Басы » Баяндамалар » Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнін оқытуда жаңа ақпараттық инновациялық технологиялардықолданудың тиімділігі

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнін оқытуда жаңа ақпараттық инновациялық технологиялардықолданудың тиімділігі

gauhar«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнін оқытуда жаңа ақпараттық инновациялық технологиялардықолданудың тиімділігі

 Байжанова Гаухар Оспановна

Орталықазиялық техника- экономикалық

колледждің оқытушысы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру  жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби  шыңдауға  бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, еңбек нарығында қабілетті, білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделінеді» деп атап көрсетілген.

Белгілі бір маман иелерін дайындайтын, олардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамытатын, мамандығына деген ынтасын ашатын, жастардың іскерлік, бейімділік қабілетін қалыптастыратын, білікті маман иелерін дайындайтын орын- техникалық кәсіптік білім беру  мекемелері.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық- инновациялық дамуының негізі болуы тиіс». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Ең бірінші кезекте оқытушының «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.

Болашақ мамандарды кәсіби даярлауда жаңа  педагогикалық технологияларды қолдану- оқу орындарында әрбір оқытушыға қойылатын негізгі талаптардың бірі. Бұл талаптар білім сапасы қызметкерлеріне қазіргі кезде қоғамда болып жатқан әлеуметтік- экономикалық өзгерістерге сәйкес міндеттер мен мақсаттар жүктейді.

Жаға технологияларды меңгерудің қажетті шарттарының бірі – оқытушы өзінің кәсіптік білімін жетілдіру болып табылады. Инновациялық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсаты- білім алушылардың оқу материалдарын толық меңгеру үшін оларды тәжірибелік жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондыоқулықтар, тексеру бағдарламалары,  презентациялар секілді бағдарламалы өнімдер қызмет етеді.

Инновациялық технология – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс- тәсілдерін мен түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асырудың жолы. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу – оқытушының педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының жүргізілуі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген “Тілдерді қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында” тіл саясатын іске асырудың негізгі төрт бағыты айқындалған. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды.

Іс қағаздардың қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын ұғындыру, іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту, іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты ерекшеліктерімен таныстырылады.

Ортаазиялық техника- экономикалық колледжінде «Тіл мен әдебиет» пән бірлестігіне қарайтын пәндерді оқыту үрдісі  қазіргі заманның талабына сай жүргізіледі.

Бірлестікке қарасты оқытушылардың бәрі жаңа технологияларды меңгерген. Оқушының жақсы терең білім  алуына, тілді толық меңгеруіне толық жағдай жасалған. Бірлестікте жаңа технологиялармен жабдықталған бірнеше  дәрісханалар бар, олар Интернет жүйесіне қосылған,  сонымен қатар №104 дәрісханасына 15 ноутбук қойылған. Оқытушылар сабақта жаңа ақпараттық инновациялық технологияларды тиімді қолданады. Барлық  дәрісханаларда  негізінен қазақ тілі және ағылшын тілі сабақтары жүргізіледі.  Пәнді үйретуде жаңа тақырыптарды меңгерту барысында электронды үлестірме материалдар, пәнге  байланысты электронды оқулықтар пайдаланылады.

Біздің колледж негізінен техник- бағдарламашы мамандығын даярлайтын  болғандықтан, көптеген оқушылардың дипломдық жобалары әр-түрлі пәндер бойынша  электронды оқулықтар дайындауға арналған.Солардың бірі П4Д тобының оқушысы  С. Ким және пәноқытушысы Г. Байжанованың бірлесіп дайындаған «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»  пәніне арналған электронды оқулық. Оқулық 4 бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімде қазақ, орыс тілдерінде іс жүргізу негізінен теориялық бөлімі қамтылған.Екінші бөлімде  қазақ, орыс тілдерінде іс қағаздарының үлгілері берілген.Үшінші бөлімде қазақ, орыс тілдерінде бақылау жұмыстарының тапсырмалары берілген.Төртінші бөлімде қазақ, орыс тілдерінде тест жұмыстарының тапсырмалары берілген.

Сабақта бұл оқулықты пайдаланудың тиімділігі: оқушы өзбетімен  жұмыс жүргізеді, уақытын үнемдейді, білімін тест тапсырмалары арқылы өзі тексере алады, қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі пайда болады.Берілген сұрақтар  бойынша оқушылар өзара пікір алмастыра алады. Оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми мақсатын қалыптастырып, білім сапасын арттыруға көмектеседі. Оқытушы мен оқушының жұмысы жеңілденеді.   Дайындалған тест және бақылау жұмыстарының тапсырмалары бағдарламаға сай, оқушының жеке бас ерекшеліктерімен қоса, ой- өрісі, қызығушылығы ескеріле отырып,  бірнеше нұсқада, жеңілден күрделіге принциптерімен сатылап берілген.Білім алушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмалар қарастырылған,  өзіне тиісті бағытты  таңдауға жағдай туғызады.

Сонымен қатар, оқушылар компьютерді пайдалана отырып, суреттер бойынша мәтін құрастырып,   сөзжұмбақтар, кроссвордтар шешу мүмкіндіктері бар.

Сол сияқты сабақ кезінде тақырыптарға байланысты  оқушылардың мамандықтарымен тығыз байланыстара отырып,  түрлі іскерлік ойындар өткізіледі.

Бүгінгі таңда оқыту ісінде болып жатқан өзгерістерге орай алдыңғы қатарлы жаңашыл идеялар, сауатты жазылған әдістемелік құралдар мен оқулықтар оқытушының жаңа технологияны меңгеріп, оны өз іс- әрекетінінде тиімді пайдалануына мүмкіндік береді.

 

Пайдаланылхан әдебиеттер

  1. Н.Ә.Асқаров, Ж.Б.Нәлібаев, Б.Б.Белғара Іс қағардарын жүргізу негіздері- Астана. «Сага» баспасы, 2007ж
  2. С.Б.Бөрібаева Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу –Алматы. «Зият Пресс» баспасы, 2006ж.
  3. Байжанова Г.О, Маймакова Г.А. Іс жүргізу- Астана. «Фолиант» баспасы, 2007,2010ж.
  4. Б.Бөрібаев, Е.Қ.Балапанов; А.Е.Есжанов, Ғ.Б. Мамырбек Іс қағаздарының орысша- қазақша сөздігі. ЖШС РПБК «Дәуір» Алматы, 2006ж.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *