш бастаған қыздар.

5.Төлегеннің анасы кім? а) Қамқа; ә) Қамар; б) Қарашаш; в) Қаракөз.

6.Төлеген Жібекке қандай уәде береді? а) елгеи оралмай қасында қалады; ә) көктем шыға қазбен бірге оралады; б) екі жүз жорға береді; в)елін жаудан құтқарады.

7.Кімнің бейнесі?

Сымға тартқан күмістей,

Сүмбідей болып жарады…

Көш алдына қараса,

Бір бәйбіше нұр жүзді

Көшті тартып барады. а) Қыз Жібек, ә) Қамқа; б) Жібектің жеңгесі; в) Жібектің шешесі.

8.Төлегеннің кімге айтқан сөзі?

Қызыл тіл, енді қақсама,

Қарға, құзғын жемесін,

Жасыра кеткін жүзімді,

Замандас едің, жақсы аға. а) Қаршыға; ә) Шеге; б) Бекежан; в) Қарақшыларға.

9. Сансызбай кімді өлтіреді? а) Бекежанды; ә) Хоренді; б)қарақшыларды; в) Қаршығаны.

10. Бекежанның руы кім? а)  Жағалбайлы; ә) Шекті; б) Арғын; в) Торғауыт.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *