№59 ЖББОМ
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Сейлбек Гүлзада Қуаныштайқызы
Сабақтың тақырыбы: Талғат Мұсабаев
Сабақтың мақсаты: Топтық жұмыс арқылы оқушылардың еліміздің ғарышкерлері туралы білімдерін толықтыру.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.
2.Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тіл дамыту,ой-өрістерін кеңейту.
- Туған елге,жерге сүйіспеншілік сезімін арттыру.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері Сұрақ-жауап, талдау,мәтінмен жұмыс, ауызша-жазбаша, диалог, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі Оқулық, интерактивтік тақта, бейнесуреттер (презентация), плакат.
Пәнаралық байланыс: Астраномия, география.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Әрбір адам — туысым, досым жұрағат,
Әрбір сабақ — үйрену, ұғу ұлағат.
Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық.
Оқушыларды топқа бөлу:
«Қызығушылығын ояту» Жұмбақ шешу
Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі)
- Ғарыш кемесінен 2мин. видео көріп сабақтың тақырыбын ашу.
— Осы бейнекөріністен не көрдіңдер?
— ғарыш кемесі, мемлекетіміздің туы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің суреті, Ата заңымыз бен ғарышкер Талғат Мұсабаев
— Талғат Мұсабаев туралы не білесіңдер?
— Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы. Авиация генерал-лейтенанты.
— Дұрыс айтасындар, біз ғарыш кемесін,ғарышкер Тоқтар Мұсабаев көрдік. Ендеше,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тоқтар Мұсабаев».Бүгінгі сабағымызда біз Т. Мұсабаев туралы мәтін оқимыз,тапсырмалар орындаймыз, жаңа мәліметтер аламыз,топпен тапсырмалар орындаймыз. Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді,сабақтың тақырыбын жазыңдар.
- Өткен сабаққа шолу.
— Балалар, өткен сабақта өткен алғашқы қазақ ғарышкер Тоқтар Әубәкіров туралы не білеміз?
Т. Әубәкіров 1946 ж маусымның 27 — де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 — май ұжымшарында дүниеге келген.
Ұлты қазақ. Білімі жоғары. техника ғылымдарының докторы, профессор. 1965 — 69 ж. Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштардың жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш — инженер.
1991ж қазанның 2 — де зерттеулік ғарышпен Александр Волков және Австралия ғарышкері Франц Фибон Союз ТМ — 13 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир»орбиталды кешенінде жұмыс істеді.
- Үй тасырмасын тексеру. Ақын — сазгер Серікбай Маханұлы
Тоқтар Әубәкіровке арнаған өлеңі.
5.Жаңа сабақ
5.1 Призентация бойынша Талғат Мұсабаевқа мағұлмат беру.
5.2 Сөздікпен жұмыс
армандаған —
көкке көтерілгенде —
жуық —
енген —
топырақ –
5.3 Сен білесің бе? ( Видео)
- Мәтінмен жұмыс.
Талғат Мұсабаев
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы авиация генерал-лейтенанты. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. Ата-анасы Талғаттың есімін, Талғат Бигелдинов сияқты болсын деп, ырымдап қойған екен. Талғат Мұсабаев 3 жасынан ұшқыш болуды армандаған.
1961 жылы 12 сәуірде Ю. Гагарин көкке көтерілгенде, достарының арасында тұрып, «Ол, ғарышкер Талғат Мұсабаев »- деп айғайлаған екен.
Ғарышкер өмірінің бір жылға жуығын, яғни 342 күнін ғарышта өткізген. Сонымен қатар ашық ғарышта ұзақ болған ғарышкер 30сағат 8 минут ұзақтығымен Гиннестің рекорттар кітабына енген.
Талғат Мұсабаев ғарышқа әр дайын Қазақстанның туы мен туған жердің топырағын бірге алып ұшады.
6.1 Оқушылар мәтінді оқу.
6.2 Жұппен жұмыс оқушылар мәтән бойынша бір-біріне сұрақтар қою.
6.3 Әр топтан бір оқушы мазмұнын айту.
- Талғат Мұсабаев класстер құру
- Венн диаграммасы: Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев салыстыру.
- Сұхбат сұрақ жазу плакатка топпен жұмыс
Ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамызға қандай сұрақ қояр едіңіздер?
— Оқушы сұрақтарын оқу. - Грамматикалық тапсырмалар. Топпен жұмыс
1-топ. Жыл сайын 12 сәуірде ғарышкерлер мейрамын барша Қазақстандықтар тойлайды.
2-топ. Талғат Мұсабаев — ашық ғарышта ұзақ болған ғарышкер.
3- топ. Талғат Мұсабаев өмірінің 342 күнін ғарышта өткізген.
10.1
1-ші топ Сөйлемдеріне синтаксистік талдау жасаңдар.
2-ші топ Сөйлемдеріне морфологиялық талдау жасаңдар
Семантикалық карта арқылы грматиканы бекіту
Семантикалық карта толтыру: /тақтаға сызылады немесе әрбір оқушыға сабақтың соңына 5 минут қалғанда таратылып беріледі.
Мысалдар | Өздік | өзгелік | Ырықсыз | ортақ |
Жазысты | + | |||
Сөйлесті | + | |||
Отырғызды | + | |||
Салдыр | + | |||
Үй тазаланды | + | |||
Сөз айтылды | + | |||
Көбейттір | + | |||
Оранды | + | |||
Таранды | + | |||
Жуынды | + |
Рефлексия.
-Сонымен ғарышкер болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуға тисті деп ойлайсыңдар?
— Ең алдымен өте күшті денсаулық, мықты төзімділік қажет. Олар математика, физика, астрономия сияқты көптеген ғылымдарды меңгерген жан-жақты білімді болу тиіс.
Дұрыс айтсыңдар, кез-келген адам ғарышкер бола амайды.
Енді сабағымызды тестік тапсырмамен білімізді тексеріп, қорытындылаймыз.
Тест
1. Ғарышқа ұшудың мақсаты не?
а) аспанды саяхаттап айналып келу
ә) аспанды зерттеп, оның жұмбақ, түсініксіз жақтарын білу
б) әр ғарышкер өзінің батыр, мықты екенін көрсету
2. Ғарыш алаңы қалай аталады?
а) Астана
ә) Байқоңыр
б) Арал
3. Тоқтар ағаның ізін басқан ғарышкер кім?
а) Талғат
ә) Гагарин
б) Фибон
4. Ғарышкерлер мейрамы қашан тойланады?
а) 22 наурыз
ә) 9 мамыр
б) 12 сәуір
5. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
а) 1962 жыл
ә) 1991 жыл
б) 1992 жыл
- Ортақ етіс жасайтын жұрнақты тап
а) –ыс, -іс, -с
б) – ыл, -іл, -л
в) –тыр, -ыр, -ір
- Ырықсыз етістерді тап.
а) ашылды, алынды
ә) ашты, оқыды
б) алысты, жазысты
- .Етіс нешеге бөлінеді?
а ) 2
ә ) 4
б ) 3
- Іс-әрекеттің орындаушысы бір адам емес, бірнеше адам, ортақтасып істейді.
а) ортақ етіс
ә ) ырықсыз етіс
б ) өзгелік етіс
- Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіреді.
а) ортақ етіс
ә ) ырықсыз етіс
б ) өзгелік етіс
Тест жауабы
1. ә) аспанды зерттеп, оның жұмбақ, түсініксіз жақтарын білу
2. ә) Байқоңыр
3. а) Талғат
4. б) 12 сәуір
5. ә) 1991 жыл
- а ) –ыс, -іс, -с
- а) ашылды, алынды
- ә ) 4
- а) ортақ етіс
- б ) өзгелік етіс
- Үйге тапсырма беру:
Ғарышкер болу үшін адам қандай болу керек? Эссе жазу.
ТЫҢДА ҚАЗАҒЫМ .
( Талғат Мұсабаевқа )
Байқоңыр тербетілді күліп бүгін ,
Ғарыштан қазағымның естіп үнін .
Сәлемін жеткізеді жер бетіне
Тоқтардың шәкірті боп Талғат інің .
Самғауға жек керек биіктерге ,
Үйткені шын берілді билік бізге .
Жолында бір Аллаға тәубе еттіп
Ұшырдық бата беріп ғарышкерге .
Әлпештеп талай елдің азаматын ,
Қазағым күтіп жүрді атар таңын .
Бұл күнде ұлдар туды айналайын
Әлемге батыр болып аталатын .
Тарихқа жалғасқанда ерлік сапар ,
Қыран боп , ер азамат мәңгі жасар .
Намысын қолдан бермей қазағымның
Елім деп , соқты жүрек – әнге қосар .
Көз тігіп жердің жүзі Күн көзіне ,
Қарайды қуанғаннан бір өзіне .
Жалауын бейбіт елдің желбіретіп
Оралғын кең жайлаудан жер бетіне .
Қазағым көңіліңді көтер енді ,
Тоз болып бөлінбегін жетер енді .
Ғарышта сұңқар болған ер Талғатым
Әлемнің жұлдызы боп – кетер енді .
ҚУАНҒЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ .
(Тоқтар Әубәкіровке)
Қуаныштан тербетіліп жүрегің ,
Көк жүзінің сұңқары боп түледің .
Кетті даңқың Қазақстан әлемге
Ғарышпенен тілдескенде түлегің .
Ұшқыр қанат «Союз ТМ – 13 қыйырға ,
Самғап ұшты мереке боп быйылға .
Мақтанайық ғарышкерім Тоқтарға
Аттанғанда алыс сапар қыйынға .
Алау күндер , қара түндер өзгерді ,
Жұлдыз ағып , көк аспаным тербелді .
Ардақ тұтып – мақтана бер ұлыңды
Қазақ елін танытатын «ер келді» .
Қазақпын деп тұңғыш ұлың ғарышқа ,
Теңдік алып , зырлап ұшты алысқа .
Қуаныңдар ер атанды Тоқтарың
Бейбітшілік туын қадап Марсқа .
Қазақ елім қандай бақыт таңдарың ,
Орындалды неше жылғы арманың .
Биисмиллаһи жар бола көр құдайым
Ата – баба әруағы — қолдағың .
Бабаларым аңсап еді бұл күнді ,
Бір өзіңнен аулақ еткей сұқ тілді .
Сапарыңнан аман – есен оралдың
Туған жердің топырағы сілкінді .
Дос болады сен арқылы бар әлем ,
Байқоңырдан жердің жүзі ал сәлем.
Қарқаралы – туған жерің жыр елі
Тоқтар болып шырқалады ән сенен .
ТЫҢДА ҚАЗАҒЫМ .
( Талғат Мұсабаевқа )
Байқоңыр тербетілді күліп бүгін ,
Ғарыштан қазағымның естіп үнін .
Сәлемін жеткізеді жер бетіне
Тоқтардың шәкірті боп Талғат інің .
Самғауға жек керек биіктерге ,
Үйткені шын берілді билік бізге .
Жолында бір Аллаға тәубе еттіп
Ұшырдық бата беріп ғарышкерге .
Әлпештеп талай елдің азаматын ,
Қазағым күтіп жүрді атар таңын .
Бұл күнде ұлдар туды айналайын
Әлемге батыр болып аталатын .
Тарихқа жалғасқанда ерлік сапар ,
Қыран боп , ер азамат мәңгі жасар .
Намысын қолдан бермей қазағымның
Елім деп , соқты жүрек – әнге қосар .
Көз тігіп жердің жүзі Күн көзіне ,
Қарайды қуанғаннан бір өзіне .
Жалауын бейбіт елдің желбіретіп
Оралғын кең жайлаудан жер бетіне .
Қазағым көңіліңді көтер енді ,
Тоз болып бөлінбегін жетер енді .
Ғарышта сұңқар болған ер Талғатым
Әлемнің жұлдызы боп – кетер енді .
КӨЗ КӨРГЕН БІРЕУЛЕР .
Бұлдыр сағым жарқ етіп жоқ болды ,
Көкірегім қызыл – ала шоқ болды .
Қапысызда жүрегімді жаралап
Енді қайдан іздеп табам доқтырды ? .
Дейтұғын біреулер бар арамызда ,
Бір сырды айтып едік ағамызға .
Өмірден орын тауып төрге шықты
Өлеңді шен сұрауға жазамыз ба ?
Біреу бар назбен күліп қарайтұғын ,
Көңілге жақсы ниет орайтұғын .
Қит етсе екі көзден жас парлатып
Ұялмай көрінгенді қапайтұғын .
Біреулер бар екеу болып күн көрер ,
Өмірінен ащы – тұщы үн берер .
Бар шындықты айналдырса теріске
Көре тұра не істемес өңгелер .
Өзгелерді сынайды кеп біреулер ,
Ағат кетсе мен емеспін біреу дер .
Көппен бірге өзіне сын айтылса
Мойын – желке тамырлары білеулер .
Ештемені ойламайды біреулер ,
Алтын көрсе мінездері өзгерер .
Шырын болып уландырған қу тілден
Жұмыр басқа мың пәлелі сөз келер .
Пысықтар бар бір күндігін ойланар ,
Сатылуға дайын тұрар бойдан ар .
Орның басқа пасық болған надандар
Адал жанға тыныш өмір орын бар .
Біреулер жүр қосыламай қатарға ,
Қастасқанын оғы болмай атарға .
Шын сыйлығын ақындардан сұрасаң
Ойға батар кешкі құрым жатарда ? !
106