Басы » Баяндамалар » Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі

Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі

                                                                 Каринбаева М.С. 

Талдықорған қаласы

 № 14 орта мектеп-гимназиясының

                                                                   бастауыш сынып мұғалімі

 

Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі

 

Құрметті ұстаздар! Қадірменді қауым, ата-аналар! Ұрпақ тәрбиесі  адамзат баласының асыл мұраты. Білім алды тәрбие деген  ұғымның мән-мағынасы өте жоғары екені баршаға белгілі. Бала тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше. Ата-бабаларымыз «Ұяда не көрсен, ұшқанда соны ілесің», «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер–деп, баланың әке–шешесінен тәлім-тәрбие, үлгі алып өсетінін баса айтқан. «Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай», шымшықтай қорғап, кәмелетке жеткенше көзден таса етпей өсірген .

Және де ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөліп, ата-ана, аға-іні, үлкен-кіші, туған-туыс,жамағат-жұрат қарым-қатынасы арқылы барлық ұрпақты үлкенге құрмет, кішіге ізетке тәрбиелеген. «Ұлға отыз,қызға қырық  үйден» тәрбие бер деп, айналадағы басқа  адамдардың  да ұрпақ тәрбиесіне әсері бар екенін  айтқан. Ал қазіргі заманда баланың әке-шешесі жұмыста болса, ол бала «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқтықтан, бос уақытын үйде  не басқа жерде, теледидардан зорлық пен зомбылық, анайы жыныстық қатынастарды көріп, өз білгенін жасауға мәжбүр. Мұғалім бала үйінде, ата-ана бала мектепте деп ұғынып, байланыстың жоқтығынан бала қараусыз қалып, жүгенсіз кетіп жатқан жайлар аз емес. Міне осындай жағдайды болдырмау, баланы үйде болмаса, басқа ұйымдасқан ортада тәрбиелеуге ұмтылу әрбір ата-ананың міндеті.

Бізде енді егеменді ел болған соң, әр ата-ана ұлттық тәрбиеге аса зор маңыз бергеніміз жөн. Егемендігіміз бар, қанымызда ата-баба рухы бар, мағынасы зор ауыз әдебиетіміз қағаз бетіне түскен халықпыз.

Еліміз өркендеп, алды –артымызды қарайтын жағдайға келгеннен кейін, жас ұрпақ тәрбиесіне басты назар аудармасақ, қоғамда үрдіс ала бастаған жағымсыз жайттарға тоқтау жасай алмай қалуымыз ықтимал. Олар: ата-ананы пір тұтпау, үлкенді сыйламау, аталы сөзді білмеу,сөз мағынасын түсінбеу,ата-тегін білмеу, жастар арасындағы  маскүнемдік, нашақорлық,некесіз, әкесіз бала көтеру, көкек ана атану, жезөкшелік, баланы тірі жетім  жасау, ажырасу, бұзақылық, тәртіпсіздік, қылмысқа бару сияқты келеңсіз жағдайлар. Осының бәрі бір күнәні не екенін білмеу деген ұғымға келіп тіреледі екен.

Бүгінгі күні

Заман өзгерді Ақпарат көп. Телевизор, интернет, аудио-видео аппараттар ұлт тәрбиесіне қайшы келетін ақпараттарды да беріп жатады. Жақсы мен жаманды айыруға, теріс әсер беретін үрдістер мен ақпаратқа ұстамды бала тәрбиелеу тек бір отбасы, немесе ұстаздың қолынан келуі неғайбыл. Жұмыла көтерген жүк жкңіл дейді ағайын. Ата-аналар бала тәрбиесін ұлттық рухты көтеру мағынасында жүргізсек, мәдени–этникалық құндылықтарымызды қолдансақ ұрпағымыз рухты болары сөзсіз. Ұлттық рухта тәрбиеленген бала,кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетіп, ар мен ұятты біліп ешқандай заң бұзушылыққа бармайды деп есептеймін.

Мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысқа келсек, әрбір мектептердегі ата-аналар комитеттерінің басты міндеті ата-аналар арасындағы байланысты жандандырудағы, ұлттық тәрбиедегі қозғаушы күшке айналса ғана нәтиже оңды болады деп түсінемін. Ата-аналар жиналысы – байланыстың басты түрі. Бірақ сол жиынға барлық ата-ана қатысыма? Бұл тұста жауапкершілігі төмен, жиынға келмейтін ата-анамен ата-ана комитеті мүшелері жұмыс жасау керек .Мұғаліммен байланыста болайын деген  ниет ата-аналардан шығуы тиіс.

Бала тәрбиесі тек отбасы мен мектептің ғана емес ,баршаның ісі болғанда ғана нәтиже оңды болады деп түсінемін. Бүкіл аға буынды тәрбие мәселесіне бет бұрғызған абзал. Алдағы кезде жөнді сөзді ұғынуға, аталы сөзге тоқтауды үйрету үлкендердің парызы деп ұққан жөн. Сондықтан жиындарда, бас қосуларда тәрбие мәселесі орын алғаны жөн деп ойлаймын. Әр баланы өз балам деп есептеп, қамқор болайық .

 

Әйтеке бабамыз айтқан екен:

Дәулетіңнің қадірін, Ұлың өскенде білерсің.

Абройыңның қадірін, Қызың өскенде білерсің.-деп.

 

Тәрбиелі ұл өсіріп дәулетіміз артсын,тәрбиелі қыз өсіріп абыройымыз ассын!

Ағайын.

Әрбір білім ошақтарының ата-ана комитеттерінің жұмысына табыс тілеймін.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *