Қызылорда облысы
Шиелі ауданы
Балаби ауылы
№50 Абай атындағы орта мектеп
Орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі
«Жаңаша оқыту – жетістік көзі»
Мұғалім мамандығын таңдап еңбекетк еніме 18 жылболыпты.Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болғанеңбекжолындағыпедагогикалық ұстанымым – әроқушыныңбойынанжақсылық тауып,үнеміжаңалыққаұмтылып, бұлақтыңкөзінашуарқылыбиікмақсаттарғажетелеу.Болашақұрпаққа, ұлттыңзияткерұл-қыздарына әрбір пәнді өмірде қолдана білу, оны ары қарай жетілдіруді жүзегеасыратынбастытұлға – ұстаз.Халқымызәрқашандаұстазмәртебесінкөтеріп, аса жоғарықастерлеп, бағалаған. Ұлы Абай “Адамныңадамшылығыжақсыұстазданболады”, депайтқаныбелгілі.
Қазіргі таңда елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Осы бағытта Назарбаев зияткерлік мектептері мемлекетіміздің мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесінің негізгі қазығы болып отыр. Сол жаңа білім кеңістігін қалыптастыруда менің қосатын үлесім көп екенің түсініп, үш айлық курсты қалайда оқып, меңгеру керек деген ой келіп, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламасының Екінші деңгей курсына баруды ұйғардым, жолым болып ақпан айында Алматы қаласына оқуға аттандым. Әрине қобалжулар мен қорқыныштар болды, бірақ қазір барлығы артта қалды. Оған көмек болған Тренер Кульзада Саекқызы мен топтастарымның ынтымақтастықта, сенімді жұмыс істеу деп ойлаймын.
Білім беру саласында оқушылар үшін білім мен дағды тең дәрежеде ғана маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қана қоймай, оларды орынды жерде пайдалана білуіне басты назар аудару керектігін осы курс барысында меңгеріп, оны практикада пайдаланған кезде оқушылар ойының құндылығын ұқтым. Жеті модуль мәнмәтінінде Екінші деңгей бағдарламсының теориялық негіздері бойынша тұжырымдамалық түсінік қалыптастыра отырып, мұғалімдер арасында өз әріптестерімнің тәжірбиесін жетілдіру мақсатында коучинг өткіздім. Әріптестерімнің ойынан байқағаным, оларда Деңгейлік курсқа деген қызығушылық және әрбір оқушылардың жеке қажеттіліктерімен байланысты проблема мен оларды шешу жөнінде басқа мұғалімдермен ой бөлісіп, бір-бірін сыйлап, ынтымақтастықта жұмыс жасай білуі мені қатты қуантты.
Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану білім ортасын айтарлықтай кеңейтуге және танымдық іс-әрекеттерді арттыру үшін қосымша дидактикалық жағдайлар жасауға, оқыту процесіне қатынасын өзгертуге, өзін-өзі тану және өзін өзі-дамыту дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Медиатехнологиялардың даму жылдамдығын ескере отырып, білімнің жоғары деңгейге шығуы қоғам үшін де, қоғамның мүшесі болып саналатын оқушы үшін де аса маңызды болып келеді. Оқушыға жаңа білімді тиімді іс – әрекет, жаңа технологиялар, ақпараттық дүниемен қарым – қатынас жасау арқылы оңай меңгеру әдістерін дамытуға болады. Мұның бәрі ақпаратпен жұмыс жасау және оны байыпты ұғыну жолдарын іздеу, оған сыни тұрғысынан қарау, өз пікірін дәлелдей алу қабілетімен қатар шығармашылығын дамытуға бағыт береді.
Осылайша, оқушының шығармашылығын дамыту жолыноқушылардың ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп білемін.
Қорыта келгенде, Екінші деңгей бағдарламасы мектебіміздің шеңберінде немесе басқа кәсіби қызметте өткізілген тәжірбиелік зерттеу, ал бұндай зерттеулер мұғалімдер үшін өте маңызды, өйткені әрбір оқушының бойынан қандай да бір ерекшелік тауып оны ары қарай жетілдіру біздің басты мақсатымыз деп ойлаймын.