Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
«Сам орта мектебі»ММ
Чопанова Гүлжайнар Аскарбаевна
5 сынып Әдебиет пәнінен тест Ақырғы бәйге
- «Ақырғы бәйге» романының авторы
а) Ілияс Жансүгіров. ә) Сәкен Жүнісов. б) Қабдеш Жұмаділов
- Күреңбай ақсақал кәсібі
а) ат баптаушы. ә) атбегі. б) сыншы.
- Бәйгеге түскен Ақан сері атының аты.
а) Құлагер. ә) Құлайкөк. б) Буырыл
- Құлагермен бәйгеге түскен бала аты.
а) Қара бала. ә) Мөңке. б) Шашубай
- Күреңбай сыншының Құлагерге берген сипатын көрсет
а) Тізе соғар жылқы баласы әлі бұл өлкеде туған жоқ. ә) – Па, -па, біліп едім –ау, ерен туған ерекше мал екенін. – қанаты бар екен жануардың.Мынау жай мал емес, пырақ екен! б) Нағыз ауыздығымен құс тістеген жануар екен.
- Ақанның Құлагерді серік қылғанына неше жыл?
а) 10 жыл. ә) жуық арада. б) біраз жыл.
- Жазушының шығармасына арқау болған оқиға қай өңірде болған.
а) Оқиға Ереймен өңіріндегі ( қазіргі Ақмола облысы) атақты паң
Нұрмағанбет болыстың тоқсанға келіп өлген әкесі Сағынайға берген
асында болған. ә) Көкшетау өңірінде өткен.б) Көкөзек сайында.
- Құлагер неше жүйрікті артқа тастап Көкөзектің сайына құлдыраған еді.
а) Бес жүз ат. ә) төрт ат. б) Төрт жүз тоқсан тоғыз.
- Ат баптаушысы Ақанның Мөңкеге айтқан сөзі.
а) «Құлагерге қамшы сала көрме» ә) –Ал, қарағым, жолың болсын!
б) Бас бәйгеге ояздың медалі бар.
- Ат үстінде неше түрлі ойын көрсетіп, сырнай тартып, ән айтып
жүрген бала кім?
а) Жаршы. ә) Қошқарбайдың Шашубайы. б) Атбегі.