Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
№2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бірінші деңгейді бітірген
Қарымбаева Нуржамал Амангелдіқызының
қысқа мерзімді коучинг жоспары мен есебі.
Дарынды және талантты оқушыларды оқытудағы бағалаудың маңызы
1 апта | Күні: 07.10.14 ж. | Сабақ №1 |
Сабақтың тақырыбы: | Дарынды және талантты оқушыларды оқытудағы бағалаудың маңызын арттыру. | |
Сабақтың
мақсаты: |
Оқыту үшін бағалауды іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау; өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға үйрету; критериалды бағалау арқылы тиімді бағалаудың қолжетімділігін түсінуі; | |
Күтілетін нәтиже: | Формативті бағалаудың мағынасын мұғалімдер ұғынады. Оқыту үшін бағалауды сабақ үдерісінде қалай ұтымды пайдалануға болатындығын қолдануды үйренеді.Жаңа әдістермен таныстыру мұғалімдерге өз тәжірибесінде сабақ барысында пайдалануы. | |
Сабақта қолданатын материалдар. | А-4 парақтары,стикер, интерактивтік тақта, маркер, сурет,қарындашдар. | |
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер. | ОүБ бағалау 1. Диалог
АКТ 2.Жеке жұмыс Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 3.Топтық жұмыс |
|
Тапсырмалар: | ой қозғау, стикерлер арқылы формативті бағалау,критериалды бағалау, «топтық жұмысқа» сыни баға беру, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия. |
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
І. Кезеңге бөлу | Коучердың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Амандасу.
Коучингтің тақырыбын жариялау. |
Амандасу.
Дарынды және талантты оқушыларды оқытудағы бағалаудың маңызы.
|
Амандасу. |
Топ ережесін құрастыру. | Бұгінгі коучинг сабағымыз қандай ережеде өткізгенімізді қалайсыңыз?
Сабақ қандай дәрежеде өтүі керек? |
Мұғалімдер өз ұсыныстарын айтады.
Қолмен көрмету. |
Поднятие настроения.(Өлең тыңдау.)
Жүптық жұмыс.
Қайсы жұптың тапсырмасы сізге ұнады? |
Көңіл көтеретін әнді ұсыну.
Әнді тыңдадық ал енді осы ән бойынша өздеріңіз қандай баға бере аласыздар?
Сізге осы жұптың тапсырмасы ұнады?
|
(әнді тыңдау.)
Стикерлер бойынша өздерінің фантазиясына байланысты заттар жасап көрсету керек. Мұғалімдердің өз ұсыныстары.
|
1.Психологиялық ахуал туғызу
|
Әр бір күніңіз шаттыққа толы болсын! |
Мұғалімдер өздерінің бүгінгі коучингтен не күтетіндерін стикерге жазып баяндайды.
|
|
Сергіту сәті «Шөжелер» | Сергіту сәтінде би билейді. |
Топтарға бөлу. | “ Шаттық, көңіл күй” деген сөздер арқылы екі топқа
бөлемін. |
“ Шаттық, көңіл күй” деген сөздер арқылы екі топқа мұғалімдер бөлінеді. |
Мұғалімдердің сыни ойлау қабілеттерін арттыру (5мин)
Қай топтың жауаптары қанағаттандырды? Қай мұғалімнің жануарды сипаттауы нақты болды. |
Сөйлеуге,ымдауға болмайды,тек сол заттың іс-әрекетін көрсету,сипаттау.
Осы критерийлер бойынша бағалауыңызды сұраймын: 1.Уақытты үнемді пайдалануы(жылдам болуы).
|
Қолданады, мазмұнды әңгіме құрастырады бағалау критерийлері арқылы бірін-бірі бағалайды.
1.Қасқырдың улауы
|
Мұғалімдердің бағалау мақсаты бойынша алдын-ала қалыптастырылған бағалауды үйренуіне ықпал ету (10мин) |
(Өзін- өзі бағалау).
|
Мұғалімдер өздерін сипаттайды.
Жазып болғаннан кейін парақтарын екіге бөліп араластырып таратып беріп оқыту,сол парақ кімге тиісті екенін білдіру. |
Бір-бірлеріне мінездеме беру арқылы сыни көзқарастарының қалыптасуына, логикалық ойлау қабілеттерінің артуына ықпал ету.
Бірін-бірі бағалауға және өздерін-өздері бағалауға үйрену (10мин) |
Психологиялық тест.
|
«Менің бойымдағы қасиет …»
Олай болса, өз-өзімізді бағалай білейік, құрметті әріптестер! |
Теориялық бөлім. Қорытындылау. (10 минут) |
|
Бағалау түрлерімен танысады, өздерін толғандырған сұрақтарды қояды, бір-бірімен пікір алмасады. |
Рефлексия (5мин) | Сабақтан алған әсерлеріңізді стикерге жазып қалдырыңыздар. | Рефлексия жазып қалдырады |
Коучинг сабағына жазылған рефлексия
07.10.14.
Коучинг сабағына қатысқан мұғалімдер:
- Батыраева Меруерт – физика пәнінің мұғалімі Шүленбаева Ғазиза – физика пәнінің мұғалімі Акперова Әмина – физика пәнінің мұғалімі Кошекова Бибігүл – физика пәнінің мұғалімі Ешенкүлова Айгүл – ағылшын тілі мұғалімі Бижигитова Нұргүл – физика пәнінің мұғалімі Мәуленова Балнұр – қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Коучинг сабағы амандасу мен бастап, коучингтің тақырыбын, мақсатын жариялап өттім. Топ ережесін құрастырдық. Одан кейін көңіл көтеретін ән ұсынылды (поднятия настроения). Жұптық тапсырма- көңіл күй көтерілді қандай баға бере аласыздар деген кезінде: мұғалімдер басбармақтарын төбеге көтерді. (Бағалау) «Әрбір күніңіз шаттыққа толы болсын» деген тақтада слайд көрсетілді. Мұғалімдер өздерінің бүгінгі коучингтен не күтетіндерін стикерге жазып баяндады.
Сергіу сәті кезінде мұғалімдердің барлығы жақсы билеп, әрекеттерін көрсетті. «Шаттық» және « көңіл күй» деген сөздер арқылы мұғалімдер 2 топқа бөлін
«Сен білесі бе?» — шарада ойыны ұсынылды. Бұл тапсырма логикалық ойлануға бағыттайды. Қай топтың жауаптары қанағаттандырды, қай мұғалімдердің жануарларды сипатттауы жақсы болды? деген кезінде мұғалімдер өз жауаптарын ұсынды. — Этика, эстетика жағынан қандай болды? Уақытты үнемі, тез пайдалануы қандай болды? Критерий бойынша бағаланды. Критерии тақтада жазылған еді.Тапсырма «Өзінің мінезін сипаттау» жеті мұғалімнің ішінде 4-еуі жаңадан келген мұғалімдер болғандықтан өздерін сипаттауға, мінездеме бере алған жоқ; Осы тапсырма арқылы мұғалімдер әр қайсысы өздерін бағалай алды. Постерлерді қорғау кезінде мұғалімдердің ойлары- 1) Ғазиза апай: Егер мектепте жас маман болатын болса, ол өзінен күн сияқты шуақ шашып тұру керек. 2) Меруерт апай: Сабақ көңілді болып жатыр. Мұғалім үнемі шуақты болу керек. Мұғалім шуақты болып тұрса, сабақ та көңілді болады. 3) Бибігүл апай: Біз бүгінгі ауа-райымын көңіл-күйімізді байланыстырдық. Яғни күн сәл бұлттанып, салқын болып тұр, бірақ басқаша салқын да емес, жылы да емес, жүруге ыңғайлы болып тұр. Яғни оқушы мектепке жоғары көңіл-күймен келе жатыр. Талдың жапырақтары енді-енді түіп келе жатыр. Мұғалімдер өзара бір-бірімен пікір алмасты, әдіс мұғалімдердің өз бетінше жұмыс жасауын,ойлау дағдыларын қалыптастыруға және ой қорытынды жасауға көп үлесін тигізді. Бұл әдістер менің коучинг сабағымда мұғалімдерді өз бетімен жұмыс жасауға бағыттады, жанадан келген мұғалімдер белсенді қатысып өз ойларын айта алғандары мені қуантты.Мен оқытушылардың сабақта нені үйренгенін, және неге түсінбегенін, сұрақтар қойып, оларға талдау жасадым.
Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, өздерін көмектесті сұрақтарын қояды және соған жауап алады. Мұғалімге бұл тиімді әдіс деп ойлаймын.