Басы » География » Жергілікті жерді бағдарлау (Презентация)

Жергілікті жерді бағдарлау (Презентация)

azimutПавлодар қаласы,

№25 жалпы білім беретін орта мектеп

Тарих және география мұғалімі

Кырыкбаева Венера Кенесовна

Тақырыбы: Жергілікті жерді бағдарлау

Мақсат-міндеттер:

Білімділік:Оқушыларға жаңа оқу технологиялар көмегімен жергілікті жерде карта, компас, жергілікті нышандар және аспан денелері арқылы бағдарлануды және бағыт бұрыштары туралы ақпарат беріп, олар анықтауды үйретіп, қолданылуын көрсету. 

Дамытушылық: Оқушыны жайдан –күрделіге принципті белсенділігін арттыруға, өздігінен білім алуға, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалана білуге және сауалдың тапсырмадағы шешімін тез табуға дағдыландыру, бағдарлау туралы білімдерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, жұмыс даптері, компас, интерактивті тақта

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдістері: Проблемалық және шығармашылық әдіс

 

Сабақтың жоспары:


І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – Қызығушылықты ояту(5мин)

ІV кезең – сергіту сәті (4мин)

V кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (7 мин)

VІ кезең Үй тапсырмасы (3мин)

VІІ кезең бағалау кезеңі (2 мин)

VІІІ кезең қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Психологиялық ахуал тудырады: Шаттық шеңбері әдісі.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

Шаттық шеңберін  құру мақсатында шеңбер тұрып, психологиялық ахуал тудырады.  Сабаққа дайындалады .

ІІ Мұғалім өтетін сабақтың тақырыбын айтып,  сабақты жоспарлы түрде түсіндіреді.

1-слайд.

Бағдарлану  —  ол көкжиек тұстарына қатысты өз орнын табу, бағыт бұрыштарын анықтау және оны қозғалыс бағыты бойында ұстана білу.

Негізгі бағдарлану тәсілдері: Компас бойынша бағдарлану, Аспан денелеріне қарап бағдарлану, күн мен сағат бойынша бағдарлану, жергілікті белгілер бойынша бағдарлану

2-слайд.

Компаспен бағдарлану

Компас — жер бетін бағдарлауға, географиялық немесе магниттік меридианның бағытын анықтауға арналған аспап.

Кішкене дөңгелек қобдишаның ортасында орнатылған тік үшкір иненің үстіне қондырылған магнитті болат тілі болады. Тілдің бір жағы үнемі солтүстікті, екінші жағы оңтүстікті көрсетіп тұрады. Қобдишаның сыртқы дөңгелегі градустарға бөлінген (360°), көкжиек тұстары солтүстікті, шығысты, оңтүстікті, батысты көрсетеді (С. В. Ю. З.) әріптері жазылған.

3-слайд.

Бағыт бұрыштары

Азимут (арабша ас-сумут — жол, бағыт) — бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Ол меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен 0о-тан 360о-қа дейін өлшенеді. Бастапқы бағыттағы меридиан түріне байланысты географиялық (шын) азимут және магниттік азимут болып бөлінеді.

4-5-6- слайд. Тірек сызбалар арқылы түсіндіріледі.

7-слайд.

Сағатпен және күнмен бағдарлану.

Сағаттың көмегімен бағдарлану үшін, сағат тілі Күнге бағытталғандай қылып оны алақаныңызға қойыңыз, сағат тілімен бір саны арасындағы бұрышты (бұрыш бисектрисасын) тең бөліңіз —  бұл  сызық Солтүстік – Оңтүстік бағытын көрсетеді.

8-слайд. Тірек сызбалар арқылы түсіндіріледі.

Оқушылар жұмыс дәптерін алып, мұғалім айтқан мәліметті жазады.

Түсінбегендерін сұрақ қою арқылы біліп отырады.

 

 

 

ІІІ Ереже жазылған тапсырмаларды топтарға бөліп беремін.

1-топ. Ережені есіңе сақта!Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді. 9-слайд

Топтарға тапсырмаларды бөліп, тапсырмаларын беремін. 10-слайд

Транспортирді пайдаланып, суреттегі заттардың бағыттарын және азимуттарын анықта. 1-топ.

Сызба бойынша көкжиек тұстарының азимутын анықта: 2-топ

Мысалы Аº (СШ)=90º:2=45 º

  1. Аº (ОШ)=90º+?….
  2. Аº(ОБ) =180 º+?…
  3. Аº(СБ) =?-45 º=….
ІV Сергіту сәті 11-слайд

Тест, Quiz. Сыныпқа дауысталып оқылады.

Оқушылар «иа» немесе «жоқ» деп жауап береді.
V Қызығушылықты ояту.  12-слайд

Сұрақтарға жауап алғаннан кейін үнтаспадан Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы» атты шығармасынан үзінді тыңдатып, оқушыларға проблемалық сұрақ қоямын.

-Үсен көшті табу үшін, жергілікті жердің қандай белгілеріне сүйенді?

Case study- бағалау критериялары. 13-слайд

 

Оқушылар жауабы:

1.Малдың жас тезегін тауып алуы;

2.Молалы жерде ел болады;

3.Құс ұшқан жерде көл болады, көлді жерде ел болады.

Жарлы баласы Үсен өмірдегі өзінің тұрған орнын және жүру бағытын осы белгілерге сүйеніп анықтай білген.

Оқушылар топқа бөлініп

1 топ: Шығармашылық жұмыс (жергілікті жерде бағдарланудың  әдіс-тәсілдеріне ақпарат жинап, мақала жазу)

2 топ: Рөлдік ойын (оқушылардың бағдарлану икемділіктерін қалыптастыру үшін әр түрлі әдістер, ойын түрлерін құрастырып ұсыну.)

3 топ: Практикалық жұмыс (компасты қолдануды тәжірибе жүзінде көсету )14-слайд

Қорытынды ретінде топтар презентацияда жұмыстарын  қорғау.

Оқушылар топқа бөлініп, жергілікті жерде бағдарланудың  әдіс-тәсілдеріне ақпарат жинап, мақала жазады. Практикалық жұмысында оқушылардың бағдарлану икемділіктерін қалыптастыру үшін әр түрлі әдістер, ойын түрлерін құрастырып ұсынады.

Нәтижесін презентацияда қорғайды.

VІІ Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІІІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. Үзіліске шығады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *