«М.Бейсебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құрастырған қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі Б.Е.Баятанова
Дөңгелек үстелдің тақырыбы: Оқушылардың білім сапасын арттыруда оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілді қолданудың қажеттілігі
Дөңгелек үстелдің барысы:
Амандасу: Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңіздің қолдарыңызды алыңыздар. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.
«Табиғат мінезі» жаттығуы.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды — енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.
І бөлім
Жетек сұрақтар:
- Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қандай мақсатта пайдаланасыз?
- Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барасында, Сіз қандай өзгерістер енгізер едіңіз немесе енгіздіңіз?
- Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барасында сіздің рөліңіз қандай?
- Оқушылардың білім сапасын арттыруда оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ойыңыз?
- Жаңа әдіс-тәсілді сабақта пайдалану барасында оқушылардың бойында өзгерістерді байқадыңыз ба? Мысал келтіріңіз.
- Жаңа әдіс-тәіслдерді қолдану барысында рефлексияда оқушылар сабақтың тиімді немесе тиімсіз тұстарын еркін жазып көрсете алды ма?
- Дәстүрлі сабақтың артықшылығы мен кемшіліктері?
- Оқушыларға білім беруде дәстүрлі мен жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді жақтары қандай?
- Қазіргі таңда неге мұғалімдер оқыту үдерісін өзгертуге тиісті? Бұған не себеп болып отыр?
- Білім беру үдерісін қандай мақсатта өзгертіп отыр?
ІІ бөлім
Мұғалімдерге арналған тренинг
Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу
«Оның есесіне мен…» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
— Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ….. .
— Мен шаршадым, оның есесіне …… .
— Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне …. .
— Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне …. .
— Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне …. .
— Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне … .
— Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне … .
— Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне …. .
— Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ….. .
— Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне…… .
— Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне….. .
— Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне …. .
— Мен тым толықпын, оның есесіне…. .
— Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне … .
— Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне … .
— Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ….. .
Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!