«Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы көшбасшылық»
Дайындаған: Рахметова Мариямкуль Кожбановна
математика және информатика пәнінің мұғалімі
Коучинг жоспары
Апта | Күні: 21.10.2014 | |
Коучинг тақырыбы: | Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы көшбасшылық | |
Сілтеме: | Нұсқаулық,суреттер, ғаламтор материалдары. | |
Мақсаты: | Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда мұғалімнің, ата-ананың көшбасшылығы туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту. | |
Оқыту нәтижесі: | Топтаса жұмыс атқара отырып, оқушының, мұғалімнің, ата-ананың және мектеп әкімшілігінің ролі және көшбасшылығы туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді. | |
Негізгі идеялар: | Оқушы, мұғалім, ата-ана және мектеп әкімшілігі өз бойындағы жігерін, шыдамдылығын жетілдіру арқылы көшбасшылыққа ұмтылады.
Білім, дағды, біліктіліктері өседі. |
|
Тренинг | «Шаттық шеңбері» бір-біріне жақсы көңіл-күй тілеу | 2 минут |
Топқа бөлу | Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу
1-топ (төртбұрыштар геом. фигура ) мұғалімдер 2-топ (дөңгелек геом. фигура) ата-аналар 3-топ (үшбұрыш геом. фигура) оқушылар 4-топ (шаршы геом. фигура) мектеп әкімшілігі |
2 минут |
Тапсырмалардың түрлері: | Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.( ассоциациалау, постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу) | |
Кіріспе тапсырма | «Мен кіммін…» бейнежазба | 2 минут |
“Көшбасшы” сөзін қалай ассоциациалауға болады? | 2 минут | |
«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы
Сөйлемдерді аяқтаңыз: Түйін: Көшбасшы — жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін тұлға. |
3 минут | |
№1 тапсырма | Төменде көрсетілген пәндер арқылы
1. Қазақ тілі 2. Орыс тілі 3. Математика 4.Тарих 5. Таңдау пәндері Осы пәндердің барлығына ортақ қандай ұқсастық пен айырмашылық бар деп ойлайсыздар? (Әр топ өз ойын ортаға салады) |
7 минут |
Бейнежазба | «ҰбТ бір үміт, бір күдік» бейнежазба | 3 минут |
№ 2 тапсырма | Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі топтарына «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы көшбасшылық» тақырыбына постер қорғау. | 10 минут |
Тренинг-сергіту | «Moneky» | 2 минут |
№ 3 тапсырма | «Мен ҰБТ-ке дайынмын» бейнежазба
Әр топ өз ойларын ортаға салады. |
5 минут |
№ 4 тапсырма | Рөлдік ойын. Әр топ өзіне берілген тапсырмада ҰБТ болатын күнгі қарбалас кезеңі. Әр топ өзінің рөлін сомдау керек. Тақтада оқушы мен ата-ана,
оқушы мен оқушы, мектеп әкімшілігі мен оқушы, мұғалім мен оқушы суреттері ілінеді, сол суреттер рөлін сомдайды, қорғайды. |
15минут |
Бағалау | Топтарға ат қою арқылы бағалау
Дарынды топ Ізденімпаз топ Креативті топ Көшбасшы топ |
5 минут |
Рефлексия | «Ақылдың алты қалпағы» | 10 минут |
[bws_related_posts]