Басы » Баяндамалар » ӘДЕТ – ҒҰРЫП, САЛТ – ДӘСТҮР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ

ӘДЕТ – ҒҰРЫП, САЛТ – ДӘСТҮР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ

ӘДЕТ – ҒҰРЫП, САЛТ – ДӘСТҮР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ

Төлегенова  Күляйхан  Рақымқызы

Ортаазиялық техника-экономикалық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің оқытушысы

Қазақ тілін орыс аудиториясында оқытудын басты мақсаты – білім алушыларды қазақша сөйлеуге үйрету, өз ойын басқаға түсіндіре алатындай дәрежеге жеткізу. Оқу орнын бітірген жас маман кейін еңбекке араласқан кезінде мемлекеттік мәртебе алған тілде сөйлей білуіне мүмкіндік жасау – әр оқытушының абыройлы міндеті. Елбасымыздың алға қойған мақсат – талабы үш тілдің тұғырлығы, яғни бұл- заман талабы. Сол себепті, барлық жастарға бірнеше тілді меңгерулеріне жол ашық екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Солай деп тұрсақ та, мемлекеттік мәртебелі қазақ тілінің алатын орны ерекше. Сондықтан пән оқытушылыры сабақты қызықты, оқушылар жалықпайтындай әр түрлі әдістерді қолдану шарт. Пәнді мазмұнды, қызғылықты өткізу үшін сабақта әр түрлі тапсырмалар берген жөн. Оларға қазақ халқының қонақжайлығы мен меймандостығын, қайырымдылығы мен еңбекқорлығын, даналығы мен ағаштан түйін түйетін шеберлігін, имандылығын студенттерге арналған жұмыс бағдармасында халық педагогикасының мұраларын жүзеге асырған жөн. Сабақ барысында қазақ халқының салт –дәстүрлерін, әдет –ғұрыптарын, үлгі-өнерлерін, қазақтың ырымдары мен тыйымдарын, кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау етемін. Қазақ халқы сөз қадірін терең білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, данышпандығын өленмең өрнектеп, мән-мағыналы сөздермен өсіп – өнген. Асыл сөз иелерінің аузынан щыққан осындай қастерлі сөздерді үлгі етіп, сабақта тәрбиелік мақсатта пайдаланудың берері көп. Ауыз әдебиетінің тағы бір бөлігі – жұмбақтар мен жаңылтпаштар. Әрине, бұлыардың да өзіне тән қиыншылықтары бар. Дегенмен, ізденушілер сабақта бірыңғай оқудан, жазудан жалықпас үшін ойын элементтерін қолдану қажет. Ойын олардың сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге, материалдарды толық меңгеруге көмектеседі. Осы тақырыптар негізінде сөздік жаттығу жұмыстары жүргізіліп, шағын мәтіндер орыс тіліне аударылады. Ойын эементтерін қолдана отырып, сөздік жаттау барысын тексеруге болады. Оқытушы орыс тіліндегі сөздерді оқып, студенттер қазақ тілінде аудармасын айтуы керек. Мысалы, пять-бес, вечер-кеш, пешком-баяу, мудрый-дана, мать-ана т.б. сөздер.

Ауыз әдебиетінің інжу-маржаны-шешендік сөздер. Бұл сөздердің де қаны мен жаны – төзімдік, мәрттік, кеңдік, адалдық, ақжүректік,қайырымдылық сияқты халықтық қасиеттер. Осы қастерлі мұра, даналық пен қара қылды қақ жарған әділдіктің айғағы шешендікпен айтылған билер сөзі әлі ұмытылған жоқ. Олай болса, қзақтың атақты, ғұлама билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би шешендік сөздерін студенттердін көкейіне қондыруға әр оқытушы үлкен мән беруі керек. Сонымен бірге, әр бидің сөздерін айтар кезде тегі, өмірі туралы мәлімет бере кету қажет. Мұндағы мақсат тағы да ауызекі сөзін жетілдіру, сонымен қатар қазақ халқының тарихынан мағлұматтар беру. Шешендік сөздермен мынандай үзінді келтірейік: Енді бір аңызда ауылында отырған Төле би мен Қазыбек би Әйтекеден:<<Жігіттің жақсысы қандай болады?>>- деп сұрыпты. Осы үзіндіні оқытып, орыс тіліне аудартып, Әйтеке бидің жауабына мұқият тоқталып талдап өтеміз. Әсіресе, бұл жерде қазақ халқының ер жігітіне тән қандай қасиетін бағалағандығын түсіндіреміз.

Орыс тілді дәрісханаларда ана тілімізді үйретуде осындай ұлттық озық салт-дәстүрлерді кеңінен пайдалану оқу барысында оңды ықпал етіп, шәкірттердің ынта-ықыласын арттырды, білімін көтереді. Орыс аудиториясында қазақ тілін үйрету пән мұғалімінен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сол себепті, студенттерді мұқият оқытып үйрету қажет.<<Оқымаған кісіде бір – өтпес балтада бір, онымен ағаш шабарсың-ау, бірақ оған қаншама күш-қуат, каншама уақыт жұмсауға тура келеді десеңізші!>> — деген ежелгі Египет нақылын әрқашан есте ұстаған абзал.

«Ұстаздық- ұлы  іс »,- деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық  болу – үлкен абырой, басты борыш. Мұғалім – мамандық  болса,  ұстаздық  қасиет, табиғат  дарытқан құдірет. « Дүниедегі ең шабан, ең жүйрік нәрсе -уақыт» деген сөздің  жаны бар. Олай дейтініміз, уақыт бірде орнынан тап жылжымай қалардай көрінсе, бірде қас-қағым сәтте өте шыққанын аңғармай да қаласың.  Уақыт, шіркін, көзді ашып-жұмғанша дегендей, ұстаздық еткеніме табандай қырық екі жыл болыпты. Міне, осы аралықта  көптеген  шәкірттерге білім беріп. тәрбиелеп шықтым. Қазақ   тілі мен қазақ әдебиеті пән  мұғалімі болу мен үшін үлкен мақтаныш әрі бақыт.  «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып»  жатқан шәкірттерді көргенде  өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше  қанағат сезімді байқайсың. Еліміз мәңгілік, тәуелсіздігіміз баянды болып, Қазақстан  Республмкасының Көк Байрағы желбірей берсін!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *