Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Ш.Т. Еркінов атындағы орта мектебі
Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға фонетика туралы түсінік беру, тіл дыбыстарының
адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру, жаттығу
жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту,
жан-жақты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тереңдету
фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту
3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге, ана тілді
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап,жаттығу,салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдпен сабақ кезеңдері
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті
Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
— Бүгін, оқушылар, күнделікті сабақтан гөрі ерекше сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
Өткен тақырыптарымыз бойынша берілген тапсырмалардың жауабын дәл тапсыңыздар, мына сөзжұмбақты шешеміз және бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбымен таныс боламыз.
- Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм)
- Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
- Айтылуы әр түрлі мағынасы бірдей сөздер (синоним)
- Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)
- Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)
- Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)
- Басқа тілден енген сөздер (кірме)
- Белгілі бір аймақтағана қолданылатын сөздер (диалект)
Э | в | Ф | е | м | и | з | м | ||
о | м | О | н | и | м | ||||
с | и | Н | о | н | и | м | |||
д | и | с | ф | Е | м | и | з | м | |
Т | а | б | у | ||||||
л | е | к | с | И | к | а | |||
К | і | р | м | е | |||||
д | и | А | л | е | к | т |
Ендеше, жаңа сабағымыздың тақырыбы – фонетика екен.
Фонетика термин сөз. Термин сөз дегеніміз не?
ІІ Мағынаны тану.
Фонетика-грек сөзі «дыбыс» деген мағынаны береді. Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Адамның тілі- дыбыстық тіл. Дыбыс болмаса тіл өмір сүре алмас еді. Сөз дыбыстардың тіркесінен құралады. Бір дыбыс бірнеше сөздің құрамында қолданыла береді.Ол үш түрлі сипатта болады.
Мысалы: МАЛ, ТАЛ, ҚАЛ Мұнда дыбыс саны бірдей, тек бір дыбыс өзгеше болғандықтан, сөздің мағынасы да өзгеше.
Екіншісі – сөздегі дыбыс санының әр түрлі болып келуі. БАЛА,АЛА,АЛ;
Үшінші – сөздегі дыбыстардың орын тәртібі.ТАС – САТ, ҚАС – САҚ, ҚАЛ – ЛАҚ;
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне:Өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын, тіл, тіс, таңдай, ерін жатады. Біздер бастауыш сыныптан білеміз дыбыс дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Сөздің буынға бөлінетінін де білеміз. Сонымен қатар, жазып келе жатқан сөзіміз сыймай қалса, оны келесі жолға тасымалдаймыз және оны тасымал деп атаймыз. Ендеше осы мәселелердің бәрін біз бүгін танысып отырған ғылым- фонетика қарастырады.
Жаңа тақырып бойынша топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
- «Кім жылдам?»
І топ. Ең аз және ең көп дыбыстан тұратын мал мен шөп атауын жазады.
Мысалы: Ши – адыраспан, лақ – қошақан.
ІІ топ. Ең аз және ең көп дыбыстан тұратын жер су атауын жазады.
Ойыл — қызылқоға
ІІІ топ. Ең аз және ең көп дыбыстан тұратын адам аттарын жазады.
Әли – Шамшырақ
- Оқулықпен жұмыс.
І топ. 233 – жаттығу. Берілген сөздердің дыбыстарын өзгертіп, мағынасындағы өзгерісті айту.
Сал – жал,тал,қал
Жат – сат, қат,бат, тат
ІІ топ. 234 – жаттығу. Берілген сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасындағы өзгерісті табу.
Ала, алау, алақан. Ат, ата, атақ, атаулы. У, уық, уылдырық. Ыс, ыссы, ыстықтау.Ас, аспа, аспалы,
ІІІ топ. 235- жаттығу Метаграммаларды шешіп, жауабын табады.
Тау, дау, ау. Бу, ну, у. Гүл, күл. Көл, шөл
- Шығармашылық жұмыс. «Кім жылдам?»
І топ. Берілген сөздерге тиісті дыбыстарды қойып, сол сөздерге синоним тауып жаз. Үл…ілі, пә…ер, мейі…імді, та…улық.
ІІ топ. Төмендегі дыбыстардан антоним сөз құраңдар.
А,л,ж,т,с,қ,н,б,і,е,о,р,и,к,ш,ө,м,ғ,ы.
Бар – жоқ, аш – тоқ, биік – аласа, жоғары – төмен.
ІІІ топ. Өз ойларыңнан метаграммалар құрастырып көріңдер.
ІІІ. Ой толғаныс.
Тіл туралы мақал жазып, мағынасын ашып түсіндіру.(бір – бірінің мақалын қайталамау керек.)
Сабақты бекіту.
Венн диаграммасы
Лексика Ортақ Фонетика
Үйге: 236 – жаттығу
Метаграммалар құрастырып келу