Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сөздердің байланысу түрлері

Сөздердің байланысу түрлері

Балқыбекова Ш.Ж.

Сабақтың тақырыбы Сөздердің байланысу түрлері
Сілтеме 7-сынып Қазақ тілі
Жалпы мақсаты Сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлерінің жасалу жолдарына түсінік бере отырып,бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру,ерекшеліктерін меңгерту.Сызба,кесте арқылы сөздердің байланысу түрлерін түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер Етістіктің байланысу түрлерін біледі, талдай алады.
Сабақ түрі Аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер Топтастыру стратегиясы (кластер қорғату) Блум таксономиясы
АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;

Керекті жабдықтар Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.

Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі
Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі
Оқу тапсырмалары
Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?) 5 минут Сөздердің қандай байланысу түрлері бар.
Қиысу дегеніміз не?
Қандай тәсілдер арқылы сөздер қиыса байланысады?
Қиысу қандай сөйлем мүшелерінің арасында болады?
Матасу дегеніміз не,матасудың байланысу түрі қандай?
Қиысу мен матасудағы жақтық байланыстың ерекшеліктері қандай?
Меңгерудің байланыс түрі қандай?
Қабысудың байланыс түрі қандай?
Жанасудың байланыс түрі қандай?
Жанасудың қабысудан ерекшелігі неде?
Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)
6 минут Кесте үлгісімен сөз тіркесінің байланысу түрлеріне мысал арқылы түсінік беріңдер.
Байланысу түрлері Байланысу жолдары.. Түсініктемесі.
Қиысу Жіктік жалғаулы байланыс Қиысу сөз байланысының бір түрі,әрі сөйлем болып саналады.Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы жақ жағынан байланыс.
Матасу Тәуелдік жалғаулы байланыс. Бағыныңғы сыңар ілік септік жалғауы,басыңғы сыңар тәуелдік жалғауы.
Меңгеру Сабақты,салт,етістікті байланыс Сөздердің барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі.
Қабысу Орны ауыстырылмайтын байланыс Сөздердің ешбір жалғаусыз,орын тәртібі жағынан қатар тұру арқылы байланысқан түрі.
Жанасу Үстеулі,шылаулы байланыс Сөздердің ешбір жалғаусыз,орын тәртібі жағынан үргелес түрып та,алшақ тұрып та байланысқан түрі.
Қолдану
(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау) 6 минут Берілген кестеге сөздердің байланысу түрлеріне мысал ойлап жаз.
Сөздердің байланысу түрлері Мысал
Қиысу Мен көрдім ұзын қайын құлағанын.(Абай)
Матасу Достық деген адамның көрігі екен,
Достық деген адамнын серігі екен.(Мұқағали)
Меңгеру Асқар белден күн нұры шашырады
Шашырап ол да көлге бас ұрады.(Мұқағали)
Қабысу Сұрғылт тұман дым бүркіп…(Абай)
Жанасу Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр.(М.Әуезов)
Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)
7 минут Сөздердің байланысу түрлерінен сөз тіркесін жаса
Тіркесу түрлері Мысал
Матасу тіркесін жаса Жемісі,озаты,малы,ағасы,кітабы,
Меңгеру тіркесін жаса Шығу,түсті,жазды,дайындалды,бару
Қабысу тіркесін жаса Айдын шалғар,асқар,көркейген,жиналған,кең пейілді,көк орай.

Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу) 10 минут Сөздерді байланысу тәсілдеріне қарай топта
Сөздердің байланысу түрлері Мысал
Қисыу Мен сөйлеймін.Біз жаздық.Айгүл күлді.Оқушылар келіпті.Ол сөйледі.Бізер қыдырдық.Сен келдің.
Матасу Сенің досың.Менің кітабым.Жасұланның анасы.Әжесінің немересі.Атамның ауылы.Теніздің жағасы.Сіздің оқушыныз.Көкемнін ақылы.
Меңгеру Кітапты алды.Үйге келді.Мектепте отырмын.Терезені сүртті.Әкеммен сөйлестім.Мектептен келдім.
Қабысу Үлкен терезе.Жиырма бес бала.Бұл үй.Жетінші сынып.Орындалған арман.Алтын сағат.Бақытты балалық шақ.
Жанасу Үйге қарай жүгірме.Әдейі келу.Қасақана айту.Шапшаң қимылдау.Көпір арқылы өту.Білу үшін оқу.Дереу жеткізу.
Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)
Кері байланыс

Үй тапсырмасы
«Топтастыру» стратегиясы бойынша сөздердің байланысу түрлерін көрсету.

Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *