Басы » Баяндамалар » Оқушылардың сабақта адамгершілік мәдениетін қалыптастыру ұғымының негіздері

Оқушылардың сабақта адамгершілік мәдениетін қалыптастыру ұғымының негіздері

Алматы облысы

Панфилов ауданы

«Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен »

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

тарих пәнінің  мұғалімі

Еселбаева А.Қ.

Оқушылардың   сабақта  адамгершілік  мәдениетін қалыптастыру

ұғымының негіздері

Егеменді еліміздің болашағы  жас жеткіншектердің  білім дәрежесінің   тереңдігімен  өлшенеді. Қазіргі заманғы  білім беру әлеуметтік  құрылымының  маңызды элементтерінің  біріне айналды.  Адамның жеке басын  қалыптастыру негізі  бастауышта қаланатыны бәрімізге  белгілі.  Бастауыш мектептен бастап  оқушыларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау адамгершілік қасиеттерін дарытып  Қазақстан Республикасының  азаматы деген атаққа лайық  болатындай  етіп тәрбиелеу-біздің міндетіміз болмақ.  Сондықтан да бастауыш мектептен  бастап оқушының  жан-жақты дамуына  басты назар аударылуы керек.

Оқушының  жан-жақты дамуына  бағыт-бағдар беруші-мұғалім. Тарих пәнінің  мемлекеттік стандартында  оқушыларды ғылымдар негізімен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажетті тәрбие беріп, оны тәжірибеде қолдана білу үшін  өздігінен жұмыс істеуге, адамгершілік мәдениетін  қалыптастыру  талап етіледі.

Ғалым педагог  Л.В. Званков «Оқыту-оқушының  жалпы рухани  дамуын  қамтамасыз етуі  қажет»-дейді.

Көрнекті психолог Л.С. Выготский : «Жақсы оқыту-баланың  дамуын ілгерілететін, дамудың алдында  жүретін оқыту»-деп тұжырымдайды. Ал, оқыту  мұғалім арқылы іске асатын прцесс болғандықтан   педагогтар мен ұстаздар қауымына  үлкен жауапкершілік жүктейді.

Қоғамның негізгі бағыты  білімді де  дарында  балалар даярлау болса, ал мектептің негізгі көкейтесті  мәселелерінің бірі  білім мен   қатар тәрбие  беру, яғни  адамгершілік тәрбиесін  қалыптастыру,  бастауыш сыныптан  бастап, жоғарғы  сыныптарда да  адамгершілік мәдениеті  жоғары деңгейдегі  оқушылар тәрбиелеу.  Жас ұрпақ бойына  батылдық,  әділдік,  мейірім мен қайырымдылық,  ізетттілік пен  қамқорлық   сезімдерін  сіңіруді  әр ұстаз, әр пәнде  сабақпен  ұштастыра  жүргізуі қажет.  Осы тақырып төңірегінде  көптеген  ғұлама  ғалымдар   пікірлерін айтып, зерттеулер жазған.  Адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың   тиімді  тәсілдеріне   ұлттық   педагогика    тәсілдеріне  ұлттық  педагогика  элементтері  де жатады.  Қазіргі таңдағы  қазақ педагогикасының   міндеті-адам бойындағы  жақсы қасиеттерді   жас ұрпаққа  үйрету,  ұлтжанды, отансүйгіштік,  әдептілік,  ар-намысы биік  оқушылар тәрбиелеу.

Жас бала-жас шыбық тәрізді қалай исең солай майысады.  Сондықтан да   білім негізі  бастауыш мектепте  қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен  бастап,  балаға тиісті көңіл бөлу  керек екенін  заман талабы,  тәрбие кепілі деп түсініміз керек.

Қазіргі қоғамдағы  әлеуметтік, психологиялық және рухани-адамгершілік  ахуалдың  оң өзгеріске  бет бұруы қуантарлық  жағдай.  Бүгінде Қазақстанның  білім беру   жүйесі дүниетанымдық  адасудан арылуда.

Егер сыныптарда  тарих пәнінде оқушылардың   адамгершілік мәдениетін  қалыптастыру әдіс-тәсілдері  тиімді қолданылса, онда тарих  пәні оқушылардың  адамгершілік мәдениетін  қалыптастырудың   бір құралына айналып,  дүниетанымдары кеңейгенімен  қатар ,  тәрбие    деңгейлері де  артар еді,  өйткені  тарих пәнінің  оқушылардың  адамгершілік мәдениетін  қалыптастыруда  мүмкіншілігі ерекше.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *