Досмағанбетов Ербол
Сабақтың тақырыбы: АНТОНИМДЕР. Болымды-болымсыздық
мағыналары
Сабақтың мақсаты : білімділік — синоним сөздерді бір-біріменсалыстыра
отырып,анықтамасын оқушылардың өздері ойланып
шығаруға бағыт беру ;
Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл
қасиеттерге жетелей отырып,халқымыздың ұлттық
салт-дәстүрлерін бойына сіңір ;
Дамытушылық – топта жұмыс істей білуге,өз
ойларын еркін айтуға,оқшының тез қабылдауынажол
ашу,өз пікірін айтуға төселдіру,ойлау қабілеттерін
арттыру.
Түрі : аралас сабақ
Әдісі : сұрақ-жауап,топпен жұмыс,тілдік талдау,топтастыру.
Көрнекілігі : плакатта жазылған сөздер,кеспе қағаздар,түрлі-түсті суреттер.
Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу,география,биология.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі : а) оқушылардың назарын аудару ; ә) сабақтың тақырыбы,оның мақсат-міндеттерімен таныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау. «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
75,81-жаттығуларды тексеріп шығу.
1) Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
2) Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы.
3) Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Жаңа сабақ. Тақтаға көрнекі етіп жазылған плакат ілемін. Онда антоним сөздерді түсіндіру үшін төмендегідей мақал-мәтелдер жазылған.
Үлкенге – құрмет, Әдепті бала – арлы бала,
Кішіге – ізет. Әдепсіз бала – сорлы бала.
Сонымен қатар биік таудың суреті мен аласа таудың суретін салыстыру арқылы оқушылардан не түсінгендерін және ереже шығару керек екендігі ескертіледі.
Оқушылар : — Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.
— Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағыналары бірдей емес.Оларды былайша салыстырып көруге болады.
Антонимдер Болымды-болымсыз
Жақсы-жаман жақсы-жақсы емес
ал-бер ал-алма
сулы-құрғақ сулы-сусыз
Антонимдер – ойды әсерлі,бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы.Мәселен,ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің,жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.
Тақтамен жұмыс.
87-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазып,тірек сөздердің астын сызыңдар.
«Қандай әсем сөйлейді!» деген сөйлем тілдің қандай сипатына байланысты айтылып тұр?
Тез,шебер сөздерінің антонимдерін тауып жазыңдар.
Тез – жай,шебер – олақ.
Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында 2 топқа 2 түрлі деңгейлік тапсырма беремін.
1- топқа : 1-деңгейлік тапсырма.
Берілген жұмбақтың шешуін тауып, антоним сөздердің астын сыз.
Үсті тас,асты тас, Аяғы бар,басы бар
Ортасында піскен ас. Арқалаған тасы бар.
(таба нан) (тасбақа)
2 – топқа : 2-деңгейлік тапсырма.Биік,ашық,жаңа,сұлу,жас сөздеріне әр түрлі қолданыста бірнеше антоним сөздер тауып жаз. Мысалы : биік тау – аласа тау, ашық түс – қоңыр түс.
Дарынды, талантты оқушылармен жұмыс (жеке жұмыс) Сурет бойынша әңгіме құрау немесе бес жол өлең жазу (ішінде антоним болуы шарт).
Сергіту сәті. «Кім тапқыр?» ойыны. Мақалдың жалғасын табу
Ашу . . . . . (дұшпан) Ақылдан жақын . . . (дос) жоқ
Ақыл . . . . (дос) Ашудан жаман . . . (қас) жоқ.
Бекіту кезеңі: Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.
Антонимдер
Ойды бейнелі түрде жеткізеді Мағналарыры бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер әсерлі түрде қалды Мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда жарыса қоданылады. Болымды-болымсыздық мағыналары болады.
Білімін бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : а) антонимдер(40-бетті оқу); ә) 1 -топқа 98-жаттығу; б) 2-топқа 100-жаттығу.
[bws_related_posts]