Басы » Кембридж бағдарламасы » Диалог арқылы сыни ойлауды дамыту

Диалог арқылы сыни ойлауды дамыту

  Коучинг-жоспар

12 Коуч :                                Алматы қаласы №2 ЖББМ

         қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі      Умбетова Жанат Кулпыбаевна

 

Сабақтың тақырыбы Диалог арқылы сыни ойлауды дамыту
Мақсаты Топпен жұмыс  жүргізе отырып,  өзара әрекеттестік арқылы ынтымақтастықта болуды үйренеді. Топтық әдіс  түрлерімен  танысады,  сыни  тұрғыда  ойлаудың мағынасын  ажыратады.  Мәселелерді бірлесіп  шешуге,  идеялармен  алмасуға және қорғауға үйренеді.  Ытымақтаса  жұмыс  істеуге  қалыптасады.
Күтілетін нәтиже  Табысты оқыту  үшін сыни ойлау мен ДО-дың маңызын түсінеді.
Негізгі ұғым СТО,  ДО, топтық жұмыс.
Қажетті заттар флипчарт, маркерлер, стикерлер (түрлі түсті), А-4 қағаздар, сергіту сәтіне арналған видеороликтер, мәтін жазылған парақшалар, күту ағашы т.б.

 

 

Сабақтың барысы
Сабақ этаптары Уақыт Коучингке қатысушылар мен коучтің  іс-әрекеті
Амандасу 2 мин Коучтің сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыруы
Сергіту

(Таныстырудың эмоционалдық жоғары дәрежеде өтуін қадағалау)

3-5 мин “Шоқ қыздар” биі

 

Топтарға бөліну     3 мин Түрлі түсті гүлдер мен жемістер арқылы бөлемін.
Қызығушылықты ояту       10 мин Раундробин әдісі ( өз идеяларын бір параққа жазып, бір парақ кана айналымда болады)

Бақыт деген не? ( сыни  ойлау  арқылы  өз  көзқарасын  білдіре  отырып, бүгінгі  сабақтың не  туралы  екенін  анықтауға  әрекет  жасау)

 

Рефлексия     10 мин Мұғалімдердің айтқан ойын жинақтап қорытындылау.  Бөлтірік шешен: «Бала деген артта қалған із емес пе, дәулет деген қолда ұстаған мұз емес пе, бақ деген аспанда ұшқан құс емес пе? Бұл өмірдің мәні – сіз бен біз емес пе?!» деген екен. Олай болса, бүгінгі коучингіміздің тақырыбына сай мақсатқа жету үшін сіз бен біз болып атсалысайық демекпін.
Мағынаны тану   8   мин «Болжау» стратегиясы «Көбелек» туралы слайд көрсете отырып мұғалімнің сыни ойлануына диалог арқылы әрекет етемін. Мұғалімдер болжау бойынша өз ойларын айтады. Соңынан өзім корытып отырамын.Слайд аяқталған соң негізгі идеясын ашып түсіндіруін сұраймын.
Топтық жұмыс    20 мин « Өмірдің мәні » атты топқа «Аялдама» стратегиясы  бойынша  мәтіндегі  ойды бөлікке  бөліп оқимын. Топ «Бірлескен оқу» әдісі бойынша топпен бірлесе отырып  бөліктегі ойға  байланысты   келесі  ой  қалай жалғасуы  мүмкін  екенін  ары  қарай болжайды, ұжымда талқылайды.
Ой толғаныс     10 мин Сабақтың басына қайта орала отырып, әр топқа өмірдің мәні деп түйген өздерінің тұжырымдарын постерге түсіруді тапсырамын. Топ бірлесе отырып өздерінің құнды ойларын жинақтайды.

Өмір сүру – диалогқа қатысу: сұрау, тыңдау, жауап беру, келісу т.б. Ал болу дегеніміз-дилаг арқылы қарым-қатынас құру ( ойларына ой қосамын, рефлексия жасаймын)

Рефлексия     10 мин «Галереяны  шарлау»  стратегиясы  бағалау  парағымен әр  топтың жұмысын өзара  бағалайды.

(не болмаса «Екі жұлдыз, бір тілек» айтып бағалау)

Сергіту сәті     5 мин Презентациялық әдемі көңіл-күй сыйлау (тілек сөздермен)
Кері байланыс      5 мин  Сіз үшін сабақттың құнды жәйттері қандай боллды?

Бүгін не нәрсе үйрендіңіз?

Сабақтың өту барысы бойынша пікірлеріңіз?

Мұғалімдер сабақтан аллған әсерлерімен бөліседі. Стикерге жазылған кері байланыстарын күту ағашына іледі. ( ауызша және жазбаша береді)

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *