Іле ауданы әкімінің «Балдаурен» балабақшасы
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ашық оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы «Қатынас»
Бөлімі: «Ағылшын тілі»
Топ: мектепалды даярлық «Жұлдыз» тобы
Тақырыбы: «Games with animals»
Ағылшын тілі оқытушысы:
Кудабаева М.Е.
Мақсаты: балаларға ағылшын тілін үйрету
Міндеттері:
1) білімділік:
— жануарлар туралы негізгі түсініктер беру
— ағылышн тілін түсінуге үйретуді жалғастыру, диалог құруды үйрету
2) дамытушылық:
— өткен тақырыптарды қайталау
— өткен лексикалық тақырыптарды, сөздерді және сөз тіркестерін қайталау
— ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру
— тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету
— есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.
3) тәрбиелілік:
— топта жұмыс істеуге үйрету
— қыз бен ұл балалардың бір-бірімен жұмыс істеу және сөйлесу мәдениетін қалыптастыру
— балалардың қызығушылығын және дүниетанымын дамыту
Технологиялық қамсыздандыру: мультимедиялық құрылғылар, планшеттер, ноутбук, смартборт, үлестірмелі құралдар, тақырыптық карточкалар, пішіндер, алфавит.
Оқу іс-әрекетінің негізгі лексикасы: animals, lion, tiger, camel,kangaroo,crocodile, elephant, giraffe, monkey,snake,zebra
Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, мультимедиялық бағдарламалар, онлайн ойын бағдарламалар
Қолданатын технологиялар: ИКТ (инновациялық-компьютерлік технологиялар), ойын технологиясы
Іс-әрекетінің сатылары
- Мотивациялық –оқутышылық
Teacher: Good morning, dear children, let’s say “hello” to our guests. Балалар “Hello,hello” әнін айтады.
Teacher: Children, what’s this? (Смартбортта зоопарктің суреті)
Children: Zoo
Teacher: Right, do you like zoo?
Children: Yes
- Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Teacher: So, then let’s go to the zoo. Ондай болса зоопаркқа барайық. Бірақ, бұл жәй ғана зоопаркқа қыдыру болмайды. Білесіндер ме, зоопарктағы жануарлардың барлығы дерлік ақылды және адам тілін түсінеді. Олар сендермен ойнағылары келгісі келіп тұр. Ойнаймыз ба? Let’s play?
Children: Yes
Teacher: Бірақ, зоопаркқа барар алдында, онда қандай жануарлар болатынын көрейік. (Смартбортта онлайн ойын ойнау арқылы жан-жануарлардың аттарын үйренеді (study-languages-online.com/ru/en/kids-lesson).
Негізгі лексиканы үйрену: animals,lion, tiger, camel,kangaroo,crocodile, elephant, giraffe, monkey,snake,zebra
Teacher: Ал, енді қаншалықты жақсы жаттағанымызды тексерейік. Take your tabs and let’s have a competition. (Балалар топтарға бөлініп, планшеттерде «Animals» тақырыбында ойын ойнады, сол арқылы жануарлардың аттарын қайталайды)
Teacher: Very good! Now, let’s go to the zoo!
(Смартбортта кенгурудың суреті) Kangaroo: Children, let’s sing a song!
(Балалар «Alphabet» өлеңін айтады)
Teacher: Look, what’s that?
(Смартбортта зебраның суреті) Zebra: Help me to find my friends!?
Teacher: Балалар zebraға көмектесеміз бе?
Children: Yes!
(Дидактикалық ойын «What’s this?». Балалар смартборттағы ширмамен жабылған жануарларды атайды)
Children: 1- elephant,2-bear,3-rabbit
(Смартбортта маймылдың суреті) Monkey: We are so hungry!
Teacher: Балалар, жануарларды тамақтандырайық!
(Дидактикалық ойын «Matching». Балалар жануарлар мен олардың азықтарын сәйкестендіреді)
Rabbit-carrot, bear-honey, fox-fish, monkey-banana
(Смартбортта қоянның суреті) Rabbit: Help me, please! My friend is ill.
(Смартборттағы анның суреті қандай пішіннен құралғанын және пішіндерді санайды)
Children: Circle-9, oval-1, triangle-1, square-1 (Shapes” тақырыбын қайталау)
Teacher: Қараңдар балалар біз емдеген жануар не екен?
Children: Bear
Teacher: Very good! We are so tired, let’s do an exercise. Көп қыдырдық, шаршадық, сергіту жаттығуын жасайық!
(Балалар өлеңге қосылып, “Head and shoulders” жаттығуын жасайды)
Teacher: Балалар, қараңдаршы бізбен тағы кім ойнағысы келіп тұр?
Children: Lion
Lion: And I want to play with you!
(Дидактикалық ойын«Magic pencil». Балалар смартборттың экранының сыртындағы жануарларды екі топқа бөледі. Magic pencil техникасы арқылы жабайы жануарларға тор салады. Соңында балалар жануарларды санайды)
3.Рефлекстік-түзету
Оқу іс-әректті қорытындылау.
Teacher: Балалар сендерге бүгінгі animaldarмен ойнаған ұнады ма?
Children: Yes
Teacher: Did you like our walking to the zoo? Let’s remember, what have we learnt today. Балалар сабақ барысында не өткенін естеріне түсіреді.
Teacher: Let’s say goodbye to our guests. Goodbye song.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек : new words of the theme
Болу керек: to understand questions and tasks
Үйрену керек: answer for the questions and repeat after teacher