Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Қазақстанға саяхат (саяхат – сайыс сабағы)

Қазақстанға саяхат (саяхат – сайыс сабағы)

Кдырова Гулбану Гинаятовна       

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанға саяхат (саяхат – сайыс сабағы)

Сабақтың мақсаты:

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыру. Қазақстан халықтарының ұлттық тілін дамыту, тілдердің үштұғырлығын іске асыруға ықпал жасау.

Оқушылар арасында қазақ тілінің қадір – қасиетін, тіл ұлттың мұрасы екенін ұғындырып, қазақ тілі бойынша алған білімдерін Отан, туған жер  ұғымдарымен ұштастырып, жан – жақты дамыған, көпмәдениетті құзіретті тұлға қалыптастыру.

Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: саяхат- сайыс сабағы.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, аударма,шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: ИТ, суреттер, дайындалған сұрақтар.

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, интерактивті тақта арқылы Қазақстан туралы видеоролик көрсетіледі.

ІІ. Сайыстық  жүргізілу барысы.

Оқытушы: Армысыздар,құрметті бүгінгі  ашық сынып сағатына қатысушы  студенттер мен оқытушылар! Өздеріңізге мәлім қараша айының 28-нен бастап колледжімізде қазақ(орыс) тілі мен әдебиеті пәні бойынша апталық өткізіліп жатыр. Осы апталық жоспары бойынша ШБ- 21, ПБ -12,ПБ — 22 топтарының арасында «Қазақстанға саяхат» атты саяхат – сабағына жиналып отырмыз. Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым, әр топта жоспар бойынша  өзіміздің мемлекетімізге байланысты тарауды оқып аяқтадық. Осы тарау бойынша алған білімдеріңді осы сайыс сабағында көрсетіңіздер.

Қатысушы топтар аудармашылар мен бастауыш мектеп бөлімінің студенттері. Сөз кезегін сайысты жүргізуші Гүлбаян мен Сымбатқа беремін.

І жүргізуші: Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті,болмысы. Халықтың тарихта қалуы – тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Халық үшін, тіл үшін болған күрестер – ата – баба мұраты, ол бүгінгі тарих беттерінде мәңгілік ұмытылмай сақталады. Бүгін біз Тәуелсіз Қазақстанның жігерлі жастары болсақ, ол – бабалар ерлігінің арқасында! Ендеше елімізді, тілімізді құрметтейік, достар! Бүгінгі сайыста сіздер тіл  бағытындағы білімдеріңізді төмендегі тапсырмалармен сабақтастыра пайымдайсыздар.

ІІ –жүргізуші:

Тауды биік деме сен

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты деме сен

Білімді болсаң жығарсың — дегендей бүгінгі « Қазақстанға саяхат» атты саяхат – сайыс сабағымызды бастайық. Бұл білім сайысына ШБ – 21 және ПБ – 22, ПБ -12 тобының оқушылары қатысқалы отыр.  «Жас қыран »,  «Отан»,  « Барыс » топтарымен  бірге көрсетілген  бекеттер бойымен елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, қалалары, табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

  1. О.Ж.Кереева

2.Л.Домбаева

3.А.П.Козыбакова

І – жүргіуші.

Енді сайыс сабағымызда берілетін тапсырмалармен таныс болайық.

  1. Таныстыру.
  2. «Өлең сөздің патшасы»  сайысы.
  3. Полиглот сайысы.
  4. Жұмбақ жылдар сайысы.
  5. «Дода» сайысы
  6. «Көршісін тап»  сайысы.
  7. «Өнерлі өрге жүзер» сайысы.
  8. «Хат қоржыны» сайысы
  9. Капитандар сайысы.

ІІ жүргізуші. Әрбір сайыста Қазақстан картасы бойынша қалаларға тоқтаймыз.Соңғы бекетіміз Астана қаласы.

Тапсырмалар:

  1. Сәлем – сөздің анасы дегендей кезекті топтардың сәлемдесуі таныстыру кезегіне сөз береміз! (топ басшылары өздерін және тобын таныстырады).

Біздің алғашқы саяхатымыз Ақтау қаласынан басталмақ.Ақтау қаласы Каспий теңізінің жағасында орналасқан жас, әдемі қала.

  • – топ. «Жас қыран»

2 – топ. «Отан»

3 – топ. «Барыс»

І – жүргізуші.

2.Тәңіріме бас иіп бағынамын,

Туған жерді аңсаймын сағынамын.

Туған жер деп соғады жүрегімде,

Басымды иіп өзіңе табынамын, — дей келе кезекті «Өлең сөздің  патшасы» атты мәнерлеп оқу сайысына береміз. (оқушылар Қазақстан, туған жер, тәуелсіздік тақырыбында өлеңдерді мәнерлеп оқиды).

Екінші қаламыз Атырау қаласы.Атырау қаласы Жайық өзенінің жағасында орналасқан.Атырау қаласы көне қалалардың бірі болып саналады.

ІІ – жүргізуші.

  1. Полиглот сайысы. (әр топ мүшелері берілген тапсырма бойынша үш тілде аударма жасау

керек).

Үшінші қаламыз Ақтөбе қаласы. Қазақ темір жолының Ақтөбе бөлімшесі орналасқан ірі станция, автомобиль және әуе жолдарының торабы.

1 – топ. Отан – отбасынан басталады.  (family)

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.(man)

Отан үшін отқа түс – күймейсің.(Motherland)

2 –топ.

У каждого суверенного государства(State)есть государственные символы. К ним относятся Флаг, Герб, Гимн (Flag,Emblem,Humn). Граждане РК,  живущие на территории Казахстана, должны уважать и почитать государственные символы (Statesymbols).

3 – топ.

Тәуелсіз Қазақстан(Indetendent Kazakhstan) айбары барша қазақстандықтар айбынына айналған. ҚР астанасы-Астана қаласы. Қай елдің болса да, астанасының аты оны мемлекеттік рәмізі сияқты. Астана-XXI ғасырдың қаласы. Астана-жас қала (Astana – is a yong city). Астана –бас қала.

Суверенный Казахстан буквально с первых шагов своей независимости основал новую столицу, и это стало реальностью. Астана- город XXI века. Астана- молодой город. Астана- главный город страны.

І – жүргізуші.

  1. Жұмбақ жылдар сайысы.(Әр топ студенттері интерактив тақтада өздеріне арнайы берілген жылдар бойынша елімізде болған елеулі оқиғаларды  атап өту керек).

Төртінші қаламыз Қызылорда қаласы. Қызылорда қаласы еліміздің екінші астанасы болған.Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі ірі қалалардың бірі.

1991 жылы16 желтоқсандареспубликамыз егемендік алды.

1992 жылықазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1993 жылыҰлттық теңгеге көшті.

1995 жылы  Қазақстан Республикасының  конституциясы қабылданды.

1995 жылы  қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өтті.

1992 жылы Мемлекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.

1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.

1998 жылхалық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

1998 жылы Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.

2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.

2002 жыл«Денсаулық жылы»деп белгіленді.

2006 жылы Қазақстанда Пушкин жылы, ал  Ресейде Абай жылы деп саналды.

2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.

2011 жылы Азияда олимпиадалық ойындары өткізілді.

ІІ – жүргізуші.

  1. «Дода» сайысы.(кестеде көрсетілген тақырып бойынша әрбір сандарды таңдайды.Сол

сандар бойынша сұрақтарға жауап береді.)

Бесінші қаламыз Шымкент қаласы. Қазақстанның оғтүстігіндегі тоғыз жолдың торабына орналасқан қала, облыс орталығы.

 

Қазақстанның қалалары 10 20 30 40
Қазақтың тұрмысы мен мәдениеті. 10 20 30 40
Қазақ өнері 10 20 30 40

 

 

Қазақстанның қалалары:

10 – Қазақстанның тұңғыш астанасы. (Орынбор)

20 – Мұнайлы қала. (Жаңа Өзен)

30 – Сан есім,зат есім сөздері біріккен қала атауы.(Екібастұз)

40 – Тарихи қалалар.(Түркістан, Отырар,Тараз)

Қазақтың тұрмысы мен мәдениеті.

10 – Ежелгі көшпенді халықтардың баспанасы. (киіз үй)

20 —  Киіз үйдің сүйектері.(кереге, уық, шаңырақ, босаға, адалбақан, табалдырық,маңдайша)

30  — сыйлық

40 —  Тұрмыс – салт жырларын ата. (бесік жыры,беташар,жар – жар,тойбастар,естірту)

Қазақ өнері.

10 — Ұлттық музыкалық аспаптардың түрі. (үрмелі, ұрмалы, шертпелі )

20 — Қолөнері кімнің кәсібі? (зергер)

30 – Алғаш театр қашан, қайда құрылды? (1926 жылы Қызылордада)

  • – Қазақтың батыры, әрі ақыны, күйші. (Махамбет Өтемісов)

І – жүргізуші.

  1. «Көршісін тап» сайысы. (әр топқа кезекпен – кезек мақал оқылады, сол мақалдың жалғасын табу керек).

Алтыншы қаламыз Тараз қаласы. Жамбыл облысының орталығы. Кеңестңк дәуірге дейін Әулиеата атанып келген қала 1938 жылдан бастап қазақтың халық  ақыны Жамбыл Жабаевтың құрметіне Жамбыл атанды.

Сары-ала қаз көлін аңсайды, … (Ер жігіт елін аңсайды).

Туған жерге … (туыңды  тік).

Ер – еліңде,..(гүл – жеріңде).

Ат айналып қазығын табар,…(ел айналып елін табар).

(Опасызда)   … Отан жоқ.

Өз елім — … (өлең төсегім).

Сағынған елін аңсайды, … (сарыала қаз көлін аңсайды).

Туған жердің … (күні де ыстық), түні де ыстық.

Әркімнің өз жері – … (Мысыр шаһары).

Өз елімнің басы болмасам да,… (сайының тасы болайын).

(Шетте жүрсең тарығарсың), …өз еліңді сағынарсың.

Ел-елдің бәрі жақсы,… (өз елің бәрінен жақсы).

Жат елдің жақсысы болғанша, … (өз еліңнің сақшысы бол).

Отанға опасыздық еткенің — … (өз түбіңе өзің жеткенің).

(Отансыздың) … оты жанбайды.

ІІ – жүргізуші.

  1. «Өнерлі өрге жүзер» сайысы.(әр топ өз өнерлерін ортаға көрсетеді).

Жетінші қаламыз оңтүстік астана – Алматы қаласы.Бұрын Алматы «Верный» деп аталып келді.Бүгінгі күні Алматы – ғылым мен өнер, өндіріс пен демалыс орталығы.

1 — топ.

  • — топ.
  • — топ.

І – жүргізуші.

  1. «Хат қоржыны» сайысы. (әр топ басшысы конверт ішінен қағазға аяқталмай жазылған хатты алып оқиды.Сол хатты аяқтауы тиіс).

Келесі тоқтайтын қаламыз – Қарағанды қаласы.Бұл қала өзінің тас көмірімен танымал.Қазіргі кезде Қарағанды қаласында ірі көмір бассейіні бар.

1 – топ.

Қымбатты досым!

Мен қазір Астана қаласына келдім. Маған қала өте ұнады.Мен болашақта …

 

2 – топ.

Құрметті Елбасы!

Мен Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студентімін.Болашақта мен …

 

3 – топ.

Қымбатты ұстазым…!

Менің арманым болашақта …

ІІ – жүргізуші.

Көз тіккен төрткүл  дүние алты алашы,

Бұл бүгін қазағымның бас қаласы.

Елордам халқым үшін ерен бөлек –

ТӘУЕЛСІЗ еліміздің Астанасы! – деп соңғы бекетіміз еліміздің астанасы Астана қаласына да келіп жеттік.

  1. Капитандар сайысы. (Әр топтың капитаны тақырып бойынша салынған суреттерін қорғауы керек.)

1997 жылдан бастап Ақмола қаласы еліміздің астанасы болып жарияланды. Астанамыз жылдан – жылға көркейіп келеді.Бүгінгі күні Астана үлкен құрылыс алаңына айналды.Астана тек қана Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар бүкіл Еуразия континентінің іскер және мәдени орталығына айналуда.

І – жүргізуші.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін  сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Бойларыңда  от  бар екен байқадым,

Жүректерде  шоқ  бар екен байқадым.

Әрқашанда  осы  шоқты  өшірмей

Жалындатып  шарықтаңдар  әрдайым.

Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң, бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін, дәл осылай барлығыңның

Тек қана биіктерден  көрінгенін, — деп бүгін  ойын-сайысымызды  аяқтаймыз.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *