Физика сабағында оқушылардың құзіреттілігін ойын элементтері арқылы арттырудың маңызы
Қызылорда қаласы
Сақтапберген Әлжіков атындағы
№ 144 ортамектебінің
физика пәнінің мұғалімі
Шамбекова Айнұр Чапайқызы
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»
Питер Клайн
Мектеп пәндерінің ішінде физиканың алатың орны ерекше.Физика оқушыларға ғылыми әлемді суреттейді. Физика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.Ғылыми техникалық прогресстің негізі бола тұрып,физика оқушылардың шығармашылық қабілеттілігің қалыптастырады,әлемге деген көзқарасын кеңейтеді, әлемге деген қызығушылығын оятады. Білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі.Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат-оқушы құзіреттілігін дамыту, яғни жан-жақты,білімді, өмір сүруге бейім,өзіндік ой толғаны бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,істеген ісіне тұжырым жасап,қорытындыға келу, ойлауларын кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу.
Қоғамымыздың саяси, мәдени, экономикалық дамуына үлес қосатын, әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайндап, тәрбиелеп шығару біздің міндетіміз.
Оқушыларды ғылымға қызықтырушылығының көптеген жолдарының бірі сабақта ойындар ұйымдастыру.
Оқу , ойын және еңбек адамның негізгі қасиеттерінің түрлері.Ойын оқу мен еңбек бола тұрып,оқушыларды оқуға, еңбектенуге бейімдейді. Ойын процесінде оқушы пән туралы және қоршаған әлемнің таңғажайып құбылыстары туралы әр түрлі білім алады. Ойын баланың бақылампаздығын дамытады. Сонымен ойын оқушылардың ойын қозғай отырып, олардың жетіле дамуына,шығармашылық қиялдарының дамуына көмектеседі. Француз ғалымы Луи де Бройль айтқандай, барлық ойындарда, тіпті ең қарапайымында да ғалымның жұмысымен көптеген ортақ элементтері бар.
Ойында оқушыны алдымен берілген есептің немесе мысалдың күрделілігі қызықтырады, өйткені оны шешуге болады, содан сон оқушы жаңалықты ашып және қоыйлған кедергіден өте алғанына қуанады. Дәл осы себепті адамдардың барлығын жасына қарамастан ойын қызықтырады.
Кез келген ойын сабақтың негізгі мысалдарын шешуге ықпал ету керек, мысалы білімдерін бекіту мақсатында, есептерді шығаруды жақсы игеруі үшін т.б.. Тек осы жағдайда ғана ойын сабақты оқытудың элементі болады. Дидактикалық ойындарды құрастыру барысында сабақтың таңымдық элементі мен ойын элементтерінің үйлесімі қиындық келтіреді. Алдымен сабақта оқушының назары ойын әрекетіне бағытталады, содан соң ойын процесінде оқушы өзі байқамай белгілі бір материалды игеру процесіне көшеді.Сөйтіп оқушылардың ойынға қызығушылығы бірте-бірте сабақты оқуға алмасады.
Педагогика ғылымы оқу процесінде ойындарды ұйымдастыруда келесі талаптарды қояды:
● Ойын оқушылардың еркін шығармашылықтары мен өзіндік әрекетіне
негізделуі керек.
● Ойын оқушылардың тек оң эмоцияларын шығару керек.
● Ойында міндетті түрде оқушы топтарының арасында немесе ойынға жеке
қатысушылардың арасында сайысу элементі болу керек.
● Ойынды ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
Тәжірибелер оқушылардың ойынға деген іс-әрекеттерінің жауапкершілігі оқуға немесе еңбекке деген іс-әрекеттеріне қарағанда әлде қайда артық екенің көрсетті. Ойын мақсаты қол жетімді, ал безендірілуі түрлі-түсті және әр түрлі болу керек. Ойын оқушының өзін-өзі басқаруын, белгіленген ойын тәртібін бұзбауын, ең бастысы шығармашылықтарын жақсы дамытуға ықпал ету керек. Жеңіс немесе қандай да бір ұтыс оқушының одан кейінгі іс-әрекеттерін оятады.
Өз сабағымда ойын элементтерін пайдалануымның мақсаты:
● Оқушыны тұлға ретінде дамыту, оны қоғамда өз бетінше жемісті
шығармашылыққа дайындау
● Өткен сабақты немесе тарауды оқушы бойына, санасына мықтап бекіту
● Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейін, байқампаздығын жан-жақты
арттыру.
● Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, дүние және білім танымын
кеңейту, эстетикалық тәрбиелеу.
● Дербес жұмыс жасауын жетілдіру, экспериментальді-ізденушілік іс-әрекетін
жүзеге асыру дағдысын дамыту
● Оқушыларды ұжымдылыққа баулу, дұрыс шешім қабылдай білуді және
қиын жағдайдан шығудың әр-түрлі жолдарын таңдай білуді қалыптастыру
● Оқушылардың өзін-өзі басқаруын, бағалауын, өзіне деген сенімің арттыру.
Оқушы құзіреттілігін арттыруда ойын элементтерінің пайдаланудың маңызы.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің, іскерліктін болуын, сондай-ақ жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты-арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасымен белсенділігін қалыптастыру.Әр баланың бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін,пәндік білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру,өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады. Ертенгі болашағымыз -жас ұрпақты саналы, білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор міндет пен жауапкершілік жүктейді. Білімді үйрену және оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір адамның ең қасиетті борышы, абзал парызы.Ұстаз еңбегі-шығармашылық еңбек. Өйткені ол ұстаздан үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа технологиялық әдіс тәсілдерді қолдануды талап етеді.Елдін ертені-бүгінгі жас ұрпақ деп білеміз. Ал жас ұрпақтын білімді, саналы азамат болып қалыптасуы үшін оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру керек. Оқушылар сабақта ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеп табу, зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру-мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады.Теория мен практиканы ұштастыруға жол ашады.Оқу прцесінде ойынды ұзақ уақыт созуға болмайды.Ойын белгілі бір уақытта пайдаланылып, сабақ кезендеріне нұсқан келтірмейтіндей етіп ұйымдастырылуы керек.
«Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деп В.Ф.Сухомлинсий айтқанындай ойын ақылды, ойды, тапқыр алғырлықты дамытады.
Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ, және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезесі іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған,дүние туралы түсінік алады.
Физикалық ойын ол тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
Көрнекті педагог В.Ф. Сухомлинский «Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәнгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді.», деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Ойын барысындағы қарым-қатынаста педагог басты назарды достық, жолдастық қарым-қатынас пен өзара түсінікке аударады. Топтық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын роліннен туындайтын мазмұнымен сипатталады.
Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақта алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушылардың қабілеті әр түрлі, сондықтан физика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтын түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын арттырудын бір көзі – физикалық ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардын ойлау қабілеттерін арттырады, олардың арасында саналы жарыс істеуге дағдыландырады, есте сақтау қабілетін нығайтады, сабаққа белсенділігін арттырады.
Физикалық ойындар-сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ішінде ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болсада балаларды өзіне тартады.Мұнын өзі мұғалім үшін өте қажет жағдай.Мұғалім де әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға қойылған сұрақ қысқа әрі түсінікті болуы шарт.Ойын процесінде мүмкіншілігінше ойынның бірнеше түрін кезектестіріп отыру керек.
Оқушылардың физика ғылымын игеру құштарлығын арттырып белсенді жұмыс істеуін, тез ойлану қабілетің арттыруға дидактикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындары, логикаға бағыттайтын ойындар орны ерекше. Физикалық ойындар оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және пәннен алған білімін шыңдай түседі. Ойындар ұйымдастыруда оқушыларды қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу-мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Пәнге танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар:
Біріншісі-мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау;
Екіншісі-өз бетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлерін,оқытудын проблемалық тұрғыда қолға алған материалды зерттеу негіздеріне және оқушының шығармышылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқу тәсілдері.
Үшіншісі-оқушының қабілетің ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылдығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай-ақ оқушылырдың өз ара бәсекелесіне көмек көрсете білу қасиеті.
Оқушы назарын аударатын,ойына түрткі болатын физика туралы қызықты материалдар, әртүрлі тартымды қызықты есептер,ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табу керек.
Ойын-шығармашылық, ойын-еңбек және тәрбие. Ойнау барысында оқушының дербес ойлау мүмкіндігі,зейін қоя білу қабілеті дамиды.Ойын-мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, олардың қуанышты дүние және білім танымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, нақты өмір жағдайында өзіне тапсырылған міндетті-оқуда, еңбекте, қоршаған ортамен қарым-қатынаста болсын алға қойған мәселерді дұрыс шешуге жәрдемдеседі.
Ойын элементтерін физика сабағында пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
● пән бойынша базалық білімді меңгеру;
● алған білімді жүйелеу;
● өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
● жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
● оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде
әдістемелік көмек береді.
Ойын элементтерін өз тәжірибемде қолдануымның тиімділігі.
«Балаларға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»деген Питер Клайн сөздерін басшылыққа ала отырып оқушылардың шығармышылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту мақсатында, оқушыларға теориялық білімді тиісті дәрежеде меңгерту үшін оларға эксперименттік есептер, шығармашылық жаттығулар, зерттеушілік зертханалық жұмыстар, тапқырлыққа баулыйтын қызықты үй тапсырмаларын (бақылау жүргізу, модель жасау, конструкциялық схемалар салу, реферат жазу т.б.)орындатамын. Физика сабақтарында және үйірме жұмыстарында ғалымдардың, конструкторлардың, өнер тапқыштардың, бизнесмендердің өмір жолы мен шығармашылық іс-әрекеті жайлы әдістемелік журналдардан, мысалы «Алгорифм» журналындағы «Ғылымға құштар жас өрен», « Ғылыми техникалық ақпараттар», «Білгенге маржан» деген рубрикаларды үнемі оқып, олардың шығармашылық ерекшеліктерімен таныстырып отыруды дағдыға айналдырғанмын.
Өз сабағымда ойын элементтерін көбіне үй жұмысын тексеру барысында, мысалы «викторина, физикалық диктант,графикалық бақылау т.б.» , дидактикалық ойындарды жаңа материалдарды бекіту мақсатында қолданамын, мысалы «Дискуссиялық карта», тест,тақырыпқа байланысты үйлестірмелік материалдар т.с.с.. Сыныптан тыс немесе үйірме жұмыстарында ойынның сайыс түрін көбіне қолданамын,яғни оқушыларды топқа бөліп сайыстырамын. Топтау әдістерінің тиімділігі:
● оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым-қатынасы арта түседі;
● бір-біріне бар ынта-жігерімен көмектеседі,үйретуге бейім болады, үйрете
жүріп өзі де үйренеді;
● оқушының үйымдаструшылық қабілеті арта түседі және бағалау жұмысын
салыстырмалы түрде жүйелі жүргізуге мүмкіндік туады, өз беттерімен
ізденістері туындайды, жүйелі түрде жұмыс жүргізуге дағдыланады.
● өз білімі мен жолдастарының білімін саралай, бағалай білуіне толығырақ
мүмкіндік туады.
Өз сабағымда үйлестірмелік материалдарды өзім жасаймын, онда логикалық есептерді, қызықты тәжірибелерді, тақырыпқа байланысты физикалық мағынасы бар жұмбақтарды жасырамын. Мысалы 8-сыныпта «Заттың агрегаттық күйлері» тақырыбын өткен кезде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мақсатында мынадай тапсырмасы бар таратпа беремін: «Өзен», «Бу», «Жер» сөздерін физика, биология, әдебиет, химия «тілдерінде» түсіндір. Күтілетін жауап жобасы мынадай болуы мүмкін, мысалы: «өзен»-су заттың сұйық агрегаттық күйі,-физика тілінде; биология тілінде: өзенде балықтар болады, су түбінде өсімдіктер өседі; әдебиет: Жер –қазына, су-алтын! Сақтай біл ата ел салтын! Су ішкен құдығына түкірме; химия: 2Н2+О2=2Н2О. 9 сыныпта «Дененің шеңбер бойымен қозғалысы » тақырыбын өткенде мынадай жұмбақ қоюға болады: көк лағым көғен сүйреді (Ұршық) ,7 сыныпта қысым тақырыбын өткенде: Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым. (ж. шаңғы) т.с.с.
Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушыны қызықтырып, сабаққа ынталандырып, жауапкершілігін арттырып,шапшандыққа, тез есептеуге, талдау мен салыстыруға, зейін мен есті дамытуға, тапқырлыққа,жігерлікке тәрбиелейді және шаршатпайды.
Сабақта ойын элементтерін пайдалану мынадай нәтижелерге жеткізеді:
● Оқу материалының тиімді меңгерілуіне мүмкіндік береді, сабақтың өнімділігі
артады
● Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен зерттеушілік қабілетің
туғызады
● кері байланыс тиімді жүзеге асырылады
● оқушы мен мұғалім арасында сенім, қолдау және демократиялық қарым-
қатынас орнатуға мүмкіндік береді
● оқушының өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастырып, өзінің қабілетін
ұштауға мүмкіндік береді
● өзара пікір алмасу қатынасы жүзеге асады,өздерін басқарады, бағалайды
● өз идеяларын жүзеге асырады
● сөйлеу қоры, сөйлеу мәдениеті қалыптасады
● эксперимент жасап, дәлелдеуге үйренеді
● ынтымақтастыққа, ұжымдылыққа үйренеді
● жүйелікке, нақтылыққа, логикалық ойлауға бейімделеді
● басқа пәндерден алған білімдерін бекітуге көмектеседі
● танымдық қабілетінің дамуына әсер етеді
Сонымен, қорыта айтқанда, физика сабағында оқушылардың құзіреттілігін арттыру мақсатында ойын элементтерінін атқаратын рөлі ерекше.Сондықтан физика сабақтарында ойын элементтерін неғұрлым жиі пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты, тартымды өтеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
И.Я.Ланина Формирование позновательных интересов на уроках физики.
И.Я.Ланина 100 игр по физике.
Л.А.Горев Занимательные опыты по физике.
М. Құдайқұлов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі.
«ИФМ» ғылыми-әдістемелік журнал 1997 №3, 61бет.
«Физика және Астрономия» Республикалық ғылыми-әдістемелік,
педагогикалық журнал №5,26 бет.
[bws_related_posts]