Басы » Кембридж бағдарламасы » Топтық жұмыста өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру

Топтық жұмыста өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру

ОҚО Түркістан қаласы
№17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Кембридж әдісімен өтілген сабақ жоспары. мұғалімдерге әдістемелік көмек.

Өткізген : Ақбердиева Салтанат

 

Тақырыбы:Топтық жұмыста өзін-өзі бағалауды  жүзеге асыру. (30минут)

Мақсаты: Ынтымақтаса отырып топта жұмыс жасау. Топтық жұмыстың маңыздылығына мән бере отырып  оңтайлы жақтары мен өзін- өзі бағалауды  тәжірбиелерінде пайдалануды жоспарлау.
Нәтижесі: Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады. Білімін ары қарай дамыту үшін өзін-өзі бағалаудың тиімділігіне көз жеткізеді. Топтық жұмыс кезінде өзін-өзі бағалауды іске асырады.

Қажетті көрнекіліктер: танымал тұлғалардың есімдері жазылған парақшалар,плакат,маркер,қалам -қағаздар, бағалау парақшалары,

Іс-әрекет

Уақыты

1 Сергіту сәті «Танысу» әдісі Бір-бірінің ұқсас жақтарын тауып, түрлі –түсті ленталарды бір-біріне түйіндеу арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру. 3 минут
2

 

Топқа бөлу Танымал жазушы,суретші, актерлердің есімдері  арқылы үш топқа бөлінеді. 2 минут
3 Топтық жұмыс. «Болжау» әдісі

Күнделікті өмірде кездесетін сөздерді байланыстыру.

1. Ауа
2. Күн
3. Жаңбыр
4. Ана
5. Бала
6. Денсаулық
7.Достық сөздерін пайдалана отырып, топтық жұмысты сыни тұрғыдан ойланып, келесі рөлдер бойынша орындау

1.Актерлер: рөлдік ойын  немесе көрініс көрсетеді»

2.Жазушы: тақырыпқа байланысты жазған  эссесін ортада жариялайды.

3.Суретшілер: берілген тапсырма бойынша постерге сурет салады, оны ортада таныстырылым жасайды.

15 минут
4 Топтық жұмысты ортада жариялау Топтар өздеріне берілген тапсырмалармен ортада бөліседі 6 минут (әр топқа 2 минут)
5 Бағалау

 Өзін-өзі бағалау парағы

Аты-жөні ————————————————————————————

 

Критерийлер

 

 

Бес балдық жүйе бойынша өзіңіздің топтық жұмыста атқарған жұмысыңызды бағалаңыз.

 

 

Мен талқыланған тақырыпты басқа проблемалармен салыстырып талдау жасай алдым. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындадым.

 

 

 

 

Мен мәселені жан-жақты қарастырып, жалпылама, қорытынды жасадым, өз ойымды және  болжамдарымды  ортаға салып айтып отырдым.

 
 

Мен нақты дерек көздеріне сілтеме жасадым, барлық ұсыныстарымды нанымды түрде дәлелдей алдым.

 
 

Талқылау барысында мен басқалардың пікірлерін мұқият тыңдадым, олардың сөздерін  бөлмей, олармен санасып отырдым.

 
 

Нақты шешім қабылдар алдында ортақ шешімге келу үшін мен өз пікірлеріме өзгерту енгізе алдым.

 

Барлығы

 

 

2 минут
6 Кері байланыс Кері байланыс парағын толтырады.

Сіз үшін ең негізгі болған сәт.

Сіз үшін не қиын  және түсініксіз болды?

 

 

 

2 минут
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *