Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі
Торпақова Зухра Қыдырбаевна
«Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда сын тұрғысынан ойлаудың белсенділігін модельдер арқылы арттыру » тақырыбы бойынша ІІ деңгейдің мұғалімі Торпақова Зухра Қыдырбайқызы қысқа мерзімді коучинг жоспары
13.03.2014ж
|
1 апта |
4-күн |
|
Сабақ тақырыбы: |
Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда сын тұрғысынан ойлаудың белсенді лігін модельдер арқылы арттыру |
||
Жалпы мақсат: |
Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу арқылы проблемаларды анықтап шешудің шынай құралдарын айқындау арқылы интерпретациялаудың дағдысын дамыту. | ||
Сілтеме: |
Үлестірмелі нұсқаулық |
||
Оқу нәтижесі | Сабақ барысында мұғалімдермен әр-түрлі әдістерді қолдана отырып,сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерінің оқушы- лар белсенділігін арттыруға және табыстылыққа жетелейтін оңтайлы тәсіл екеніне көздерін жеткізу;
Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін тәжірибе- сінде пайдалануға итермелеу. |
||
Түйінді идеялар: | Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерінмұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау. | ||
Сабақта қолданылатын материалдар: |
А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, түрлі-түсті қалпақтар. |
||
Оқыту әдістері: |
Сын тұрғысынан ойлауАКТ: интерактивті тақта
Жаңа әдіс-тәсілдер
|
1. Диалог2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс 5. Эссе жазу. |
|
Дерек көздері: |
Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары
|
||
Тапсырмалар: |
«Психологиялық суреттеу» Жұмбақ шешу «Ақ орамал»мәтінмен жұмыс, Эдуард де Боно «Ақылдың алты қалпағы», рефлексия | ||
Оқуға арналған тапсырма: | Мұғалімге арналған нұсқаулық.109-116 беттер
|
||
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Қызығушылықты ояту
(7 мин)
|
Психологиялық жағымды ахуал орнату. |
«Қар көшкіні » тесті тренингі.
Қатысушыларды орнынан тұрып, шеңбер құрайды.Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен бір сын есімін «эпитет» қосады. Мәселен Айнур өз есіміне «алғыр» сын есімді қосады.Келесі мұғалім дәл осылай өз есімін қосады даалдында тұрған барлық мұғалімдердің есімдері мен эпипеттерін қайталап шығу керек.Мұғалімдершеңбер түзу арқылы өз аттары мен сын есімдерін қоса қайталайды. Мұғалімдер тапсырма шарты бойынша аталған есімдер мен эпипеттерді мұқият тыңдап шатаспай айтып орындарына жайғасады.
Миға шабуыл
7 мин
Power Point арқылы суретте көрсетілген әйел адамының жанарынан байқалатын мұңды әр мұғалім А4 парағына
шағын эссе жаздыру
Мұғалімдердің іс-әрекеті
Әр мұғалім Power Point арқылы
көрген суретти сыни тұрғыдан өзіндік ой пікірін А4 парағына түсіреді
Топқа бөліну
5 мин
15 мин
Мағынаны тану
Коучтың іс-әрекеті:
Кеспе қағазында әндердің аттары жазылады және сол кеспе қағазын таңдау арқылы билеп топқа бөліну
Мұғалімдерге сұрақ қою арқылы диалогқа түсіру:
1.Сыни тұрғысынан ойлауды негізге ала отырып РДДО технологиясы арқылы пайымдау, түсіну, талдау жасау, жүйелеу, жорамалдау, мақсатты ойлау, жоспарлау , жобалаудың өзіндік ерекшеліктерін айқындаңыз.
2. Өз сабағыңызда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін сын тұрғысынан ойлаудың белсенді элементтерін жиі қолдана отырып пәнге деген қызығушылығын арттыруда қолданылатын әдіс- тәсілдердің түрлерін мысал келтіре дәлелдеңіз.
3.Сіз сабақта сын тұрғысынан ойлаудың қандай стратегияларын қолданасыз?
А3парақтарына постер дайындайды.Мұғалімдердің іс-әрекеті:
Мұғалімдер әр түрлі кеспе қағаздарын таңдау арқылы музыкаға билеп әр музыканың атауына қарай топқа бөлінеді.
Мұғалімдер коучтың сұрағына жауап беру арқылы диалогқа түседі.
А3 парақтарын алып, топтық жұмыс жасауға дайындалып постер қорғайды.
8 мин
Коучтың іс-әрекеті:
Топтық жұмыс: Сәйкестендіру
Ұтқырлық, сыңаржақтылық, пайым тәртіп, өзіндік сана-сезім.Мұғалімдердіңіс-әрекеті:
Топтар берілген мәтінді дәл сәйкесін тапса
Қол шапалақтау,қошемет көрсету арқылы формативті бағаланады. Жеке жұмыс
(20 минут)
(15 минут) Коучтың іс-әрекеті:
«Ақ орамал»мәтінмен жұмыс:
Мұғалімдерге «Ақ орамал»
мәтінінен қысқа үзінді оқып беру,ары қарай мұғалімдер
мәтін мазмұнын өздері жалғастырып жазады.Сонан соң жазған дүниелерін кезекпен мәнерлеп оқиды.
Осылайша коуч мәтінді кезекпен үзіп-үзіп оқып,
мұғалімдер жалғастырып жазып отырады,оқып береді.
Соңынан мәтінді аудио-визуальді есту арқылы толығымен тыңдап, қорытындылайды.
Коучтың іс-әрекеті:
Power Point таныстырылымы:
Эдуард де Боно«Ақылдың алты қалпағы».
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша әр мұғалімге
«Ақ орамал»мәтініндегі ойды бір мәселе төңірегінде шоғырландыру мақсатында түрлі-түсті қалпақтар таратылады. Әр мұғалім қалпақ түсіне байланысты өз ойларын А 4 парақтарына жазады.
Ақ қалпақ-фактілер,цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру.Бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.
Сары қалпақ-оптимизмді, ашықтықты,позитивті және конструктивті ойлар,ұсыныстар.Айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақты киіп сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды,күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
Қарақалпақ-негативті ойлау,бұл«әзәзілдің қорғау
шысы»немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейтінін бағалау.
Қызыл қалпақ-сезімді,бол-жамды және ішкі түйсікті білдіреді.
Жасыл қалпақ-жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлау.
Көк қалпақ-қорытындылауды,бағалауды қажет ету.
Коуч сабақты қорытындылайды . Мұғалімдердің іс-әрекеті:
Мұғалімдер мәтінді үзілген жерінен жалғастырып жазып отырады.Кезекпен мәнерлеп оқып береді.Соңынан мәтінді аудио-визуальді естіп,
тыңдайды,қорытындылайды.
Мұғалімдердің іс-әрекеті:
Әр мұғалім белгілі бір қалпақ түрін таңдайды.
Осы тапсырма бойынша өз ойларын А 4 парақтарына жазады.
Тапсырманы орындарынан тұрып оқып береді,барлығы бір шешімге келеді.
Бір-біріне қол шапалақтау,
қошемет көрсету арқылы
формативті бағалайды.
Қорытындылау
(10 мин)
Коучтың іс-әрекеті: Мұғалімдердің іс- әрекеті:
Сұрақтар:
Кері байланыс:
1.Сіз сын тұрғысынан ойлауды дамытудың элементтерін өз сабағыңызда қолдана алатыныңызға сенімдісіз бе?
3.Сізге менен тағы қандай көмек керек?
4.Сіз қандай бағытта жұмыс жасағыңыз және неге қол жеткізгіңіз келеді?
Мұғалімдер коучтың қойғансұрақтарына жауап беріп, диалогқа түседі.
Ақпарлама
(10 мин)
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары туралы қысқаша таныстырылымды ұсыну.Таныстырылымды тыңдайды.
Рефлексия
(5 мин )
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін сабақ басындағы өз көңіл-күйлерін бейнелеген смайликтің келесі бетіне сабақтан алған әсерлері туралы стикер парағына пікірлерін жазу.
Өз көңіл-күйлерін бейнелеген стикерге сабақтан алған әсері туралы пікірлерін жазады.
[bws_related_posts]