Басы » Бастауыш сыныптар » Ж.Жабаев.Менің өмірім

Ж.Жабаев.Менің өмірім

aqАлматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Азат орталау мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сатымбай Ақмарал Байдаулетқызытақырыбы:Ж.Жабаев.Менің өмірім

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Айтыскер акын Жамбылдың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда оқушыларға жан-жақты білім беру үшін ақынның туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегі туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін,ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, өз бетінше ізденуге дағдыландыру.

3) Адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету,

әдебиетті, өнерді сүюге баулу.

     Сабақтың типі: аралас сабақ

     Пәнаралық байланыс: тарих, өнер

Сабақтың көрнекілігі:

Ақын портреті, ақын өмірі туралы буклет, ол туралы естеліктер,  интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аударамын.

Психологиялық дайындық:

Туған тілім-бабам тілі- өз тілім!

Туған тілім- анам тілі- өз тілім!

Туған тілім- далам тілі-өз тілім!

 

2.Үй тапсырмасын сұрау

А.Жақсыбаевтың «Батырдың ұрпағы» мәтінінің мазмұнын сұрау.

3.Өткен сабақты пысықтау:

Мәтін бойынша сұрақтар қою:

Мәтінде қандай жер -су аттары бар?

Олжабай ұрпақтары неліктен аталарының заттарын музейге тапсырды деп ойлайсың?

4.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Ой шақыру:

а) Жамбыл туралы не білесіңдер?

ә)Төменгі сыныптарда қандай шығармаларымен таныс болдыңдар?

Жамбылдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалынды. Интерактивті тақтадан Жамбыл атаның өмірі мен шығармашылығы туралы таныстырып өту:

  1. Ақынның дүниеге келуі
  2. Жамбылдың ұстаздары және ақындық ортасы
  3. Ақын жырлаған тақырыптар
  4. Жамбылдың айтыскерлігі
  5. Отаншыл өлеңдері
  6. Соғыс жылдарындағы өлеңдері
  7. Дастандары

8.Жамбыл Жабаевтың музейіне шолу
5. Жаңа сабақ:

Ж.Жабаев 1846 жылы Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.Жамбыл- жырау, жыршы әрі айтыс ақыны. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастағын. Өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп өткен. Тіптен көршілес орыс және қырғыз еліне де даңқы жайылған.

Жамбылдың көптеген өлеңдері ағылшын, француз, испан, қытай тілдеріне аударылып таралды.

Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алады. Жамбыл – айтыстың асқан шебері.

Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Ақын шығармаларының толық жинақтары бірнеше рет басылып шыққан, ол туралы зерттеу кітаптары жазылған, кинофильмдер түсірілген. Жамбыл атымен облыс, елді мекендер, көшелер аталады. Ақынның туғанына жүз елу жыл толуын ЮНЕСКО-ның ұйғарымымен күллі Қазақстан жұртшылығы, бүкіл дүние жүзі үлкен мереке ретінде атап өтті.

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді тізбектей оқытып шығу

Сөздік жұмысын жүргізу

Жарапазан-ораза айында үй аралап жүріп айтылатын өлең

Әуес-әр нәрсеге үйір,құштар

“Жыр алыбы – Жамбыл”

6.Сабақты бекіту.

Жамбыл өз туған жерін қалай сипаттайды?

Ақынның өз әкесін «көшпенді кедей болған дегенін қалай түсінесің?

Жамбылдың басқа балалардан ерекшелігі неде?

Оның атақты ақын болуына әсер еткен оқиғаны әңгімеле.

7.Сабақты қорыту:

«Бес жолды өлең» стратегиясы

Жамбыл

Дарынды,өнерлі

Өлең жазды, айтысты

Жамбыл- айтыстың асқан шебері

Айтыскер ақын

 

   Үйге тапсырма:»Менің өмірім» мәтінін түсініп оқу

Ж.Жабаевтың бір өлеңін жаттау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *