Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Азық-түлік сатып алу

Азық-түлік сатып алу

Алматы қаласы

Шәкәрім құдайбердіұлы атындағы №75 жалпы білім беретін орыс тілді мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Дүйсенова Гүлзағира Қазтаевна

Сабақтың тақырыбы:  8-сынып   «Азық-түлік сатып алу»

 

Апта Күні   Сабақ    қазақ тілі
Сабақтың атауы Азық-түлік сатыпалу
Жалпы мақсаты

 

Білімділік: оқушыларды осы тақырып бойынша сөйлеуге жетелеу, өз ойларын айта отырып пікір таластыру, жұптық қатынысқа түсу.Дамытушылық: сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың қисынды ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту; сыни тұрғыдан ойлай білуге жетелеу. Топта  жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ата –аналарына көмек бере білу, үлкендерді құрметтеу, силауға үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекі құралдар: Бағалау парағы, үлестірмелі қағаздар, стикер, рефлексия парағы,
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

 

Оқушылардың  сөйлеуі, өздерінің ой-пікірлерін айтуы, бір-біріне деген  достық қарым-қатынас, өзара сыйластық
Сабақта туындаған негізгі идеялар Қазақ тілінің грамматикасын, соның ішінде мезгілбағыныңқылысабақтастың жасалу жолдарын білу.Оқушылардың өз ойларын айта білуі, сөйлеуі.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: :  — Сәлеметсіңдер ме, балалар?(5мин)

-Бүгінгі көңіл күйлерің қандай?

— Сендер қандай дүкен түрлерін білесіңдер?

Азық-түлік, шаруашылық,  киім, аяқ-киім,

Әмбебап дүкендер-супермаркет, гипермаркет

Суперстор, универмаг, интернет дүкені, жиһаз

Дүкендері, ыдыс-аяқ дүкендері.

Бүгін топты  міне осы дүкен түрлері арқылы

бөлейік.супермаркет, гипермаркет, суперстор

және интернет дүкендері.

-Енді, балалар топтың  өзіміз жасаған

ережесін сақтауға тырысайық.

Оқушыларға бағалау парағы таратылады.

Осылай сыныптың ахуалын қалыптастырамын,балалардың назарын сабаққа аударамын.(1,4-модульдер)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1-әрекет (10мин) (1,2,3,4,6,7-модульдер)

Әр топтан бір оқушы, қалғаны жұптық жұмыс жасайды-рөлдік ойын.

1-топ

  1. Мезгіл бағыныңқылы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

2-топ

  1. Мезгіл бағыныңқылы сөйлем қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Мысал келтір.

3-топ

  1. Мезгіл бағыныңқылы сөйлем қандай модельдер  арқылы жасалады? Мысал келтір.

4-топ

  1. Сабақтас құрмалас сөйлем деген не? Ол нешеге бөлінеді?

 

Қалған оұушылар 69 беттегі үй тапсырмасы бойынша жұптық жұмыс жасайды . 5 балл бойынша бағаланады.

 

ІІІ .Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.

Ой қозғау (5мин)  (1,2,3,5-модульдер)

Балалар сендер үйде аналарыңа қандай көмек бересіңдер?

Ал дүкеннен немесе базардан керекті заттарды үйде кім алады?

Ал сендердің іштеріңде осы жұмысқа көмектесетін бала бар ма?

Ата-аналарың азық-түлікті қайдан алады?

Сонымен ,бүгін біз қандай тақырыпты өтеміз деп ойлайсыңдар?

Иә балалар бүгінгі тақырыбымыз «Азық-түлік сатып алу»

Дәптерге бүгінгі  тақырыбымызды жазып аламыз.

ІV. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі: 5мин

2-әрекет.  Ой толғаныс.  5мин (1,2,3,4,5,6,7-модульдер)

Мәтінмен жүмыс 70 бет

Мәтінді жеке-жеке оқимыз, Топта талдаймыз, түсінеміз.

Содан кейін әр топ 3 сұрақ дайындайды да , келесі топқа береді.

Бағалау әр топтың толық жауап бергеніне және қандай сұрақ қоя білгеніне байланысты болады. 5 баллмен бағалаймыз.

V.  Жаңа сабақты қорытындылау:

3-әрекет. Миға шабуыл. 5мин (1,2,3,4,6,7-модульдер)

Ертең сенің үйіңе қонақ келеді. Сен қонақ келердің алдында не істейсің?

Қандай дайындық жасайсың? Өзіңнің  жоспарыңды жаз.Оны айтып бер.

VІ. Үй тапсырмасы:

  • 70 беттегі мәтінді оқу.
  • Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрлерін ажырат.

 

VІІ. Сабақтың бағалау кезеңі: (Өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау)

(3,7-модуль)

Оқушының  

аты -жөні

1- әрекет

(үйжұмысы)

5 балл

2- әрекет

5 балл

3-әрекет

5 балл

Қорытынды

 

         
         
         
         
         

 

«5» —   13-15

«4» — 10-12

«3» —   7-9

«2» —   1-6

VІІІ. Рефлексия кезеңі:(1,2,6-модульдер)

Оқушыларға рефлексия парағын тарқатамын.

  1. Сабақ не туралы болды?
  2. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
  3. Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?
  4. Бүгінгі  сабақтың соңында қандай сезімде болдың?

 

 

 

 

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *