Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Киіз үй (Презентация)

Киіз үй (Презентация)

oteshБатыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектебіндегі орыс сыныптарындағы қазақ тілінен панорамалық сабақ

І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.А Утешева

 

Жаратылыстану-математика бағытындағы

10- сыныптың оқулығы бойынша жасалған

 «Туған өлке» модульдік-тақырыптар жоспары

 

Модуль саны

 

Тақырып-модуль Грамматика Сабақтың әдісі
1. Іле өзені Көмекші есімдер Модульдік технология
2. Іле өлкесі Көмекші етістік

 

Алгоритм
3. Киіз үй Нақ осы шақ

 

4. Киіз үйді тігу Өткен шақ

 

Деңгейлі оқыту
5. Ішкі жасау Келер шақ

 

6. Жұлдыздар Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

 

7. Шоқан Уалиханов Бірыңғай мүшенің тыныс белгісі

 

Іздену
8. Нәтиже сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  «Киіз үй»

                                                                             

Мақсаты:1.Білімділік:Қазақ халқының киіз үйі,оның тігілуі,оның жасауы туралы толықтай түсінік бере отырып ,оқулықта берілген  мәтіндердің   мазмұнын, берілген тапсырмаларды игерту арқылы сөздік қорды кеңейту, сөйлеу тілдерін  қалыптастыру , етістіктің шақтарын  қайталау.

  1. Дамытушылық:Ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру,

дүниетанымдарын кеңейту, топпен жұмыс, жеке жұмыс түрлеріне дағдыландыру. Пәнге  қызығушылықтарын арттыру.

3.Тәрбиелік: Қазақ халқының  салт – дәстүрлерін, қол — өнерін  дәріптей отырып, елжандылыққа тәрбиелеу.  Эстетикалық талғам  қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Қазақтардың көшпелі тұрмысына бейімделген киіз үйі құрылысын, олардың атауларын,ішкі жасауынан мәлімет беру;
  • Ш.Уәлихановтың «Ұлы жүз» туралы атты шығармасынан алынған «Киіз үй» мәтіні бойынша тапсырмаларды орындату;
  • Мәтінді пайдалана отырып,етістіктің шақтарын еске түсіру,пысықтау;
  • Этнограф –ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың «Жолайрықта» атты кітабынан алынған «Ішкі жасау» әңгімесі бойынша киіз үйдің ішкі жасауын суреттейтін мәтіннің мазмұнын түсіндіру;
  • Киіз үйдің жабдықтарына байланысты айтылған мақалдар мен қанатты сөздер,тұрақты сөз тіркестерін таныту;
  • Қазақ халқының салт -дәстүрін ,қол өнерін дәріптеу,оқушыларды қазақ халқының киелі киіз үйін қастерлеуге тәрбиелеу;

Әдісі: мұғалімнің сөзі,топпен жұмыс мәтінді талдау,мәтінмен жұмыс

Көрнекілігі: Киіз үй жабдығы (слайд), интерактивті тақтамен жұмыс, ? суретпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,тарих,этнография

Ұстанымы:  Ғылымилық, көрнекілік, қарапайымдылықтан күрделілікке.

Сабақ 5 дидактикалық кезеңнен тұрады.

1.Дидактикалық кезең -сабақтың тақырыбын, мақсатын , міндетін хабарлау.

Міндеті: Оқушыларды сабаққа дайындау және оқушылардың қызығушылығын туғызу.

2.Дидактикалық кезең – білімді актуалдандыру.

Міндеті: Бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру.

3.Дидактикалық кезең— мәтінмен жұмыс.

Міндеті: Мәтінмен жұмыс істеу,дағдыларын жетілдіру.

4.Дидактикалық кезең— рефлексия.Сурет бойынша әңгіме құрау.

Міндеті: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып,сөздік қорларын молайту.Жазбаша тілдерін жетілдіру.

  1. Дидактикалық кезең- Үй тапсырмасын түсіндіру.

Міндеті: «Мұражайда» деген тақырыпқа құрылған сөйлесуді жалғастыру.

 

І сабақ. Киіз үй.

Сабақтың барысы:

  1. Сыныпты ұйымдастыру.
  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру).
  3. Ережені еске түсіру. Етістіктің шақтары.

 

Нақ осы шақ Өткен шақ Келер шақ
отырмын

(жай түрі)

отырған жоқпын

жазып отырмын

(күрделі түрі)

жазып отырған жоқпын

отыр-ды-м

көр-ді-м

отыр-ма-ды-м

көр-ме-ді-м

отыр-ар-мын

көр-ер-мін

отыр-мас-пын

көр-мес-пін

 

Мәтінмен жұмыс. «Киіз үй» мәтінін мұғалім оқиды.

Мақсаты:Мәтіннің мазмұнын түсіндіру,оқушылардың мәтін бойынша білімдерін қалыптастыру.

1.Мәтін бойынша тапсырмалар.

Мақсаты:Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау арқылы мәтінді меңгерту,тілдік тапсырмаларды орындату:

А) Мәтіннің әр бөлігіне тақырып қою.

Ә) Интерактивті тақтамен жұмыс.Кестені толтырыңдар.

 

Киіз үйдің құрылымы

 

Не үшін қолданады? Киіз үйдің ерекшелігі

 

Б) Сөздерді ретімен орналастырып,сөйлем құраңдар.

Киіз үй бейімделген тұрмысқа көшпелі.

Қазақ халқы көшпелі халқы.

Үйдің керегесі уықтары болады шаңырағы киіз.

Дөңгелек ағашты атайды шаңырақ деп.

Тез жиналды киіз жазылады тез үй.

В) Мәтін бойынша осы шақ тұлғасында тұрған баяндауыштарды тауып көшіріңдер.

Г) Оқулықпен жұмыс.Мәтіннің мазмұны бойынша құрылған сөйлесуді,оқып ауызша баяндаңдар.

ІІ.  Сурет бойынша әңгіме құрау.

Бекіту бөлімі: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Үйге тапсырма: «Қазақтың киелі шаңырағы –киіз үй» деген тақырыпқа реферат дайындау.

Бағалау

ІІ сабақ.Киіз үйді тігу.

Сабақтың барысы:

  1. Сыныпты ұйымдастыру.
  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру).
  3. Ережені еске түсіру. Етістіктің шақтары.

 

Нақ осы шақ Өткен шақ Келер шақ
отырмын

(жай түрі)

отырған жоқпын

жазып отырмын

(күрделі түрі)

жазып отырған жоқпын

отыр-ды-м

көр-ді-м

отыр-ма-ды-м

көр-ме-ді-м

отыр-ар-мын

көр-ер-мін

отыр-мас-пын

көр-мес-пін

 

Мәтінмен жұмыс. Оқушы мәтінді оқиды.

Слайд жасау

Мұғалім мәтінге шолу жасайды.

  1. Тілдік тапсырмалар: І деңгей:
    • Мәтінді түсініп,мазмұнын айту;
    • Мәтіннің негізгі ойын анықтаңдар;
    • Мәтіннің жоспарын құрыңдар;

ІІ деңгейлі тапсырма:

  • Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар.
  • Берілген сөздерді сөз тұлғасына ажырату;
  • Синоним сөздерді аударыңдар

ІІІ деңгей тапсырмалары:

  • Мәтін бойынша киіз үй жабдықтарының атауларын жазу;
  • Киіз үй жабдықтарына байланысты мақалдар мен қанатты сөздер,тұрақты сөз тіркесін айту;
  • Киіз үй туралы өз ойың;

Бекіту бөлімі: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Үйге тапсырма: «Мұражайда» деген тақырыпқа құрылған сөйлесуді жалғастыру.

Бағалау.

ІІІ сабақ. Ішкі жасау.

Сабақтың барысы:

  1. Сыныпты ұйымдастыру.
  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру).
  3. Ережені еске түсіру. Етістіктің шақтары.

 

Нақ осы шақ Өткен шақ Келер шақ
отырмын

(жай түрі)

отырған жоқпын

жазып отырмын

(күрделі түрі)

жазып отырған жоқпын

 

отыр-ды-м

көр-ді-м

отыр-ма-ды-м

көр-ме-ді-м

отыр-ар-мын

көр-ер-мін

отыр-мас-пын

көр-мес-пін

 

1.Мәтінмен жұмыс:Слайд арқылы мәтінді түсіндіру.

2.Интерактивті тақтамен жұмыс:

Кесте толтыру.

 

Ішкі жасау Қызметі,ерекшеліктері
Әбдіре Көрпе жинайтын жиһаз

3.Сөйлемдерді көшіріп  жазып,баяндауыштың қай шақта тұрғанын  көрсетіңдер.

4.Сөйлемдерді көшіріп ,қарсылықты білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

5.Тіл ұстарту. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

6.Мақалдарды түсініп оқып,есте сақтаңдар.

Бекіту бөлімі: Өзіңді-өзің тексер.

                          Тест тапсырмаларын орындау.

Үйге тапсырма: «Біздің ауылда өткен — Наурыз тойы» атты тақырыпта шағын әңгіме жазу.

Бағалау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *