Басы » Тарих » Абылай хан– дарабоз тұлға

Абылай хан– дарабоз тұлға

ОҚО Түркістан қаласы
№17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясы
Тарих пәнінің мұғалімі
Жүсіпбаева Мөлдір

Абылай хан– дарабоз тұлға

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Абылай хан –үш жүздің ханы ретінде танылған дарабоз тұлға » – деп аталады.

Сабақтың мақсаты: Халқымыздың «Ел үмітін ер ақтар, ел атағын ел сақтар» деген сөзі бар. Бүгінгі ұрпақты қазақтың жауынгерлік мектебінің тарихымен таныстыра отырып, елім деп еңіреп өткен, үш жүзге ортақ хан бола білген аса көрнекті қайраткер, қолбасшы және дипломат, дарабоз тұлға Абылай ханның өмірі мен ерлігін ұрпақтан– ұрпаққа жеткізіп отыру маңызды іс болып табылады. Осы сабағымыз арқылы Абылайдың  өмірі мен қызметінен кеңінен мағлұмат беру.

Сабақ бағдарламасы:

  1. сайысқа екі команда қатысады:

1-ші команда: Білгірлер

2-ші команда: Алғырлар

Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады:

1. «Бәйге»(шарты: сұраққа тез жауап қайтару).

2. «Кім тапқыр» (шарты: хронологиямен жұмыс).

3. «Көкпар» (шарты: топпен ақылдаса отырып сұраққа жауа қайтару).

4. «Портреттер сөйлейді » (шарты: көрсетілген фото суреттегі адамның өмір баянына тоқталу)  Қабанбай, Бөгенбай.

5. «Бұл кімнің сөзі» (шарты: карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау).

6. Үй тапсырмасы. Рефераттар қорғау.Абылай хан өмірінен бір үзік сыр.

Абылай хан туралы сұрақтар:

1-ші топқа:

1. Абылай хан жоңғарларға қарсы ұрыстарда қандай батырлардың көмегімен жеңіске жетп отырды? (Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Жәнібек, Наурызбай, баян, Райымбек).

2. Абылай кімнің ұрпағы? (Жошы хан).

3. Абылай хан неше жыл билік құрған? (48 жыл)

4. Абылай хан қай батырға және не үшін «Адақ» деген құрметті атақ берген? (Еспенбет батыр).

5.Алғаш Абылай  бабамызға арналған музей қай жерде ашылды? (Көкше жерінде Бурабайда).

6.Абылай хан қай жылы тұтқынға түсті одан қашан босап шықты?

(1741-1743жылдары 5-ші қыркүйекте босады).

7. Абылай ханның шын аты?(Әбілмансұр)

8. Абылай ханның өмірін жырлаған жырау(Бұхар жырау)

9. . Абылай ханның аса құрметтеген батыры кім?Ол келмей Абылай ұрыс бастамаған.(Баян батыр)

10. Абылай хан Әділ атты баласын қай елге аманаттқа жіберді(Қытайға)

2-ші топқа:

  1. Абылай хан ерлігін өте жоғары бағалап,«Жалаңаш жолбарыс»деп атаған батыры кім?(жауғаш батыр)

2.Абылайдың әкесі кім?(Уәли)

3.Абылай хан есімі енгізілген әлемдік маңызы бар кітаптың аты?(Адамзат күнтізбесі)

4. Абылайдың ұрпақтарынан кімдерді білесіңдер?(Қасым хан, Хан кене,Шоқан Уәлиханов,Е.Бекмаханов)

5. Абылай қандай тілдерді білген?(Шығыстың 7 тілін,калмақ ,қытай тілдерін білген.Қытайша жаза да оқи да білген)

6. Абылай хан ескерткіштері қай қалаларда бар(Астана ,Алматы,Түркістан,Қарағанды)

7.Бала кездегі лақап аты?(Сабалақ)

8. Абылай хан әскерлерінің қолбасы болған қай батыр?(Қаракерей Қабанбай батыр)

9. Абылай хан жоңғарлармен «Мамырсу бітімін»қай жерде жасады?(Аягөзде)

10. Абылай ханға Бөгенбай батыр өлімін естірткен қай жырау?( Бұхар жырау мен Үмбетей жырау)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *