№3 Кентау қазақ-түрік дарынды ер балалар лицей-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Әпет Құралайдың 2014жылдың 24 маусым күні өткізген « Сенімділік- нәтижесін табыспен күтер істің бастауы» атты коучингі туралы
рефлексивті есебі
1-бөлім.Тақырыпты негіздеу: 2014жылдың 23-27 маусым күндері аралығында Алматы қаласында КАТЕВ халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған «Дарынды балалардың ғылыми шығармашылығы мен зерттеушілік ізденістерін қалыптастырудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы Республика бойынша қазақ-түрік лицейлерінде сабақ беретін мұғалімдерінің білімімен біліктілігін арттыру семинарында « Сенімділік- нәтижесін табыспен күтер істің бастауы» атты тақырыпта коучингі өткіздім. *
Бұл тақырып әрқашанда өзекті болған сонымен бірге оқытудың әр кезеңінде өзінің маңыздылығын жоймақ емес. Білім беру ұйымдарында оқушылар мен мұғалімдердің бірлесе атқаратын жұмыстарына стратегиялық тұрғыда көмектеседі деп ойладым. Сенім дегеніміз жасалатын істің жартысы. Қанша қатер төніп тұрса да өзінің батыл-бытыл ойларымен ықпал ету мақсатқа жетуге жетелейді. Сенімділік- адамның бойынан табылатын тамаша қасиеттерінің бірі. Сенім- адамның белгігі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі.
2-бөлім.Тренингтің сипаттамасы:
Ең алдымен кабинетті түгелдей дайындап,тренинг өткізуге қолайлы ахуал туғыздым. Барлық әріптестерді ортаға дөңгелетіп тұрғызып,сергіту сәтін ұйымдастырдым. Оқу жылының аяқталуы, оқушыларының жетістіктерімен құттықтай отырып, ортаға кәмпиттерден шашу шашылады. Кәмпиттердің түріне қарай топтасқан әріпестеріме бір-бірлерінің ең ұнамды бір жақсы қасиетін айтып, мадақтауын сұрандым. Нәтижесінде топасқан жұптардың бір-бірлеріне жақындығы, сенімділігі арта бастады. Содан соң «Керемет» көңіл-күй тренингі ұйымдастырылды Тұзға қатысты мысалды айта отырып; әр топқа тұз, борды пайдалану арқылы ынтымақтастықтағы бірлесіп атқаратын тапсырма орындады. Соңынан әбден түсті бояуға езілген тұзды мөлдір ыдысқа салу арқылы және тұз астындағы қағазда жазылған «керемет» сөзін құрастыру арқылы топтық сенімділік ақуалы қалыптасты.
Р.Пажарестің «сенім-мақсат-шешім-іс-әрекет» бойынша түсінігін және жалпы сенімділікке жетелейтін мәліметтерді АКТ-ны пайдалану арқылы көрсеттім. Бірлескен топтық жұмыста оқытуды тереңдететін әртүрлі тапсырмаларды орындау барысында мұғалімдер ролдерді орындау арқылы өздерін оқушылардың орнына қойып көрді.Бұл тұста әріптестерім сабақты жоспарлағанда оқушылардың бастапқы сенімдерін, білімін, өзіндік ойын негізге ала отырып; өз пайымдауын жасауға қабілетті екенін түсінді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірше тұрғызуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. (МАН.29 бет).
Мен оқыту мен оқудың осы аспектісіне көңіл аударған себебім: неліктен біз оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз?; біз мұны қалай істейміз?; біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақтарға жауап іздегенде ең алдымен бізге сенімділікке негізделген тренингтің қажеттілігі байқалады. «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ҚР ББЖ ҚБАРИ Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курстарының тренері Жақсылықова Кенжегүл Зарлыханқызымен арнайы кездесіп тренингті қалай ұйымдастыруға болатынын ақылдасып барып
жоспарладым. Тренинг барысына қолданатын әдіс-тәсілдермен сергіту ойындарының барлығын біз деңгейлік курс (ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ ҚР ББЖ ҚБАРИ Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсы. Екінші негізгі деңгейі 2013жылы 23 наурыз-23 маусым; тренері: Жақсылықова Кенжегүл Зарлыханқы) оқып жүрген кезде меңгергендіктен жоспарлау барысында да; жоспарға сай өткізу кезінде де маған өте тиімді болды. Тренингті өткізуді маған сеніп тапсырғандықтан мен барынша сенімді ақтап, өзгерісті нық сеніммен өзімнен бастауды мақсат еттім және сол мақсатыма жеттім. «Өзіңді-өзің бағалай біл! Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді» деген ұранды басшылыққа алған мен педагогтардың имитациялық жаттығулар арқылы өз-өздеріне сенімділіктерін жоғарылатуларына жағдай жасадым. Тренинг соңында әрбір педагог өзіне сенімділікпен жоғары және тұрақты жұмыс жасайтын болады деп нәтижесін күттім.
Жалпы 38 мұғалім қатысқан тренинг 90 минутқа жоспарланды. Қатысқан мұғалімдердің 85 пайызы жастар болғандығы, 30 пайызы деңгейлік курстар бойынша білімдерін жетілдіргендігі тренинг мақсатының күтілетін нәтижесімен үйлесуіне негіз болды.
«Керемет көңіл-күй», «Ақ парақтың екі бөлігі», «Кім жылдам», «Жер сілкінісі», «Менің таңбам», «Май шам», «Сергіту сәті» атты жаттыулар арқылы мұғалімдер бүгінгі тренингтің түйінді идеяларын анықтап алды. Онда сенім болу үшін ең қажетті:
-
Кез-келген істі бастау үшін өзіңізге сенімділікпен кірісіңіз;
-
Іске кіріспес бұрын мақсат қойыңыз;
-
Биік деңгейде зейіннің тұрақтылығы;
-
Іс-әрекетті жоғары деңгейде ұйымдастыру;
-
Жоғары және тұрақты деңгейде жұмыс жасай білу; тағы басқа сенімділік сапаларын маңыздылығына қарай түзді. Ал енді іс-әрекетті жоғары деңгейде қалай ұйымдастыруға болады? — деген сауалға мұғалімдер бірауыздан АКТ-ны сауатты түрде қолданудың көптеген артықшылықтары бар екендіктерін ашып көрсетті.Міне, бұл мұғалімнің кәсіби дамуында ең алдымен ненің қажет екенін ашып айтуы бүгінгі тренингтің сәтті шыққан тұсы деп көрсетуге болады. Ал дене шынықтыру, АӘД пәндерінің мұғалімдерінің пікір айтудағы сөзге шорқақтығы, сұрақтарға жауап беруде көп уақытты алуы және егде жастағы бір-екі мұғалімнің ЖАДА кезінде өз мүмкіндіктерін жасыруы тренинг барысындағы сәтсіз шыққан тұстары деп қабылдадым.
3-бөлім. Кері байланыс:
Жалпы ұжым түгелдей қатысып, жаңалық күтіп отырғандықтан, барлығы да қызығушылық танытып, шынайы белсенділікпен жаңа қырларын көрсете білді.
тренингтен мен не үйрендім?Өзгенің орнына өзімді қоя отырып оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді қалай жеңуге болатынын ұғындым.
Бұл сабақты меңгеруде маған не кедергі болды? Ұйымдастырылған уақыттың оқу жылының соңына сәйкес келуі.
Бұл мен үшін неге қиын болды? АКТ туралы жинақтап дайындап келген мәліметтерді толық баяндай алмағаным.
Бұл қиыншылықтарды мен ненің көмегімен еңсердім немесе келешекте еңсере аламын? Тренинг барысында мұғалімдердің тапсырмаларды түрлі тәсілдермен орындауы және бір-бірлеріне ұқсамайтын, ерекше құнды пікірлерді сараптап, ойды іліп әкетіп талдауы менің кездескен қиыншылықтарды еңсеруіме көмектесті. Әлемдік кеңістіктегі үздік тәсілдері мен білім беру тәжірибиесі негізінде қатысушы мұғалімдердің берген ұсыныстары мен ескертулері менің өзіме деген сенімділігімді арттыруыма көмектесті десем артық айтқандық емес.
[bws_related_posts]