Ақтоғай ауданы, Айыртас негізгі орта мектебі,
Бекмолдина Р.К.
Сыныбы: 5-6 – біріккен сыныптар.
Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Қ. Жұмаділов «Қозыкүрең», М. Мағауин «Бір атаның балалары».
Мақсаты: Cыни тұрғыда ойлану арқылы мәтін мазмұнын мазмұндау, әңгіменің негізгі идеясын түсіну.
Міндеттері:-мәтінді оқу, мазмұндау, идеясын түсіну;
— сыни ойлау арқылы тұжырым жасауға дағдылану;
-интерактивті ойлай отырып, топтық жұмысқа машықтану.
Қолданылған модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар:«Шаттық шеңбері»,«Джигсо»,«Инсерт», «Аукцион», «Серпілген сұрақтар», «Бір қадам артқа», «Сурет қиындылары», «Түртіп ал», «Мұрын- құлақ, шапалақ»,«Кульминация», «Бір жұлдыз».
Уақыты кезеңдер |
Мазмұны |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар: іс-әрекеттер үшін маған не керек |
|||
Кіріспе 5-7 минут |
«Шаттық шеңбер» (қонақта қоян).Мақсаты: Психологиялық көңіл-күйді реттеу. | Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқатүсіру. Сары қоян ойыншығын бір-біріне сыйлап, тілек айтуын сұрайды. | Ойыншық сыйлаумен бір-біріне тілек айтады. Сыйлықтың жылуын сезінеді, достық қарым-қатынас орнайды. | Тамаша! | Күй «Көңіл толқыны», ойыншық. | |||
«Серпілген сұрақтар» (доппен)Мақсаты: өткен сабақты қайталау. | Өткен тақырыпты тексеру. Допты әр оқушыға кезек лақтырады.5-сыныпқа: Өткен тақырып қандай және оның авторы. 1-шумағын жатқа айт. 2-шумағын жатқа айт. 3-шумағын жатқа айт. Өлеңнің біздің ауылмен қандай байланысы бар?
6-сыныпқа: Өткен тақырып қандай және оның авторы. Дермене деген не? Тоқсанбай қарт не үшін дермене жинайды? Омашқа неліктен кіріптар? Омаштан жақсылық күтуге бола ма? Ол қалай алдады? |
Допты қағып алған оқушы ой-пікірлерін ортаға салады, шағын ойталқы жүзеге асады. Т. Молдағалиев «Бауырлар». 1-оқушы 1шумағын айтады. 2-оқушы тағы 1 шумағын жатқа.3-оқушы тағы 1шумағын жатқа айтады. Өлеңнің біздің ауылмен байланысын айтады. 6-сынып оқушылары: Д. Исабеков «Ата үміті» тақырыбы бойынша жауап береді. | Жарайсыңдар!
Үй тапсырмасы бойынша «Кім жұлдыз?».Смайликпен бағалау. |
Доп.
смайлик |
||||
Тұсаукесер 3 минут
|
«Сурет қиындылары».Мақсаты: оқушылар бірлесе жұмыс атқару үшін бүгінгі тақырыпқа байланыстырылған сурет қиындыларын қиыстыру арқылы топтасу. | Тақырыпқа байланысты сурет қиындыларын партаға терісінен қойып, оқушыларға ұсынады.Оқушылардың орналасуын қадағалайды. | Қиындыны алады, ойланады, ұқсасын іздейді, құрастырады, топтанады. | Бәрекелді! | Тақырыпқа байланысты сурет қиындылары. | |||
Әр сабақтың ұстанымын еске салу. | Ұстаным.Мұғалімнің әрбір берген тапсырмасын мұқият тыңдау. Бір-бірін сыйлау, әркімнің пікірін тыңдап, сол бойынша тапсырманы орындау. Уақыт үнемдеу. Үлкендергеқұрмет, кішіге ізет көрсету.Тәртіпті, ақылды болу. Бәрі қолымыздан келеді(оқушылардың өзі құрған ұстаным). | Жарайсыңдар! | Ұстаным. | |||||
«Бір қадам артқа».Мақсаты: сурет қиындыларын жинақтаумен бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасау. | Суреттерден не көріп отырсыңдар? Қандай ой түйдіңдер? Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? Тәрізді сұраулар ұсынады. | Оқушылар сурет қиындыларын іріктеп жинақтаумен өз ойларын айтады. | Жарайсыңдар! | Сурет қиындылары | ||||
Негізгі бөлім. 15-17 мин.
|
«ДЖИГСО».Мақсаты: Диалог негізінде оқыту және оқу ( түсіну және түсіндіру).
«Түртіп ал» Мақсаты: түйінді ойларды іріктеп жазып үйрену. |
Мәтінді 3-4 бөлімге бөледі. Әркімге өз бөлімін оқуды және кесте толтыруды тапсырады. Өзара бір-біріне мазмұндатады.Үнсіз оқушының қатысуын бақылайды. Сабақтың дұрыс жүруін қадағалайды. ұйымдастырады | Оқиды, дәптерге негізгісін жазып алады, концептуалды кесте толтырады
кезектесіп бір-біріне мазмұндайды, тыңдайды. |
Кітап, дәптермен жұмыс. Жапсырма гүлдер.
АКТ, кесте слайды
|
||||
Сергіту сәті.«Вы, наверное, устали?»Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту. | Ұйымдастырып, балалармен бірге сергумен ынтымақтастық атмосферасынорнатады. | Бейнетүсірілімдегі қимылды қайталап сергиді. | Топтар бір-бірін бағалайды. | Бейнеролик | ||||
«Аукцион» Мақсаты: жаңа білімді жинақтау. | Жаңа тақырыптан не түсіндің?Білім бәсекесін тудырып, топ жобаларының мағыналы, көркем безендірілуіне талап қояды. | Жобалайды, сызады не салады, жазады, топта талқылайды., Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, өз ойларын еркін, дәлелді жеткізе білуге тырысады. | Кері байланыс. Жапсырма гүлдермен бір-бірін бағалайды яғни, «Бір жұлдыз» | желім, стикер,музыка. Флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы | ||||
Сергіту сәті. «Шапалақ, мұрын-құлақ».Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту. | Түсіндіреді: -Бір мезгілде шапалақ, бір мезгілде мұрын-құлақ ұстау керек. | Бір мезгілде шапалақ, бір мезгілде мұрын-құлақ ұстау. | Эмоциялықбағалау. | |||||
Қорытынды. |
« Кульминация», «Жерұйық» фильмін және «Спирит» анимациясынан үзінді.
Мақсаты:Сабақпен байланысты қосымша мағлұмат алу.
«Инсерт». Мақсаты:Сабақтың басты сәттерін анықтау. |
Қалай ойлайсыңдар, не үшін осы үзінділерді сендерге көруге ұсындым? – деген сұрақпен метатану дағдыларын өрістету.
Анықтайды, ұсыныстарын есепке алады, ескереді. |
Бақылайды, өз пікірлерін айтады,ауызша топтастырады.
Блум таксономиясы бойынша «А» рубрикаторын толтырады.
«БҮБ» толтырады.. |
мен:1.автор туралы білемін (иә, жоқ)
2.мазмұнын түсіндім (иә, жоқ) 3. әңгімелеп айта алдым (иә, жоқ) 4.әңгіме кейіпкерлері және ондағы оқиғалар туралы өз пікірім бар (иә, жоқ) |
АКТ, фильм,
Бағалау парағы.
Стикер.
|
|||
Үйге тапсырма: |
Қайталап оқу, мәтін соңындағы тапсырмалар. Көрген үзінділермен байланыстыойлану. |
[bws_related_posts]