Басы » Кембридж бағдарламасы » Топтық жұмыстың тиімді әдістерін жүйелі жүргізудің ерекшелігін анықтау тақырыбында өткен сабақтың есебі:

Топтық жұмыстың тиімді әдістерін жүйелі жүргізудің ерекшелігін анықтау тақырыбында өткен сабақтың есебі:

IMG_1985   Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы

№2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бірінші деңгейді бітірген

Қарымбаева Нуржамал Амангелдіқызының

«Топтық  жұмыстың  тиімді әдістерін  жүйелі жүргізудің ерекшелігін анықтау» тақырыбында өткен сабақтың есебі:

 

Мен бұл сабақты өтпес бұрын тәлім беруші Нұржамал апаймен кездесіп, жалпы осы коуч сабақтарын қалай өткізу керектігін, оның ішінде мынадай сұрақтарға жауап алғанымды айтып кеткім келеді:

  • «Коуч» деген сөздің мағынасын түсіндім.
  • Жеті модульге түсініктеме алдым.
  • Қандай тақырып таңдау керек?
  • Ондағы мақсатым мен міндетіме жету үшін қандай тәсілдер пайдалануыма болады?
  • Қатысушылардың деңгейін қалай анықтауыма болады?

Осы кәсіби кездесуден кейін өзіме «Топтық  жұмыстың  тиімді әдістерін  жүйелі жүргізудің ерекшелігін анықтау» деп тақырып таңдадым. Мұндағы мақсатым мұғалімдердің өз сабақтарында топтық жұмысты тиімді пайдалануы, қолданылған әдістердің ерекшелігін анықтауы. Сабақ барысында мынадай мүмкіндіктерін жасауға тырыстым:

  • бір-бірінің пікірін тыңдау;
  • бірін -бірі сыйлау;
  • берілген тапсырманы нақты орындау;
  • бірігіп, белсенді жұмыс жасау;
  • бәсекелестікке қабілеті болу;

Сабағымның мақсатына жету үшін және қызығушылықты арттыру үшін мынадай әдістерді қолдандым:

  1. Сауалнама
  2. Ассоциация құру
  3. Топтық жұмыс
  4. Миға шабуыл
  5. Талқылау, талдау
  6. Кері байланыс

Сабақты «Коуч» сөзінің мағынасын түсіндіруден бастадым. Тақырыбын ашу үшін слайдта бейнелерді көрсетіп, түйін сөз тапқыздым. Ал проблеманы анықтау үшін сауалнама бердім. Сауалнама:

  1. Топтық жұмыс әдісімен таныссыз ба?
  2. Таныс болсаңыз оның қандай формаларын білесіз?
  3. АҚТ әдіс-тәсілдерін пайдаланып жүрсіз бе?
  4. Блум таксономиясын білесіз бе?
  5. Бағдаршам әдісімен таныссыз ба?
  6. Сұрақтар шеңбері әдісін білесіз бе?
  7. Топқа тапсырма беруде неге сүйенесіз?
  8. Топтық жұмыс әдісін қолдану сізге тиімді ме?

Мұғалімдерді «Джигсо» әдісімен топқа бөліп, сергіту жұмысын жасадым. «Миға шабуыл» әдісін пайдаланып «топтау» сөзіне ассоциация құрғызылды. Осыдан кейін топтық тапсырмалар таратылып І топқа – «Топтық жұмыстың тиімділі», ІІ топқа – «Топтық жұмыстың кемшілігі» деген тақырыптар ұсынылып, оны постерге бейнелеу арқылы әр топ өз тақырыбын қорғап шықты. Кері байланыс ретінде топ арасында жарыссөз бен пікір алмасу жүргізілді. Сабақты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен мұғалімдердің өз ой-пікірлерін жаздырып, тыңдаумен аяқтадым.

Мен бұл сабақта тек тапсырманы беріп жұмыс жасасам, ал мұғалімдер тапсырманы өздері шешіп, қандай да бір қорытындыға өздері жетіп отырды. Топтық тапсырмаларда мұғалімдерде  ортақ проблема болды, өз идеяларымен бөлісті, пікір алмасты. Ойларын талқылап, дәлелдеді. Әр топ бір-біріне сұрақ қоя білді. Топтасып бірлесіп жұмыс жасаудың арқасында, сол күнгі сабақтың мазмұнын терең түсініп, игеріп алды. Көптеген мағлұматтар, жаңа ұғымдар жинақтады.  Соңында ортақ шешімге келіп, келесі сабақта не үйренгіміз келетінін атап, тілектерін білдірді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *