«Қос-Қорған» жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі — Ш.Жаппаров
Білім берудің алтын ережелері
Мен — Оңтүстік Қазақстан облысы ,Түркістан ауданы , «Қос-Қорған» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жаппаров Шарипжан Рахимович , Шымкент қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті артыру институтында 2013жылы алғашқылырдан болып Кембридж деңгейлік курсына ІІІ деңгей бойынша оқуға бардым.Бұл жерде мені тренерім –Тұрсынбаев Абай ағай жылы жүзбен күтіп, білім берген болатын .Осы курста оқып келгеннен кейін мен бала тәрбиесі, білім беру үдерісі жайлы ойларым түбегейлі өзгерді .
Өмірде де , қызметте де табысқа жету үшін ең қажетті дағдыны , яғни қарым-қатынас дағдысын дамытуға көмектесу керектігін , яғни балаға көбірек өз ойын жеткізуге жағдай жаратып, мұрсат беруіміз керек екен . Жалпы ғалымдардың зерттеуі бойынша адамға берілген сұрақты, ол адам түсініп ,толыққанды жауап беремін дегенше , 7 секунд уақыт өтеді екен.Ал, біз мұғалімдер оқушыларға жауап берулеріне уақыт береміз бе , берсек -қанша уақыт береміз?
«Кез келген қиындықтар мен жетістіктер адамдармен қарым-қатынас жасау барысында туындайды »( В.Зеланд)
Оқушы сол жетістіктер мен қиындықтарды салыстыра отырып өзіне -өзі және басқаларға баға беретін болады,яғни әр бір сұраққа сыни тұрғыда ойланып жауап табады, өмірде өз білетіндерін функциональді түрде қолдануға дағдыланады.
Баланы бас алмай сынап- мінеуден аулақ болуымыз керек , неге дегенде бала да өсіп түрған жан ,барлық нәрсенің де өз шегі және мөлшері болады. Соны естен шығармай тәрбие үдерісінде балаға дұрыс қолдау көрсеткен жөн, сынап , оның әрбір ісінен мін таба бергеннен бала тұйықталып , адамдарға болған көз қарастары ауытқып кетуі мүмкін екенін естен шығармағанымыз дұрыс болар еді.
«Деструктивті сыншылдықтың зияны мен зардабы адамзат тарихындағы барлық соғыстар шығынынан да асып түседі»
Баланы өз алдына мақсат қоюға және жеке мүдделерін анықтауға және қорғауға үйретуіміз , яғни ашып айтқанда баланың таңдауын және оның қалауын дұрыс түсінуге , арманына жету үшін күресе білуге үйрету.Бұл дегеніміз ата-ана өз баласын қаншалықты жақсы көргенімен олар баласының жанында өмір бойы жүрмейді . Сондықтан баласын өмірге , қиыншылықтар бар екеніне , сол қиыншылықтардың артынан жеңіп шықса жетістік бар екеніне сендіріп тәрбиелеу керек екен.
Осы орайда Конфуцийдің : «Балаға балық ұстап берсең , бір рет жейді .Ал, сен оған қармақ беріп, балық аулауға үйретсең ,ол балықты өмір бойы жейтін болады»,- деген сөзі сай келеді .
«Өмір тым қысқа , ал бізге берілеген нәрсенің барлығы шектеулі , сондықтан өз уақытымызды дұрыс пайдалануымыз керек . Бұл үшін барлық ресурстарды (күш-жігер, уақыт, ақша , т.б) тиісті мақсатта қолданған жөн» (Д.В.Ковпак)
Жалпы мен үш айлық курста үйренген барлық әдіс –тәсілдерді қолдана келіп , бір нәрсеге көбірек тоқталуды орынды деп есептеймін . Оқушының білім сапасын арттыру үшін ең алдымен оқушының есте сақтау қабілеттеріне назар аударып отыру керек деп ойлаймын , неге десеңіз оқушыға бүгін жақсылап сабақ өтесіз , сол күні «беске» білген оқушыдан бір аптадан кейін сұрасаңыз ол оқушының есінде 10 пайызы қалған болады , сол он пайызы күндер өте келе жоғалып кетеді . Есте сақталмаған білім -ол білім емес , оны өмірде қолдана алмайды. Мені толғандырған осы бір кедергіні болдырмау жолын іздеген кезімде «Хадис» кітабынан жауап тапқан болатынмын , бұл жауап былай айтылған еді : «Білімнің апаты – есте сақтамау , немесе оны қызығушылығы жоқ біреуге үйретіп алтынға тең уақытыңды босқа өткізу».
Сол күннен бастап мен оқушының есте сақтауына өз сабақтарымда мән беріп отырдым және бұл іс-әрекетімнің жемісін көре бастадым .
Алдымен мен әр бір сабағыма жақсылап дайындалатын болдым , содан соң оқушылардың сол сабақта не үйренгені және сол тақырыпты оңай есте сақтауларына өз күшімді салып отырдым . Қарап отырсам бұл жұмысымнан өзім бір сүйсініп , бойымда құлшыныс пайда болғанын сездім . Кейде ойланып , осы үлгермеуші оқушылардың себебін анықтауға тырысамын , оның екі-ақ себебі барын көремін :
- Оқушының қызығушылығының жоқтығы
Бұған тікелей ата-ана себепші болады , олар өз перзенттерінің келешегімен қызықпайды , қала берсе мұғалімнің де оқушы мен жеке жұмыс істемегенінің салдары . Яғни , мұғалім оқушының қабілетін анықтап алып , сосын онымен жұмыс жүргізуі және қандай жұмысты қолға алудан алдын жоспарлап , психологпен бірге және ата-анамен бірге ақылдасып отырып жұмыс бастаса ған мұғалімнің жұмысында алға қарай жылжу болады
- Оқушының ден –саулығы және психикалық ауытқуы
Бұған мысал оқушының отбасыдағы жағдайы , қоршаған ортадағы жағдайы және достарымен қарым — қатынаста айқын білінеді. Бұған себеп бұл өмірде , мектепте , отбасыда оқушының дұрыс бағаланбауы .Тағыда бір атап өтетін жәйт балаға дұрыс қолдау көрсетпей ылғи оны тәрбиелеу-жазалау жолында болсақ үлкен қателікке жол қойған боламыз . Өзіңіз байқап көріңіз , өсімдікке су қажет екенін бәріміз білеміз , бірақ сол суды көбірек құйсақ қандай жағдай болады ? Балаға да кей кездері еркіндік беру керек деп ойлаймын . Бұдан еш қандай зиян көрмейтін шығармыз , бірақ барлық істі бастаудан алдын жақсылап ойлап алу керек.Ойлап істесең , ойыңдағы болады екен .
Барлық адамдарда мен бір нәрсені байқадым және оны зерттемек болдым . Іздендім , мені қызықтырған нәрсені зерттеген — Алан Пиз деген зерттеуші бір талай жұмыстар атқарған екен . Соның жұмыстары және мен өзімнің де зерттеулерімнен мыналарды айтпақшымын :
Ым –ишарат тілі
Бізге мәлім болғаны , адамдан –адамға жетіп келетін хабарлардың 55% ым-ишаратпен жеткізіледі екен . Интонация арқылы 38% болса , ал 7 ғана қарапайым сөздер арқылы жетеді екен .
Сіз қарасаңыз , бұл жоғарыда айтылған мағлуматтардың өзі біздің пікірімізді айқындатып, айрықшаландырып жібереді . Біз мектептерде шәкірттерімізге сабақ беру үдерісінде , егер барлық күшімізді іске салсақ 7% дық қана қуатқа ие болған сөз-сөйлемдер арқылы білім беруге әрекет етеді екенбіз ! Бұл жағдайды еш қандай сылтаумен ақтап болмайды . Ал, бұл үшін не істесек дұрыс болады? Егер бұл мақаланың басын мұқыят оқып ,есте сақтаған болсаңыз әрине 55% дық артықшылықты іске асыру керек деген сөзді айтасыз.
Мұғалім және ата-ананың ең басты міндеті- баланың бойында өзін- өзі құрметтеу сезімін және өзіне деген сенімділікті қалыптастыру болып саналады екен
«Сіздің балаңызға деген көзқарасыңыз оның өміріне үлкен әсерін тигізуі мүмкін.Басқаша айтқанда , егер сіз оның бойындағы дарынын байқасаңыз , оның өз-өзіне деген сенімін қалыптастырасыз .Ал егер мұндай көзқарасты балаларыңыздың бойында дамытсаңыз ол бүкіл әлемге осындай бағаға лайық екенін дәлелдеуге тырысады »
( Р.Киосаки)
Бұл пікірге толық қосыла келе , мен өз оқушыларымның қабілетін ашу барысында барлық тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану керектігін қосамын .
Халқымызда «Құс ұясында көргенін істейді » деген мақал бар және «Не ексең , соны орасың» деген мақал да бар .Бұл мақалдар бекерге айтылмаған . Оқу үдерісінде мұғалімнің көшбасшылығы — оқушыға бағыт-бағдар бере отырып , сол оқушының өзін де көшбасшылыққа дайындау.
Перзентіңізді Жаратқанның ең қымбат сыйы ретінде қадірлеңіз
«Ата- ана қызметінің басты міндеттерінің бірі баласын барынша жақсы көріп тәрбиелеу , сондай-ақ оның бойында өз-өзіне деген сенім мен құрмет сезімін қалыптастыру болып табылады. Егер сіз перзентіңіздің жеке тұлғасы мен дербестігін қадірлеп , оның бойына бүкіл әлеммен күш сынаса алатындай жігер дарытсаңыз, шын мәнінде ата-ана міндетін атқарған боласыз .Ал егер балаңызды тек материалдық тұрғыдан ғана қамтамасыз етіп , оны өзін-өзі бағаламайтын адам ретінде өсірсеңіз , онда өз рөліңізді дұрыс орындай алмағаныңыз »
(Брайан Трейси)
Жоғарыдағыларға қосатыным баланың білімін күнде тексеріп (ата-ана үйде, мектепте мұғалім) отырса бала соған дағдыланады . Білімнің негізі — есте сақтау болып табылады .Кейде біз — мұғалімдер қаншалақты жаңа технология элементтерінен және халықтық педагогикадан пайдалана отырып сабақтарымызды жан- жақты түрлендіріп өтсек те , бір аптадан кейін оқушының есінде ешнәрсе қалмайтын жағдайлар болып отырады, бұл — босқа уақыт өткізумен бірдей . Осыны болдырмау үшін мен өз шығармашылық тақырыбым — зерттеулерім бойынша оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып білім беремін ,яғни оқушының жадын тексеріп отыру керек .Сонда оқушылардың білім сапасының артқанын тек қана сіз емес ата-ана да , оқушылардың өздері де біліп өзіне деген сенімі арта түседі .
Осыған орай ата-ана немесе мұғалім-педагог болып біздің болашағымыз — балаларды дұрыс тәрбиелеу үшін әрбіріміз психолог болуымыз керек , сонымен бірге тәрбие үрдісін жаңа технология элменттерінен тиімді пайдаланып, жеті модульді сабақтарымызға кіріктірсек тәрбиеде де, сабақтарымызда да алға жылжу болады деп сенемін . Оқушыны ешқашан сен білмейсің деп бетін қайтармау керек . керісінше сен мына істі былай істесең жақсы болады немесе сенің қолыңнан бәрі келеді , сен осыған қатты қызығасың , алдағы уақытта сен үздіктер қатарында көрінесің деп баланы сендіре білуіміз керек .Балаға қашанда қолдау көрсетуіміз , оған дұрыс бағыт- бағдар беру үшін біз заман талабына сай күнделікті жаңалықтардан хабардар , ізденімпаз мұғалім болуымыз керек. Баланың қойған сұрағына жауап тауып айта білу керек , қазіргі жағдайда оқушылар интнрнеттен көп нәрсені біліп отырады , мұғалімнің дәстүрлі сабағы оған қызық емес , сондықтан сабақтарға оқушыларды қызықтыру үшін мұғалімнің ізденуін заман талап етеді . Ата-аналармен мұғалімдер арасында тығыз байланыс болуы , оқушының мінезіндегі өзгерістерді жылдам байқап, мұғалім ата-анамен немесе ата-ана мұғаліммен бірігіп жұмыс атқарып отырса, оқушы жаман жолға кірмейді , өз зманының Жеңімпаз тұлғасы ретінде қалыптасады .
Түркістан -2015