Динара Карикпаева
Сабақ | Сынып: «10»
Күні: 5 ақпан |
Сыныптағы оқушы саны: 21
Қатысқаны: |
||||
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар, Қазақ тілі, Алматы: Атамұра, 2011, ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. | |||||
Тақырып | Қазақстан мемлекеті. Оның құрылымы. Етістік (қорытынды бөлім) | |||||
Жалпы мақсаты: | Қазақстан құрылымы модулі бойынша алған білімдерін шыңдау, жүйелеу; ауызекі сөйлесуде, жазуда қолдануға тырысу; етістіктерді қолдана отырып сөйлем құрастыру; негізгі түйінді ойды таба алуға, оны қысқаша әңгімелей алуға тырысу; өмірдегі қолданысын түсіну. | |||||
Ресурстары: | Оқулық, интерактивті тақта, плакат, түрлі-түсті маркерлер. | |||||
Әдіс-тәсілдері: | Тәсілі: жекелей, жұптық, топтық,
сыныптық жұмыс. |
Әдісі: сұрақ-жауап, саралау, болжау, СТО элементтері, әңгімелеу | ||||
Оқу нәтижелері: | Қазақстан мемлекетінің құрылымы туралы білетін сөздері мен жаңа сөздермен толықтыра отырып сөйлесуге дағдыланады;
Мәтін құрауға, мазмұнын әңгімелеуге дағдыланады. Топпен жұмыс жасап үйренеді. |
|||||
Түйінді идеялар: | Қазақстан егеменді, құқылы, унитарлы, президенттік билеу формасымен, тәуелсіз мемлекет. | |||||
Дереккөздер: | Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер | |||||
Сабақ барысы: | Мұғалімнің іс-әрекеті: | Оқушының іс-әрекеті: | Бағалау | Модуль | ||
Ұйымдастыру кезеңі:
5 минут
Топқа бөлу Психологиялық ахуал
|
Психологиялық ахуал тудыру, топқа бөлу.
1991,1992,1993жылдардағы Қазақстандағы өткен өзгерістер бойынша топқа бөлінеді. «Хэлло, бонжур, здоровеньки булы!» Таңды түрлі амандасулармен бастауға болады. Әр оқушы өзінің оң не сол жағындағы көршісімен өзге тілде амандасады. Оқушылар шеңбер құрып тұрады, сонан соң көзбен контакт жасап, түрлі тілдерде амандасады. |
Өзі таңдап алған парақшадан қай жылғы оқиға екенін анықтап, сол топқа барып отырады
Берілген парақшадан өзге тілде амандасады. |
Дұрыстығын топ ішіндегілер анықтап, бағалайды | Бірін бірі бағалау | ||
Қорытынды сабақ:
5 минут
|
Сабақтың өту барысымен таныстыру. Сабақтың мақсат міндеттерін анықтау. | Тыңдайды, өздерінің көңілдерін сабаққа аударады | ОЖТ | |||
Мағынаны тани білу
25 минут |
І ойын «Бой сергіту» (6 мин) әр топқа үш сұрақтан, әр топқа үш сұрақтан қойылады. Ол жауап беру керек, ал жауап бере алмаса көрші топ жауап беріп ұпайды алады.
ІІ ойын «Бас қатырғылар» (үй жұмысы) (7 мин) топ ішінде берілген мәтінді оқып, қай облыс туралы айтылғанын анықтап берілген картадан сол облысты тауып, бояйды. Оны тақтаға шығып топ мүшелері қорғайды. ІІІ ойын «Түйіндеу» (5 мин) «Фишбоун» әдісі бойынша модульде өтілген тақырыптар бойынша постер жасайды, оны қорғайды. Әр топқа берілген сөздер қатарын бір сөзбен түйіндеу керек. ІV ойын «Көсемдікке ұмтылу» (4 мин) тестік тапсырма
|
Әр топтан бір адамнан кезекпен жауап береді (ұпай жинайды)
ІІойында Қазақстан мемлекетінің облыстары тақырыбында облысты картадан табу керек, әңгімелейді.
Топ ішінде бірігіп жұмыс істейді.
Тест сұрақтарына жазбаша әрбір оқушы жеке жауап береді.
|
Критерийлерді бірігіп қоямыз М: толық жауап «5», бір сөзбен жауап беру «4», көршісі жауап беруі «3»
Бірін бірі кілттер арқылы тексеріп, бағалайды. Бағалаушылар ортақ бағаны шығарады. |
Критериалды бағалау, АКТ, ДТО, СТО, ОЖТ | ||
Бағалу
7 минут |
+\-\? | + сабақтан алғаның
— сабақта ұнамады ? қызықты болды |
Ортақ бағалар | ОО и ОдО | ||
Оқуға арналған тапсырмалар
3 мин |
Үйге тапсырма: «ҚР рәміздері»; «Тұңғыш Елбасы»; «ҚР Ата заңы» тақырыбында презентация жасау | Күнделікке жазады (сұрақтары болса қояды) | ||||
Қорытынды кері байланыс |
1991 жыл:
- Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.
- Қазақстанның бірінші Президентін сайлады.
- Қазақстан тәуелсіз мемлекет.
- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
- Биыл біздің тәуелсіздігімізге 24 жыл.
- Алматы қаласында «Тәуелсіздік монументі» қойылған.
1992 жыл:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
- 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні.
- Қазақстан елінің рәміздері: ту, елтаңба, әнұран.
- ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды.
- 22 наурызды ресми түрде тойлады.
- Алматыда дүниежүзілік құрылтай өткізілді.
1993 жыл:
- 15 қарашада ұлттық теңге айналымға енді.
- ҚР бірінші Ата заңы қабылданды.
- Ақмола мұражайының ашылуына 70 жыл.
- Қазақстан мен Қырғызстан арасында ұлттық валюта сом туралы шарт жасалды.
- Қазақстан ядролық қарудан босатылған мемлекет екенін хабарлады.
- Қазақстанда үш партия жұмыс істей бастады.
Бой сергіту: (Сұрақ жауап)
- Қазақстан қандай ел? (Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет)
- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қашан сайланды? (ҚР Тұңғыш Президент 1991 жылы сайланды)
- Астананы қалай атайды? (Астананы «Бейбітшілік қаласы» деп атаған)
- Етістік деген не? (Заттың қимылын, іс әрекетін білдіретін сөздер)
- Етістіктің шақтары мен райларын ата! (Етістіктің шақтары: осы, келер, өткен шақтар, Райлары: ашық, бұйрық, шартты, қалау)
- Етістік құрамына қарай қандай болып бөлінеді? (Етістік құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді)
- Қазақстанда 1995 жылы 30 тамызда не қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда ҚР Ата Заңы қабылданды)
- 4 маусым қандай мейрам? (4 маусым мемлекеттік рәміздер күні)
- Әнұранның әнін жазған кім? (Әнұранның әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
«Бас қатырғылар»:
Мәтін (ШҚО, Қарағанды, Ақтөбе облыстары) на картада тауып , бояп, қорғау.
«Фишбоун» (балық сүйегі):
Үсті ҚР саяси, әкімшілік құрылымын көрсетсе, астында ҚР байлығы, ерекшелігіне тоқталу ұсынылады. Ал құйрығында қорытынды жасалады (ҚР болашағына байланысты жазуға болады (Қорғау).
«Түйіндеу»:
Ту, Елтаңба, Әнұран —
Қарағанды, Алматы, ШҚО —
Мәскеу, Лондон, Астана —
Құқық, міндет, бап —
Н.Назарбаев, В.Путин, И.Каримов —
Бала, ата, ана —
«Қазақстан барысы», «Мәңгілік ел» —
Ответы:
Ту, Елтаңба, Әнұран – рәміздер
Қарағанды, Алматы, ШҚО — облыстар
Сенат, Мажилис – парламент
Орынбор, Алматы, Астана – астаналар
Құқық, міндет, бап – Ата заңы
Н.Назарбаев – Елбасы
Бала, ата, ана – халық
«Қазақстан барысы», «Мәңгілік ел» — Жолдау
Тест: Етістік
- Күрделі етістікті табыңыз.
А) Жаз бойы. В) Ақ үй. С) Барып кел. Д) Көріпкел. Е) Алтыбақан.
- Болымды етістікті табыңыз.
А) Күлмеді. В) Жуынбады. С) Қуанбады. Д) Алды. Е) Жыламады.
- Негізгі етістікті табыңыз.
А) Барған. В) Айтар. С) Келмек. Д) Келер. Е) Кел.
- Осы шақтағы етістікті табыңыз.
А) Айтып кетті. В) Әкеле жатыр. С) Келді. Д) Сұрайды. Е) Барып келді.
- Қалау райлы етістікті табыңыз.
А) Еңбек етсем. В) Амандасайын. С) Айтқысы келген. Д) Тынығыңыз. Е) Жүдеп қалыпты.
- Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгілеңіз. Асық…, қи…, жағалас…, ұмыт…
А) –па,-ма,-па,-па В) –ба,-бе,-ма,-па С) –бе,-па,-ме,-ма Д) –ма,-па,-пе,-ме Е) –па,-ма,-па,-ме
- Түбір сөзді табыңыз.
А) Қоныстан. В) Қондыру. С) Қону. Д) Қон. Е) Қоныстану.
- Тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) Қуу. В) Жабық. С) Күл. Д) Түне. Е) Кірген.
- Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Жаз. В) Жүзеді. С) Ашады. Д) Жазба. Е) Оқыды.
- Шартты рай етістігін анықтаңыз.
А) Айтып келдім. В) Тыңдаса болды. С) Барғым келеді. Д) Біліп отырмыз. Е) Ойнап кел.
- Өткен шақтағы етістікті табыңыз.
А) Отырармын. В) Отырдым. С) Отырмассың. Д) Отырмын. Е) Отырарсың.
- Күрделі нақ осы шақ бар сөйлемді анықтаңыз.
А) Биыл көктем кеш келді. В) Қар еріп жатыр. С) Өзендерде мұз еріді.
Д) Өзен, көлдерден сең кетті. Е) Бүгін ауа – райы жақсы болды.
- Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) Келдім. В) Алдың. С) Отырмын. Д) Келемін. Е) Жүрді.
- Екінші жақтың көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз.
А) Жатырсың. В) Жатырсыз. С) Жатырмыз. Д) Жатырсыңдар. Е) Жатырмын.
- Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз.
А) Елпілде. В) Бағала. С) Қалашыл. Д) Тақ . Е) Есім.