Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сан есімнен өткенді қайталау

Сан есімнен өткенді қайталау

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т. Еркінов атындағы орта мектебі

Құмарова Құралай  Тұрғалиқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау

Мақсаты:

А) Білімділік: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін практикалық,

жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы бекіту. Сан есім,

мағыналық түрлері, құрамына қарай бөлінуінен алған

білімдерін бақылау;

Ә) Дамытушылық: Сан есім, сан есімнің емлесі туралы білік дағдыларын

дамыту;

Тәрбиелік: Сан есімдерді жаттығу жұмысы кезінде, басқада уақыттарда

мағынасына, құрылысына қарай ажырата білуге тәрбиелеу;

Түрі: Қайталау, білімді бекіту;

Типі: Дәстүрлі емес;

Қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау;

Әдісі: Сұрақ – жауап, топтастыру, фонетикалық талдау, шығармашылық

жұмыс, семантикалық карта, сәйкестендіру тестісі;

Пәнаралық байланыс: Математика

Көрнекілігі: Оқулық, бор, тақта,сан есім туралы плакат, интерактивті тақта;

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын, оқу құралдарын тексеру, жаңа сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Жаңа сабақтың мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру.

ІІІ. Сыныптағы оқушылардың білімге құштарлығын арттыру мақсатында жақсы аура, көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру үшін  психологиялық тренинг жүргізу.

І. «Қызығушылықты ояту»

Көбейту кестесін кім жақсы білсе, бүгінгі сабақтың тірек сөзін, яғни тақырыбын табады.

  1. 8 х 10 = сексен
  2. 2 х 3 = алты
  3. 2 х 5 = он
  4. 5 х 10 = елу
  5. 9 х 10 = тоқсан
  6. 2 х 1 = екі
  7. 100 х 10 = мың

Шыққан сан есімдер мағынасына, құрамына қарай қандай сан есімдер?

с е к С е н
А л т ы
о Н

 

Е л у
т о қ С а н
е к І
М ы ң

Сонымен бүгінгі сабағымыз сан есім туралы болмақ.

ІІ. «Мағынаны тану» Оқулықпен жұмыс.

182 – жаттығу. Берілген сан есімдерден реттік, жинақтық, болжалдық сан есім жасап, сөзбен жазу.

Жеке оқушымен жұмыс.

183 – жаттығу.

Дара сан есімді бір оқушы, күрделі сан есімді бір оқушы бөліп жазу.

Сәйкесін тап!

Бір асым                                    тұз

Бір ұрттам                                 қамыр

Бір жайым                              сөз

Бір ауыз                                 су

Бір шымшым                         ет

Бір үзім                                  қазы

Бір елі                                     нан

«Қызықты сөздер» Тез тауып, ұйқасын айт.

К + 2 + Л =

К + 3=

Қ + 10 + АҚ =

КҮ + 1=

5 + ІК =

Өздерің қалаған бір сөзге дыбыстық талдау жасау.

Рефлексия. «Өзімді өзім сынаймын»

1.Сан есім дегеніміз не?

А) Заттың сынын білдіреді

Ә) Заттың сапасын білдіреді.

Б) Заттың санын білдіреді.

  1. Сан есімнің сұрақтары

А) кім, не

Ә) қандай, қай,

Б) қанша, неше

  1. Күрделі сан есімді көрсет.

А)мың;      ә) он бір;           б) тоғыз;

  1. Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да бір сан есім болады.

А) сексен;        Ә) қырық;                           Б) екі;

  1. Қосарланған сан есімді анықта.

А) он үш;                    Ә) жиырма бес;               Б) бес – бестен;

  1. Реттік сан есімнің жұрнағын тап.

А) – лап, — леп;                  Ә) –ншы, — нші;     Б) – дай, — дей;

  1. Жинақтық сан есім бола алатын қатарды көрсет.

А) 1,2,5,3,6;                А) 1,8,0,9, 11;                  Б) 6,9,12,20,0;

  1. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді.

А)  3;               Ә)  7;                             Б) 6;

  1. Болжалдық сан есім жасайтын сөздер.

А) жуық, тарта, таман; Ә)   шейін, дейін, кейін;   Б) мен, бен, пен;

  1. Болжалдық сан есім жасауға қатысатын жалғау түрі.

А) тәуелдік;                      Ә) жіктік;             Б) көптік;

Дұрыс жауаптары.

  1. Б;   Б;            3)Ә;          4)Ә;             5)Б;

6) Ә;                7) А              8) Б;           9) А;          10) Б;

Сергіту сәті.

  1. Мұз айдында жеті бала

Асыр сап жүр сырғанап,

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы баланың

Санын айтсаң, жарадың.

  1. Екі аяқ пен екі қол

Бір ауыз бен бір тілің

Нешеу болад, қане, бол,

Санап шығар кім бұрын?

  1. Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі

Тұр әлі де ілініп,

Тағы оның нешеуі?

ІІІ. Ой толғаныс.

Желтоқсан айында қандай атаулы күндер бар? Сан есімдер пайдаланып жазыңыздар.

Семантикалық кестемен жұмыс.

Сөздерден сан есімдер шығарыңдар Сандарды жазу Дара сан есім Күрделі сан есім
Түшкіру 3 +
Алтын жүзік 600 +
Жүзім біркелкі пісіпті. 101 +
Тоғызқұмалақ 9 +
Оның бесігі 15 +
Қырық жеті сиыр 47 +
Күшік тез жетілді 3 +
Қойды қырықтық 40 +
Тон сегіз еді. 18 +
Жеті жұрттың тілін біл 7 +

 

Сөз құрастыр.        «ы, қ, р, қ, ы»

Ол қандай сан есім?

Оған байланысты мақал – мәтел, сөз тіркесін айтып көріңдер.

Сабақты беркіту.

Білетінім. Білгенім. Білгім келеді.

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: 188-189 – жаттығу, Сан есімдерді қайталау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *