Басы » Кембридж бағдарламасы » Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын үйрету әдістемесі

Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын үйрету әдістемесі

 

E:\коучинг\коуч4\124CDPFQ\S1240006.JPG

                                                     Сауранбаев Сапарғали Жакиұлы

                                        Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

                    «№2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған үш тілде оқытатын

                                      мектеп-интернаты»  мемлекеттік   мекемесінің

                                                   оқу,тәрбие ісінің меңгерушісі

  «Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын үйрету әдістемесі » тақырыбы бойынша І деңгейдің мұғалімі  Сауранбаев Сапарғали Жакиұлының  қысқа мерзімді коучинг  жоспары

10.09.2013ж.

1 апта

1-сабақ

3-күн

Сабақ тақырыбы:

Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын үйрету әдістемесі.

Жалпы мақсат:

Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету.  Шағын топтағы жұмыс моделін құру.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  80-83

  2. L2W1D1_S1

Оқу нәтижесі

Тапсырмаларды орындау барысында шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игеруі. Тиімді топтық қарым-қатынасқа түсуі.

Түйінді идеялар:

Топтық жұмыс арқылы табысты оқытуға,оқушылардың белсенділігін

арттыруға  қол жеткізу,топтың жеке мүшелерінің қабілеті мен іске

қосқан үлесі құрметтелуін және атап көрсетілуін қадағалауға итермелеу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

Коучинг

АКТ

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс

5. Рөлдік ойындар

Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар.

Тапсырмалар:

Сұрақ- жауап, салыстыру, ассоциация,постер қорғау,  рөлдік ойын

Оқуға арналған тапсырма:

Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

 

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(5 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

1 мин

2 мин

2 мин

«4 сергіту сәті»тренингін

           ұйымдастыру

  1. Мұғалімдер орындарына жайғасып,көздерін жұмады.

  2. Көз алдарына әр түрлі бейнелерді елестету,тыныштықты

  3. Бейнематериалдан мұғалім таныстырыл- ымын тыңдау.

  4. Қане,бүгінгі көңіл-күйлеріңізді  смайлик арқылы бейнелеп, парталарыңызға жапсырыңыздар.

Коучингсессияға қатысушы мұғалімдер өз орындарында

отырып,көздерін жұмады.

Көз алдарына әртүрлі бейне-

лерді (орман,жол,әмиян,қақпа,

үй,үйір жылқы,өзен) елес-  тетеді. Соңынан көздерін аш-ып,тақтаға назар аударып, таныстырылымды  тыңдайды. Өз  көңіл-күйлерін смайликке бейнелеп,партаның астына жапсырады.

І тапсырма

(15 мин)

1 минут

  1. Шағын топқа бөлу.

Жеке және топтық  жұмыс

«Шашу шашу»арқылы    топқа бөлу.Ұқсас конфет-

терді біріктіру арқылы үш шағын топқа бірігеді.

Ұқсас конфеттерді біріктіру арқылы үш шағын топқа бөлінеді.

1 минут

1минут

1 минут

1минут

Таныстыруға әр топқа 10минут

Коучтың сұрақтары:

  1. Сіз өз сабағыңызда топтық жұмысты жиі қолданасыз ба?

  2. Сіз топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде қандай әдіс түрлерін қолданасыз?

  3. Сіз қандай бағытта жұмыс жасағыңыз және неге қол жеткізгіңіз келеді?

  4. Топтық жұмысты ұйым-

дастырмас бұрын топ ере жесін бекітіп алу керек.

  1. Топпен жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру.

6 . А-4 парақтары мен

флипчарт парақтары таратылады.

7.Алдымен топ ережесін құрып, жеке,сонан соң топта талқылап,ортақ шешімге келіп,флипчарт-қа жазып,таныстырып шығуды тапсыру.Қол шапалақтау,құрмет көрсету арқылы форма-тивті бағаланады.1,2,3,4 сандарын 4,3,2,1 кері санау арқылы шағын топқа бөлу.

Мұғалімдер коучтың берген

сұрағына жауап беру арқылы диалогқа түседі.Топ ережесін бекіту үшін мұғалімдер жеке,

топта талқылап,ортақ шешім- ін шығарады.Сонан соң әр топ бірлесе отырып флип-чартқа жазып,таныстырып, қорғайды.

1,2,3,4 сандарын 4,3,2,1кері санау арқылы шағын топқа бөлінеді.

ІІ тапсырма

(20 минут)

           1минут

           1минут

         13минут

Таныстыруға әр    топқа 5 минут

Коуч мұғалімдерге ортақ тапсырма береді.Коуч сұрағы:

Тәртіп дегеніміз не?

Тәртіп сөзін әрқайсыңыз қалай түсінесіздер?

1.  «Тәртіп»сөзіне әр топ ЖИГСО әдісі бойынша өз пікірлерін білдіру үшін  «Қоғамдағы тәртіп»және «Отбасындағы тәртіп»таңдап алынады.Сол  бойынша өз ойларын постерге түсіру тапсырмасын  береді.

2. Мұғалімдерге флипчарт қағаздары таратылады.

Берілген материалдың тақырыбы талқыланған соң,осы мәтінді топта талқылап,түсіну қажет екендігі ескертіледі.Топтар тапсырманы бүге-шүгесіне дейін талқылап,пікір алмаса- ды,ойын нақтылайды.

Жұмысты бастамас бұрын екінші құрылған шағын топқа бара жатқан мұғалімге тапсырманы жете меңгеру қажеттігі,өйткені екінші топқа түсіндіруге сол жауапты болатындығы ескертіледі.

3.Шағын топта өз ойларын постерге түсіреді. Бір мұғалім екінші топқа пікір алмасуға барады.Сонан соң ол мұғалім сол топтың пікірін өз тобына алып келіп,топта талқылайды.

4.Жұмысымен таныстыру.

Белгіленген уақыт ішінде топ мүшелері  «Қоғамдағы тәртіп» және «Отбасындағы тәртіп» тақырыбы бойынша ойларын талқылап,пікір алмасып,ортақ шешімге келіп,постер сызады. Әр топтан бір адам екінші топқа барып пікір алмасады.Сонан

соң ол пікірді өз тобына алып келеді.

Орындарынан тұрып, жұмыс- тарын қорғайды.

ІІІ тапсырма

(16 мин)

      Коучтың іс-әрекеті:

Мақал-мәтел жарысы.

Коуч әр топ мұғалімдерінің тәртіпке,бала тәрбиесіне байланысты мақал-мәтелдерді айтудан жарысқа түсетінін ескертеді.Топ мүшелері кезектесе отырып, мақалды жалғастырады.Қай топ мақал-мәтелді көп айтса

сол топ жеңіске жетеді.Қол шапалақтау арқылы бағаланады.

    Мұғалімнің іс-әрекеті:

Мұғалімдер тәртіпке,бала тәрбиесіне байланысты мақал-мәтелдер айтудан жарысқа түседі.Қай топ мақал-мәтелді көп айтса ,сол топ жеңіске жетеді.Қол шапалақтау арқылы бағаланады.

ІV тапсырма

( 15мин)

        5 минут

Рөлге түсу әр топқа 5 минут

  1. Топтық жұмыс:Рөлдік ойын.

Бірінші топқа  «Тәртіпті оқушы мектепте » ,ал екінші топқа «Тәртіпсіз оқушы мектепте» тақырыбында сценарий құрып, рөлдік ойынға түсу тапсырылады.

  1. Қорғау

Қорғау жұмысы бойынша сұрақ қою.

  1. Жұмыстарын  «Екі жұлдыз,бір тілек»әдісі бойынша топтар өз рөлдік ойындарын бағалайды.

Әр топқа «Тәртіпті оқушы мектепте» және «Тәртіпсіз оқушы мектепте»тақырыбы

беріледі.

Мұғалімдер берілген тақырып бойынша сценарий құрып,   рөлдік ойынға түседі.

Дайын рөлдік ойынды қорғайды.

Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды.

Жұмыстарын  «екі жұлдыз, бір тілек»арқылы өзара бағалайды.

V. Қорытындылау

(5 мин)

  1. «Бірлескен топтық   жұмысты ұйымдастыру» дегеніміз не?

  2. Сіз топтық жұмысты ұйымдастыру әдістерін өз тәжірибеңізде қолданатыныңызға сенімдісіз бе?

3.Сізге менен тағы қандай

көмек керек?

Мұғалімдер берілген сұрақтарға жауап беріп,диалогқа түседі.

VІ. Ақпарлама.

(5 мин)

Топтық жұмыс туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.

Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы таныстырылыммен  танысады.

VІІ. Рефлексия

(3 мин )

Бастапқыда өз көңіл күйлерін  бейнелеген стикер артына сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу не бейнелеу тапсырылады.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын  смайлик арқылы бейнелейді не жазады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *